Нұр-Сұлтанда 1 700-ден астам жұмысшы қар күреуге шықты

23 Наурыз 2021, 15:14
1185
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда 1 700-ден астам жұмысшы қар күреуге шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада өткен тәулікте 31 мың текше метр қар шығарылды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

22 наурыздан 23-іне қараған түні қаланың жолдарын, тротуарларын, алаңдары мен басқа да қоғамдық аумақтарын санитарлық тазалауға 450-ден астам арнайы техника мен 100-ге жуық жол жұмысшы жұмылдырылды. Бір тәулік ішінде елордадан 31 мың текше метр қар шығарылды.

Бүгін, яғни 23 наурызда қар күреуге 960 арнайы техника мен 1700-ден астам жол жұмысшы жұмылдырылды. Нұр-Сұлтан қаласында қар күреу жұмыстары кешкі және түнгі уақытта да қарқынды жүргізіледі.

Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар және т.б. қардан тазартылады.

Жиналған қар елордада орналасқан 11 полигонға шығарылады. Полигондарда бақылау үшін фото және бейнекамералар орнатылған.

 


Өзгелердің жаңалығы