Все новости за 9 ақпан 2026
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
Ақпан 2026
| Дү |
Се |
Сә |
Бе |
Жұ |
Сен |
Же |
|
26
|
27
|
28
|
29
|
30
|
31
|
1
|
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
21
|
22
|
|
23
|
24
|
25
|
26
|
27
|
28
|
1
|
-
-
2026 жылғы ТМД-ның мәдени астанасы жарияланды
Арменияның Мегри қаласы өз тарихындағы ең маңызды оқиғалардың біріне дайындалуда – 2026 жылы ол ресми түрде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) мәдени астанасы атанады. Бұл шешім 2024 жылғы 8 қазанда Мәскеуде өткен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында қабылданды. Осылайша, Арменияның оңтүстігінде орналасқан шағын қала бүкіл өңірдің мәдени күн тәртібінің орталығына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТМД Атқару комитетіне сілтеме жасап.
-
Қысқы Олимпиада-2026: 10 ақпанда жарыс жолына кімдер шығады
Қазақстан құрамасы Милан мен Кортина-Д ' Ампеццодағы қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп жатыр. ҚР Туризм және спорт министрлігі ертең, 10 ақпандағы жарыс кестесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Нысана көздеу: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алды
Қазіргі таңда нысана көздеуден Үндістанның Нью-Дели қаласында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада түнгі уақытта қар күреуге 1700-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды
Күндіз ауа температурасы нөлден жоғары болып, қар ерісе, түнгі уақытта күрт суытады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Аяз, суық: Астана, Алматы және 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК 2026 жылғы 10 ақпанда Астана, Алматы, Шымкент және 17 өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
UAE SWAT Challengе сайысы: қазақстандық команда топ жарып келеді
Жеңімпаздар алфавит бойынша тұр! UAE SWAT Challengе сайысының үшінші күнінде Қазақстан командалары елге ерекше қуаныш сыйлады. Барлық үш жүлделі орын қазақстандық командалар қанжығасында, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда жолдар жаппай жабылды: Қолайсыз ауа райы қозғалысты тежеді
2026 жылғы 9 ақпанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін уақытша қозғалыс шектеуі енгізілді. Шектеулер Қарағанды, Павлодар, Жамбыл, Ақмола және Абай облыстарын қамтыды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Медиа қауымдастық жаңа Конституция жобасын қолдады
Бүгін Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Республикасы Бас редакторлар клубының ұйымдастыруымен «Конституциялық реформа – 2026: сөз бостандығы, ақпарат үшін жауапкершілік және жеке деректерді қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тараздағы қайғылы оқиға: Анасы терезеден лақтырған балалардың жағдайы белгілі болды
Таразда анасы бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген балалардың жағдайы белгілі болды. Дәрігерлердің айтуынша, екеуінде де жабық бас-ми жарақаты және мидың жедел ісінуі анықталған. Оларға ісінуге қарсы ем жүргізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Курьерге чемодан толы ақша беріп жіберген: Алматы тұрғынының 20 миллионы қайтарылды
Алматыда киберполицейлер алаяқтықтың жолын кесіп, жәбірленушіге 20 млн теңгесін қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Олимпиада ойындары-2026: Қазақстан жүлде үшін ең қомақты сыйақы беретін елдердің бестігіне кірді
Қазақстан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында спортшыларын жомарт сыйақымен ынталандыруға дайын елдердің қатарында. Алтын медаль алған қазақстандық атлет шамамен 250 мың доллар сыйақы алуы мүмкін. Бұл әлемдік орташа деңгейден едәуір жоғары болғанымен, төлем көлемі бойынша көш бастап тұрған елдерден сәл төмен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шымкентте жоқ пәтерді жалға беремін деп, тұрғындарды сан соқтырған әйел ұсталды
Шымкентте киберполицейлер интернет арқылы алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады. Тергеу барысында ол тұрғындардың сенімін пайдаланып, жоқ пәтерлерді жалға беріп, ақша тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясы жаңа Конституция жобасын қолдады
Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Конституциялық комиссияның 10-отырысында жаңа Ата Заң жобасының әу бастан қоғамға және әрбір азаматтың өміріне ұзақмерзімді әсері ескеріліп әзірленгенін алға тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Міндетті емес, құқылы: Депутат жаңа Конституцияда саяси жүйені неғұрлым икемді етуді ұсынды
Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасына жасанды әрекетсіздіктен, ұзаққа созылған институционалдық дағдарыс сценарийлерінен қорғаудың пәрменді құқықтық тетіктері енгізілген. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әшімбаев: Жаңа Конституция – саяси жүйені жаңғыртудың айқын көрінісі
Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен жаңа Конституция жобасының негізгі мәнін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Сенат депутаттарымен бірге сарапшылар қауымдастығының, ғылыми және талдау орталықтарының, салалық институттардың өкілдері, сондай-ақ, Сенат жанындағы Сарапшылар клубы мен Taldau Community мүшелері қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Халықаралық заңгерлер қауымдастығы: Жаңа Конституция жобасы халықаралық стандарттарға сай
2026 жылғы 9 ақпанда Ұлттық академиялық кітапханада «Халықаралық заңгерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі (Қазақстан) ұйымдастырған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
6 миллиард теңге: Халықаралық іздеудегі Түркия азаматы Қазақстанға жеткізілді
Қазақстанда алаяқтық жасады деп күдікке ілінген Түркия азаматы Черногориядан экстрадицияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Прокуратура ғимаратының терезесіндегі бөтелкелер қоғамда резонанс тудырды
Әлеуметтік желілерде Абай облысы прокуратурасы ғимаратының жанында түсірілген видео кеңінен таралуда. Кадрларда пайдаланушылар әкімшілік ғимараттың бір терезесінің терезе тақтасында алкогольдік сусындарға ұқсайтын заттарды байқаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутат дабыл қақты: Балаларға тегін беріліп жатқан тамақ қоқысқа тасталып жатыр
Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров мектеп асханаларында берілетін тағамдардың сапасы мен мәзіріне қатысты мәселелер көтеріп, қазіргі стандарттарды қайта қарау қажеттігін айтты. Оның сөзінше, балаларға ұсынылатын тамақтың едәуір бөлігі желінбей, қоқысқа тасталып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Онлайн таныстық: Қызбен кездесуге барған жігіт бопсалаушылардың құрбаны болды
Ақмола облысы Щучинск қаласында полиция бопсалауға қатысқан күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ата заң жобасы жалпыхалықтық референдумға шығаруға дайын – Марат Шибұтов
Саясаттанушы Марат Шибұтов болашақ бірпалаталы Парламент – Құрылтайды тарату мүмкіндігі туралы конституциялық норманы неғұрлым егжей-тегжейлі тұжырымдауды ұсынды. Ол өз пікірін Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутат Конституцияда меншіктің барлық түрін тең қорғауды ұсынды
Мәжіліс депутаты Азат Перуашев инвестициялық тартымдылық және жайлы бизнесқа жағдай жасау үшін экономикадағы кез келген меншік түрі маңызды екенін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады
Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Индира Әубәкірова жаңа Конституциядағы адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін ажыратты
Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Индира Әубәкірова жаңа Ата заң жобасының 14-бабының 2, 3 және 5-тармақтарына енгізіліп отырған өзгерістердің мәнін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутаттар мен заңгерлер жаңа Конституция жобасын қарады
ҚазҰУ-да Парламент депутаттарының қатысуымен академиялық тыңдаулар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Конституциялық комиссия волонтерлік қызмет мәртебесін бекітуді қолдады
Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов комиссияға волонтерлік қызметті конституциялық деңгейде бекіту туралы ұсыныстар түскенін хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент Қытаймен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті
Мемлекет басшысы Sunwah Group корпорациясының төрағасын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Конституциядан "болып табылады" алынып тасталды – комиссия
Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Конституция жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерін жетілдіру жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сарапшылар Конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Бүгін Павлодар қаласында «Жаңартылған Конституция – тұрақты дамудың негізі» тақырыбында сарапшылар форумы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Отандық өндірушілерге жаңа сүзгі: Кім өтті, кім өтпеді? – сұхбат
Қазақстанда отандық өндірушілердің бірыңғай тізілімі жасалып, оған қойылатын талаптар күшейтілді. Бұл бастама өндірісті дамытуға бағытталған ба, әлде мемлекеттік сатып алуларды «тазалаудың» тетігі ме? Осы және өзге де сұрақтарға **QazIndustry – Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» АҚ-ның ірі кәсіпорындар айналасында ШОБ белдеуін құру жөніндегі дирекциясының басшысы Жансая Жақыпова жауап берді.
-
Нобель сыйлығының лауреаты 7,5 айға сотталды
Иранда Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты, құқық қорғаушы Наргиз Мухаммеди 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Anadolu-ға сілтеме жасап.
-
Екінші сәбиін күтіп жүрген: Германиядағы экс-судья өліміне қатысты тың дерек шықты
Германияда қаза тапқан қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваға қатысты істің жаңа жайттары белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
TikTok әлегі: Алматы облысында өзін алып қашты деп видео жариялаған қыз жауапқа тартылды
Алматы облысында өзін алып ұашып кетті деп TikTok-та видео жариялаған қыз жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жамбылда 10 жылдан кейін алғаш рет су арналары тазаланып жатыр
Шаруа қожалықтарын сумен қамтамасыз ету үшін Жамбыл облысының Сарысу ауданында соңғы 10 жылда алғаш рет каналдарды тазалау жұмыстары қолға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
-
Оңтүстік Кореяда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Корея Республикасында әскери тікұшақ апатқа ұшырады, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.
-
TikTok-тағы анонимді аккаунттар: Семей тұрғыны 7 жылға сотталды
Абай облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде терроризмді насихаттағаны үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
-30° аяз, боран, көктайғақ: Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
«Қазгидромет» РМК мамандары 10, 11 және 12 ақпанға ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауып, боран, көктайғақ, бұршақ, қатты жел болады. Кезең соңында антициклон келіп, солтүстік пен орталықта аяз -30 градусқа дейін күшейеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтөбеде әйел мен үш баланың мәйіті табылды
2026 жылғы 9 ақпан күні шамамен сағат 12:00-де Ақтөбе қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен 1993 жылы туған әйелдің және оның үш кәмелетке толмаған баласының мәйіттері табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Балаларын терезеден лақтырған әйелге қатысты жаңа деректер жарияланды
Жамбыл облысында полиция балаларды терезеден лақтырып жіберу фактісінің мән-жайын анықтап жатыр. Балалар омбудсмені Динара Зәкиева әйелдің бұрын ауыр депрессиялық жағдайда болғаны анықталғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Атыраудағы қайғылы апат: Марқұмның отбасы видеоны жариялауға мәжбүр болды
Атырауда 2025 жылғы 11 тамызда болған адам өліміне әкелген жол апатының видеосын марқұмның отбасы жариялады. «Газель» жүргізушісі кінәсіз екенін айтады, ал іс жарты жылдан бері сотта қаралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әрбір адам не үшін дауыс беретінін түсінуі тиіс: Сарапшы референдум мәніне тоқталды
Жаңа Конституция туралы түпкілікті шешімді қазақстандықтар республикалық референдумда қабылдайтыны белгілі. Осы орайда, Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы Жақсыбек Жиеналиевпен жалпыұлттық референдумның маңызы және халықтың оған дайындығы жөнінде сұхбат құрдық, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Көшеде теледидар көтеріп жүрген: Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Алматыда пәтер ұрлығымен айналысқан күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Электросамокаттар көлікке теңестіріледі: Жаңа ереже не береді, не шектейді?
тан қалаларында электросамокатқа міну күнделікті көрініске айналды. Бірі оны кептелістен құтқаратын ыңғайлы көлік деп санаса, енді бірі жаяу жүргінші үшін қауіпті құралға айналды. Соңғы жылдары жол-көлік оқиғаларының артуы, тәртіпсіздік пен жауапсыздық қоғамда қызу талқыланып келеді. Осыған байланысты 2026 жылғы 1 шілдеден бастап электросамокаттарды пайдалану тәртібі өзгереді. Жаңа нормалар не үшін қажет, нақты не өзгереді және бұрынғы қандай ережелер сақталады? BAQ.KZ тілшісі зерттеп көрді.
-
"Балалық әдет үлкен қауіпке айналды": Бойжеткеннің асқазанынан жұдырықтай шаш түйіні алынды
Бойжеткеннің асқазанында бірнеше жыл бойы шаштан түзілген түйін болған. №4 қалалық клиникалық ауруханада оған күрделі ота жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Эпштейнмен байланысы үшін Норвегия елшісі қызметінен кетті
Норвегияның Иорданиядағы елшісі Дж. Эпштейнмен байланысы үшін қызметінен кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
-
Алдағы екі күнде ауа райы қалай өзгереді?
Казгидромет алдағы екі күнге болжам жасады. Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде батыстан жылжыған циклон мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ауылдан шыққан бренд: Қазақстанда ет пен сүт өндірісін кімдер дамытып жатыр?
Қазақстанда ет пен сүт өндірісі соңғы жылдары тек ішкі нарықты қамтамасыз етумен шектелмей, экспортқа бағытталған салалардың біріне айналып келеді. Мемлекеттік қолдау, өндірістік қуаттың артуы және кәсіпкерлердің жаңа көзқарасы ауыл шаруашылығында бренд қалыптастыру мәселесін алдыңғы қатарға шығарды. Алайда саладағы нақты ахуал көрсеткендей, өнім көлемін арттыру - бір бөлек, ал оны тұрақты нарыққа айналдыру - мүлде өзге мәселе. BAQ.KZ тілшісі саладағы ахуал мен бренд қалыптастыру жолындағы кедергілерді саралап көрді.
-
Далада жүрген жылқыны атып, етін сатқан күдіктілер қолға түсті
Ақтөбе облысының Шалқар ауданында жылқыны атып, содан кейін етін сатып жіберген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Иран СІМ басшысы: Соғыс болса да, ядролық бағдарламадан бас тартпаймыз
АҚШ-пен Оман сұлтандығында өткен келіссөздердің кезекті кезеңінен екі күн өткен соң Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи қатаң мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі BILD-ке сілтеме жасап.
-
Тоқаев жаңа министрді қабылдап, нақты міндеттер жүктеді
Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Маңғыстауда медициналық ұйымдардан 600 млн теңге жымқырылды
Маңғыстаудағы медициналық ұйымдардың бірінен 600 миллион теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылғаны анықталды. Прокуратура жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын тексеріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сара Назарбаеваға қатысты жаңа ақпарат шықты
Сара Назарбаева Президент Іс басқармасының Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінен (бұрынғы атауы – Совминка) шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шымкентте анасының көлігін рұқсатсыз жүргізген жасөспірім жол апатына ұшырады
Шымкентте сот жасөспірімнің анасын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Жасөспірім рұқсатсыз анасының көлігін жүргізіп, жол апатына ұшыраған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Олимпиадада ауыр жарақат алған әйгілі шаңғышыға ота жасалды
Аңызға айналған тау шаңғышысы Линдси Вонн Олимпиадада құлап, жарақат алғаннан кейін ота жасатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астана мен Шымкенттің прокурорлары тағайындалды
Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ғабит Қасымбекұлы Мұқанов Астана қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды. 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Елдос Әлиханұлы Сағиев Шымкент қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жалақы мен зейнетақы қорғалады: Депутат жаңа ереже енгізілетінін айтты
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов банктердің азаматтардың шоттарын толық бұғаттауы заңсыз екенін айтып, бұл мәселе бойынша заңнамаға нақты өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Актив Ломбард" ісі: 19 млрд теңгеге заңсыз микрокредит берілген
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз кәсіпкерлік қызмет және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактілері бойынша С.С. Койнов пен басқа да қатысы бар тұлғаларға қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС жүйесіндегі шығындарды реттейді
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет тұтынушыларын есепке алу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығын беру қағидаларына өзгерістер әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Атаулы әлеуметтік көмек: Кімдер алады және қалай өтініш беруге болады?
2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда 25,8 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып отыр. Биыл бұл мақсатқа бюджеттен 62,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Заңсыз шахтадағы апаттан қаза тапқандар саны 27 адамға жетті
Үндістанның Мегхалая штатындағы көмір шахтасында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 27 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Трамптың сайлау жөніндегі мәлімдемесі, Starlink спутниктері, Пхукеттегі экологиялық қауіп
BAQ.KZ тілшісі соңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылды.
-
Қазақстан брендтері шын ба, әлде жай ғана жапсырма ма?
Қазақстанда «Made in Kazakhstan» деген жазуы бар, бірақ шын мәнінде елде өндірілмейтін тауарлар көбейіп барады. Қағаз жүзінде отандық өнім ретінде тіркелгенімен, іс жүзінде олар шетелден дайын күйінде әкелініп, қазақстандық нарықта еркін сатылып отыр. Бұл мәселені BAQ.KZ тілшісіне сұхбат берген QazIndustry – Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» АҚ-ның ірі кәсіпорындар айналасында ШОБ белдеуін құру жөніндегі дирекциясының басшысы Жансая Жақыпова ашық айтты.
-
Таразда әйел екі баласын 5-ші қабат терезесінен лақтырып жіберді
Таразда әйел екі баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Эпштейн ісі: Зорлық дәлелденді, ал клиенттер кім?
АҚШ билігі жылдар бойы жүргізген тергеу нәтижесінде Джеффри Эпштейн кәмелетке толмаған қыздарға жыныстық зорлық көрсеткенін растады. Бұл дерекке ондаған жәбірленушінің айғақтары, тергеу материалдары мен федералды прокурорлардың қорытындысы негіз болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
-
Елнұр Бейсенбаев жаңа қызметке тағайындалды
Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев жаңа қызметке тағайындалды
-
Қазақстанда балық өнімдерін өндіру көлемі артты
Өткен жылы елімізде 38 мың тоннадан астам балық ауланып, оның 12 мың тоннадан көбі қолдан өсірілді. «Аквашаруашылық туралы» заңның күшіне енуі салаға серпін беріп, балық шаруашылықтарының саны мен өндіріс көлемі айтарлықтай артты, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке слтеме жасап.
-
Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 9 ақпанға арналған ауа сапасы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Илон Маск Ай мен Марста қалалар салу жоспарын жариялады
SpaceX компаниясы алдағы онжылдықтарда Ай мен Марста өзін-өзі қамтамасыз ететін қалалар салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның негізін қалаушы Илон Маск X әлеуметтік желісінде мәлімдеді,деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қоңырау соғылғанмен, қорқыныш кетпейді: Мектеп неге қауіпсіз орта болудан қалды?
Қазақстанда соңғы кездері мектеп оқушылары арасындағы буллинг, зорлық-зомбылық, қатыгездік көріністері жиілеп, қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды. Сарапшылар бұл жағдайды жекелеген оқиғалармен байланыстырмай, терең әлеуметтік және рухани дағдарыстың салдары ретінде бағалайды. Мәселенің түп-тамыры қайда жатыр? BAQ.KZ тілшісі осы сұрақты сарапшылар мен білім саласы мамандарынан сұрап көрді.
-
Ұлыбритания санкцияланған танкерлердегі мұнайды сатуы мүмкін – БАҚ
Ұлыбритания билігі санкцияға ілінген, басып алынған танкерлерден мұнай алып, оны сатуды қарастыруда. Бұл туралы The Times газеті дереккөздерге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда ақылды көлік жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде
Алматыда цифрландыруды дамыту және жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2026 жыл елімізде ресми түрде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Қордай ауданында қар құрсауынан 50 жеңіл және 30 жүк көлігі шығарылды
Жамбыл облысының Қордай ауданында, Қордайдың ескі асуында (170-190 км аралығы) ауа райының қолайсыздығына байланысты жүк көліктері жолда тұрып қалып, автожолдың жүру бөлігін жауып қалды. Соның салдарынан көлік құралдарының жиналуы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Украина ресейлік зымыран және дрон өндіруші компанияларға санкция енгізді
Украина президенті Владимир Зеленский ресейлік зымырандар мен дрондар өндіретін компанияларға қарсы жаңа санкцияларға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Пентагон Австралиядағы базада атом сүңгуірлерін орналастырмақ
Пентагон алдағы жылдары американдық атомдық сүңгуір қайықтарды Батыс Австралиядағы HMAS Stirling әскери-теңіз базасына орналастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтауда кәсіпкерлер заңсыз қоқыс шығарғаны үшін жауапқа тартылды
Ақтауда тұрғын үй аумағында тұрмыстық қалдықтарды заңсыз тастаған кәсіпкерлер анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
-
Үндістан Ресей мұнайынан бас тартып, АҚШ-пен сауда келісіміне дайындалуда
Үндістанның мұнай өңдеуші компаниялары сәуір айында ресейлік мұнай жеткізілімінен бас тартады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Хромтауда жаңғыртылған өрт сөндіру бөлімі ашылды
Ақтөбе облысының Хромтау қаласында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов жаңғыртылған өрт сөндіру бөлімінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жапониядағы сайлау: Такаити басқаратын партия жеңіске жетті
Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити басқаратын Либералды-демократиялық партия (ЛДП) жексенбіде өткен ерте сайлауда Парламенттің төменгі палатасында жеңіске жетуге жақын тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Наверх