Алматы тауларында блок-бекеттер қойылды

13 Ақпан 2021, 18:52
1201
Бөлісу:
Алматы тауларында блок-бекеттер қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымбұлақтың жоғары тұсында, үлкен Алматы өзені маңындағы Аюсай шатқалына қарай өтуге тыйым салынды,  деп хабарлайды Хабар 24.

Қалалық төтенше жағдайлар қызметі өкілдері бұған құтқарушылардың жарылыс ұйымдастыруы себеп дейді. Көшкін жүрудің алдын алу мақсатында олар тау шатқалынан 5 мың текше метр қар түсірген.

11 ақпанда қар қалың жауғанына байланысты үлкен және кіші Алматы шатқалдарында жаяу жүргіншілерге және қала демалушыларына жолдар жабық. Дүйсенбі, яғни 15-не дейін жол жабық болуы ықтимал. Ауа райына қарай тағы да айтамыз, - деді "Қазселденқорғау" ММ Алматы қаласы бойынша басқарма басшысының орынбасары Кеңесжан Күнесбай.

Өзгелердің жаңалығы