Все новости за 22 маусым 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Рим папасы президенттерді соғысты тоқтатуға шақырды
Рим папасы XIV Лео Таяу Шығыстағы қақтығыстың өршуіне қатты алаңдаушылық білдіріп, ел басшыларын жауапкершілікке шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Реаниматолог: Салқынқандылық – басты "қаруымыз"
Реаниматология – медицинаның күрделі де қызықты салаларының бірі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Air Astana Таяу Шығысқа ұшатын әуе рейстерін тоқтатты
Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленуіне байланысты Air Astana компаниялар тобы 23 маусымда бірқатар рейсті тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мұнайлыда есірткінің үлкен партиясы тәркіленді
"Қарасора" жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, Мұнайлы ауданындағы тұрғын үйлердің бірінен ірі көлемде есірткі заттары табылып, тәркіленген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сауд Арабиясы шөлдің ортасында тау шаңғысы курортын салады
Сауд Арабиясының сәулетшілері The Vault құрылыс жобасының анимациясын ұсынды. Олардың жоспары бойынша бұл Тройен шөлінің қақ ортасында орналасқан тау шаңғысы курорты болмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астана, Алматы, Шымкент: 23-25 маусымға арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" РМК мамандары Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге, 2025 жылғы 23-25 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ШҚО-да 3 адам суға кетті
Оқиға кеше Марқакөл ауданына қарасты Боран ауылынан 5 шақырымдай жерде орналасқан Қара Ертіс өзенінде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Маңғыстауда интернет-алаяқтық бойынша 76 іс қозғалған
Қазір тұрғындарды алдау үшін жиі қолданылатын тәсілдер – "Қазпоштадан сәлемдеме келді", "SIM-картаны жаңарту керек" немесе "Медициналық тіркеуден өтіңіз" деген хабарламалар жіберіп немесе қоңырау шалу екен. Сол арқылы алаяқтар құпия кодты сұрап, жәбірленушінің атына несие рәсімдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан полициясы күніне орай дрондар шоуы өтеді
Астана қаласындағы ЭКСПО ауданында Қазақстан полициясы күніне орай дрондардың жарық шоуы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Заң және тәртіп» жалауы 4120 метр биікте желбіреді
22 маусым күні Алматы облысында «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында құқық қорғау органдары қызметкерлері 4120 метрлік биік шыңға көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Александр Бублик Галледе өткен турнирде жеңіске жетті
Қазақстан теннисшісі Александр Бублик Галледе өткен ATP 500 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада VIRTUS чемпионатынан кейін 11 елдің спортшылары ағаш екті
Астанада интеллектуалды даму ерекшелігі бар спортшылар арасында өткен VIRTUS World Basketball Championship 2025 халықаралық чемпионатының аяқталуына орай және ауқымды «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында экологиялық акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев құқық қорғау органдарының алқа отырысын өткізбек
Ертең, 23 маусымда, Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы тауларында сел қаупі жоғары
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды таулы аймақтағы мұздақ көлдер мен селден қорғау инфрақұрылымының жағдайын тікұшақпен шолу арқылы тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық гимнаст әлем чемпионатында тарихи алтын медаль жеңіп алды
Софияда (Болгария) көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жекелей бағдарламасы бойынша финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ Иранға жасалған соққының бір реттік операция екенін мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Иран билігімен байланысқа шығып, ядролық нысандарға жасалған соққылар бір реттік операция болғанын және Тегерандағы режимді ауыстыруды көздемейтінін жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ dw.com-ға сілтеме жасап.
-
Онкологтар ашық есік күнінде 300 адамнан қауіпті дерт белгілерін анықтады
Қазақ онкология институтының базасында және еліміздің 20 өңірлік онкология орталықтарында бас, мойын және қуық асты безі обырын анықтау бойынша Ашық есік күндері өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Шығын – 9,5 млн теңге": Жетісуда ірі қара ұрлаған күдіктілер ұсталды
Жетісу облысы Көксу ауданында жалпы құны 9 миллион теңгеден асатын екі ірі мал ұрлығы фактісі ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Азия чемпионаты: Қазақстан балуандары 2-орын алды
Құрлықтық додада қазақстандық балуандар 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Qazcontent басшысы заманауи медианың қандай бағытта жұмыс істеуі керегін айтты
“Qazcontent” АҚ басқарма төрағасы Айна Задабек Қытай-Орталық Азия медиа ынтымақтастығына арналған форумда бірқатар бастама көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлттық Банк цифрлық теңге, Open API және токенизация жобаларына басымдық беруде
Ұлттық Банктің Төрағасы Тимур Сүлейменов цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту және цифрлық активтер саласындағы жобалар мен бастамалардың іске асырылу барысы жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады
Экипаж мүшелері қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Алматы-Бішкек" тас жолындағы апаттан 5 адам қайтыс болды
Алматы облысында апат кеше сағат 13:00 шамасында "Алматы – Бішкек" тас жолының 135-шақырымында тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әскерилер соғыс ардагерін 100 жас мерейтойымен құттықтады
Ұлы Отан соғысының ардагері Петр Кузьмич Попковты Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен Жетісай және Мақтаарал аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің бастығы капитан Нұрдәулет Рысбек құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бразилияда әуе шары өртеніп, 8 адам қаза болды
Губернатор Жоржинью Мелудың мәліметінше, 8 адам қаза тауып, 13 адам аман қалған, оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қанат Ысқақов: Медиа мен мәдениет – ұлттар арасындағы сенімді нығайтудың тетігі
Астанада өткен Қытай-Орталық Азия ынтымақтастығын дамыту форумы мен Үшінші халықаралық Жібек жолы байланыс конференциясында сөз сөйлеген ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Орталық Азия мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың жаңа мазмұнмен толығып келе жатқанын атап өтті. Ол қазіргі кезеңде өңір елдері арасындағы стратегиялық серіктестікті кеңейту мен медиа және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты тереңдету өзекті болып отырғанын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
АҚШ-Иран шиеленісі: Қазақстан ядролық қауіпсіздік бойынша келісім жасауды ұсынды
АҚШ-тың Иранға қарсы соңғы әскери әрекеттерінің нәтижесінде әлемнің біздің бөлігінде орналасқан мемлекеттердің қауіпсіздігі үшін қатерлі салдары бар халықаралық жағдайдың күрт нашарлауы байқалуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Орталық Азия - Қытай: Елордада медиафорум өтіп жатыр
Астанада Орталық Азия мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты дамыту форумы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтөбеде «Айбын-2025» халықаралық әскери-патриоттық жиыны басталды
Ақтөбе облысына жас патриоттардың жиынына қатысу үшін әуе және теміржол көлігімен 50-ден астам қазақстандық және шетелдік команда келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Құтқарушылар мысықты ағаштан түсіруге көмектесті
Астана қаласындағы Байқоңыр ауданында мысық биік ағаштардың біріне шығып, өздігінен түсе алмай қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда ұйымдасқан қылмысқа қарсы 51 іс қозғалды
Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін әшкерелеу және тоқтату жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде. Жыл басынан бері қылмыстық құрылымдардың басшылары мен қатысушыларына қатысты 51 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде жеңіске жетті
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Испанияның Таусте қаласында өткен ITF W35 сериясындағы турнирде жеңіске жетіп, кезекті чемпиондық атағын иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда «ХХ25» фестивалі өтті
Жамбыл атындағы филармонияның 90 жылдығы аясында Төлепберген Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің ұйымдастыруымен «ХХ25» атты фестиваль өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан Газаға гуманитарлық дәліз ашуға шақырды
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 51-ші сессиясының жұмысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ТЖМ Қазақстан бойынша дауылды ескерту жариялады
ТЖМ 2025 жылғы 22 маусымға арналған Қазақстан бойынша дауылды ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҰҰ Бас хатшысы: АҚШ-тың Иранға соққысы – бүкіл әлемге төнген қауіп
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына жасаған соққыларына алаңдаушылық білдірді.
-
Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК бүгін, 22 маусым күні Алматыда ғана ауа сапасының нашарлайтынын жариялады.
-
Келесі шабуылдар әлдеқайда ауыр болады – Трамп Иранға ескерту жасады
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ядролық қондырғыларына жасалған әуе соққыларына қатысты өз ұстанымын білдіріп, бұл әрекетті "жаппай және дәл соққы" деп бағалады.
-
Қазақстан гимнасттары Ташкенттегі жарыста үш медаль жеңіп алды
Қазақстанның спорттық гимнастика құрамасы Өзбекстан астанасында өтіп жатқан Challenge Cup халықаралық турнирінде үш бірдей жүлдеге ие болды.
-
АҚШ Иранның үш бірдей ядролық нысанына шабуыл жасады
АҚШ әскери-әуе күштері Иранның үш негізгі ядролық қондырғысына – Фордо, Натанз және Исфахан нысандарына ауқымды шабуыл жасады.
-
"Айбын-2025": жиынға 6 елден мыңнан астам жас сарбаз қатысады
Ақтөбе гарнизоны XI "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысушыларды қабылдайды.
-
Семейде жоғалған бала аман-есен табылды
Көпшілікті алаңдатқан жеті жастағы баланы іздеу жұмыстары сәтті аяқталды.
-
Германия канцлерінің Иран туралы мәлімдемесіне байланысты прокуратураға шағым түсті
Германияның бірқатар саясаткерлері мен мәдениет қайраткерлері канцлер Фридрих Мерцтің Израиль мен Иран арасындағы қақтығысқа қатысты мәлімдемесінен кейін оған қарсы Германия Бас прокуратурасы мен Берлин прокуратурасына шағым түсірді.
-
Израиль Ирандағы қару-жарақ кешеніне соққы жасады
Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) 21 маусымда Иранның оңтүстік-батысындағы Бендер-Аббас аймағында орналасқан ұшқышсыз ұшу аппараттарының (ҰҰА) қоймалары мен қару-жарақ кешеніне шабуыл жасағанын мәлімдеді.
-
Семейде жоғалған баланы іздеуге 1000-нан астам адам жұмылдырылды
Семей қаласында жоғалып кеткен 7 жастағы баланы іздестіру жұмыстары тәулік бойы жалғасуда.
-
Ұлт болашағы – отбасында: тәрбиенің тамыры мен мемлекеттің қолдауы
Қоғамның негізі – отбасы. Бұл ұғым адамзат өркениетімен бірге жасап келе жатқан аса маңызды рухани және әлеуметтік институт.
-
Александр Бублик Галле турнирінің финалына шықты
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP-500 санатындағы беделді турнирдің финалына жолдама алды.
-
Семейде аутизм белгілері бар 7 жасар бала жоғалып кетті
Семей қаласында 2018 жылы туған Аманғали Бекболатты іздестіру үшін жедел шаралар басталды.
Наверх