Мереке күндері қар құрсауынан 185 техника мен 763 адам шығарылды

9 Наурыз 2021, 12:28
1615
Бөлісу:
Мереке күндері қар құрсауынан 185 техника мен 763 адам шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5-8 наурыз аралығында республиканың автожолдарында ауа райының нашарлауына байланысты ТЖМ аумақтық бөлімшелері қар құрсауынан 185 бірлік техниканы шығарып, 763 адамды, оның ішінде 95 бала мен 2 шетел азаматын құтқарып, эвакуациялады.

9 наурыздағы жағдай бойынша «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 8 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, СҚО және Маңғыстау) дауылды ескерту жарияланды.

ТЖМ ахуалдық орталығында Республикалық жедел штаб жұмыс істейді. Осындай штабтар Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, СҚО, ШҚО жұмыс істейді.

Мереке күндері қар құрсауынан 185 техника мен 763 адам шығарылды

Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, нашар көріну, көктайғақ) 7 өңірде республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесі және 60 облыстық маңызы бар учаске жабылды, бұл Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары.

Шұғыл жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, жол қызметтерінен, ЖАО барлығы 842 адам және 513 бірлік техника жұмылдырылды.

Мереке күндері қар құрсауынан 185 техника мен 763 адам шығарылды

Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 27 СМС-хабарламаны таратылды, «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы 47 хабарлама жіберілді.

Уақытылы ақпараттық-психологиялық көмек көрсету үшін өңірлерде «Жедел байланыс желісі» істейді.



Өзгелердің жаңалығы