Германияның бірқатар саясаткерлері мен мәдениет қайраткерлері канцлер Фридрих Мерцтің Израиль мен Иран арасындағы қақтығысқа қатысты мәлімдемесінен кейін оған қарсы Германия Бас прокуратурасы мен Берлин прокуратурасына шағым түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Berliner Zeitung басылымына сілтеме жасап.
Мерц ZDF телеарнасына берген сұхбатында:
Израиль бәріміз үшін лас жұмысты істеп жатыр, - деп мәлімдеген болатын.
Осы сөздері қоғамда теріс реакция тудырып, шамамен 20 шақты қоғам қайраткері оны халықаралық құқық пен Германия заңдарын бұзды деп есептейтіндерін айтты.
Өтінішке қол қойғандар арасында Еуропарламент депутаты Михаэль фон дер Шуленбург, Еуропа кеңесі ПА мүшесі Андрей Гунко және публицист Патрик Бааб бар.
Олар Мерцтің сөзі БҰҰ Жарғысына қайшы келеді деп есептейді.