ШҚО тұрғыны қар тазалаймын деп көпқабатты үйдің төбесінен құлап кетті

24 Наурыз 2021, 16:27
2431
Бөлісу:
ШҚО тұрғыны қар тазалаймын деп көпқабатты үйдің төбесінен құлап кетті
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. ШҚО-да Алтай қаласының тұрғыны қар тазалап жүріп, төрт қабатты үйдің төбесінен құлап кетті. 

Полицейлердің айтуынша, оқиға 21 наурызда болған, ал ер адамның құлаған видеосы жақында @osa.uka парақшасында жарияланды. 

Сағат 13:00 шамасында Алтай қаласында Космонавттар көшесінде 33 жастағы ер адам қар тазалау кезінде 4 қабатты үйдің төбесінен құлап түсті. Жарақат алған жоқ. Ауруханаға хабарласпады, - деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Полиция қызметкері ер адам құлағаннан кейін қайта қар тазалауға шатырға шыққанын атап өтті.



Өзгелердің жаңалығы