Қар құрсауынан 125 адам құтқарылды

10 Наурыз 2021, 12:06
1323
Бөлісу:
Қар құрсауынан 125 адам құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте автожолдарда қар құрсауынан 64 бірлік техника шығарылды, 125 адам құтқарылды және эвакуацияланды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен тәулікте еліміздің автожолдарында ауа райының нашарлауына байланысты ТЖМ аумақтық бөлімшелері қар құрсауынан 64 бірлік техниканы шығарып, 125 адамды құтқарып, эвакуациялады.

Қар құрсауынан 125 адам құтқарылды

ТЖМ ахуалдық орталығында Республикалық жедел штаб жұмыс істейді. Осындай штабтар Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан ж»не Қостанай облыстарында жұмыс істейді.

2021 жылғы 10 наурыздағы жағдай бойынша «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 7 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында) дауылды ескерту жарияланды.

Қар құрсауынан 125 адам құтқарылды

Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, нашар көріну, көктайғақ) 6 өңірде республикалық маңызы бар автожолдардың 12 учаскесі және 51 облыстық маңызы бар учаске жабылды, бұл Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары.

Батыс Қазақстан облысындағы беккеттерде 253 бірлік жүк және жеңіл автокөлік тұр.

Қар құрсауынан 125 адам құтқарылды

Шұғыл жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, жол қызметтерінен, ЖАО барлығы 423 адам және 301 бірлік техника жұмылдырылды.

Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 15 СМС-хабарламаны таратылды, «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы 17 хабарлама жіберілді.

Қар құрсауынан 125 адам құтқарылды

Уақытылы ақпараттық-психологиялық көмек көрсету үшін өңірлерде «Жедел байланыс желісі» істейді.

Өзгелердің жаңалығы