қар
-
-
Кеше елімізде 29 адам мен 10 техника қар құрсауынан шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 8 ақпанында Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының облыстық және республикалық маңызы бар автожолдарда қар құрсауынан 29 адам құтқарылды, 10 жеңіл және жүк автомашинасы мен автобус шығарылды.
09.02.2021
-
Қарағанды облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше сағат 10:37-де Қарқаралы ауданында «Қарағанды - Аягөз-Бұғаз» автожолында рульді басқара алмаған автокөлік жүргізушісі кюветке шығып, кейіннен бүйіріне аударылып кетті.
08.02.2021
-
Солтүстік Қазақстанда қар құрсауында қалған 60 адам құтқарылды
Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстан облысында қалың тұман түсіп, көктайғақ пен боранға байланысты республикалық маңызы бар бірқатар жолдар жабылды. Бірақ Төтенше жағдай департаменті қызметкерлерінің ескертуіне қарамастан, сапарға шыққан жолаушылар аз болған жоқ.
08.02.2021
-
Қар құрсауынан 72 адам құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 ақпандағы демалыс күні Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы облыстық және республикалық маңызы бар автожолдарда қар құрсауынан 72 адам құтқарылып, 27 жеңіл автокөлік шығарылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
08.02.2021
-
Павлодар облысында 28 елді мекенді су басуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында биыл қар қалың түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».
08.02.2021
-
АҚШ-та соңғы 5 жылда болмаған қар түсіп, төрт адам қаза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та соңғы бес жылда болмаған қар түсіп, оның құрсауында қалған төрт адам қаза тапты, деп жазды mir24.tv.
06.02.2021
-
Алматы облысында қар құрсауынан 9 адам құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кезекті авариялық-құтқару жұмыстары «Үшарал-Достық» автожолының 95 шақырымында жүргізілді. Онда 5 жүк көлігінен 9 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.
01.02.2021
-
Түркістан облысында 30 жолаушы құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының Кентау, Қазығұрт, Төлеби, Бәйдібек аймақтарында ауа-райының күрт өзгеріп, қалың қар мен желдің күшеюінен облыстық маңызы бар автомобиль жолдары жабылған.
29.01.2021
-
Қар құрсауында қалған ауыл тұрғындарына көмек көрсетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында Кенді тауының арасында орналасқан Ащысай ауылына баратын жолдар уақытша жабулы.
28.01.2021
-
Елордада өткен түні 7 мың текше метрге жуық қар шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда қар жинау жұмыстары екі ауысымда жүргізіледі. Коммуналдық қызметтер әсіресе кешкі және түнгі уақытта қарқынды жұмыс істейді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
25.01.2021
-
ТЖМ: Қар құрсауынан 64 адам құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Демалыс күндері республика бойынша қар құрсауынан 64 адам құтқарылды және 37 бірлік техника эвакуацияланды.
25.01.2021
-
Түркістан әкімі жерлестерінің ренішіне жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов өзінің Instagram желісіндегі парақшасына тоқтаусыз жауып жатқан қар салдарынан түркістандықтар қиын жағдайға тап болып, ызаға бой беріп отырғаны туралы жазды.
24.01.2021
-
Сахара шөлін қар басты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сахара шөлінде температура төмендеп, қар жауды. Ауа райының ерекше құбылысын фотограф Карим Бучета өзінің Instagram парақшасында жариялады.
21.01.2021
-
Қар басқан Алматы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда қалың қар жауып, тұрғындарді біраз әбігерге салды. Әсіресе таңғы уақытта қала көшелерінде ұзын-сонар көлік кептелісі орын алды.
13.01.2021
-
Испанияда қар құрсауында қалғандарға азық-түлік тікұшақпен жеткізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалың қар құрсауында қалған Испанияда құтқарушылар көлік қатынасы қиындаған аудандарға COVID-19 -ға қарсы вакцина мен азық-түлікті тікұшақпен жеткізіп жатыр, деп жазды «Хабар 24».
12.01.2021
-
Иранда қар көшкінінен 12 альпинист қаза тапты
Алматы, BAQ.KZ. Иран астанасы Тегеранның солтүстігіндегі таулы жерде қар бұрқасынын болып, салдарынан 12 альпинист қаза тапты. Бұл туралы ирандық Тасним агенттігі хабарлады.
28.12.2020
-
ІІМ тұрғындарға алыс сапарға шықпауға кеңес берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірлердің қала сыртындағы жолдарында полиция экипаждарының патрульдеуі күшейтілді.
21.12.2020
-
Алматыда 230 текше метр қар шығарылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласында 20 желтоқсан күні сағат 13:30-да жауа бастаған қар үзіліспен сағат 21.00-ден әлі де жалғасуда. 21 желтоқсан сағат 6.00-дегі жағдай бойынша қалаға 6 см-ге дейін, таулы аймақтарға 8-10 см қар түскен.
21.12.2020
-
Нұр-Сұлтанды қардан тазартуға 2 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда қар тазалауға 1180 бірлік арнайы техника және 2 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды.
20.12.2020
-
Қар құрсауынан 16 адам құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 18 желтоқсанда сағат 22.00-де Павлодар облысының Ақтоғай ауданында Ақжол ауылының маңында ауа райының қолайсыздығына байланысты қар құрсауында 6 жеңіл автокөлік тұрып қалғаны туралы хабарлама түсті.
19.12.2020
Наверх