Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Семейде жоғалған бала аман-есен табылды

22 Маусым 2025, 05:42
7181
Бөлісу:
 Скриншот
Фото: Скриншот

Көпшілікті алаңдатқан жеті жастағы баланы іздеу жұмыстары сәтті аяқталды. Ол үйінен шамамен 10 шақырым қашықтықтағы орман аумағынан табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баланы Затон полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары – Бекен Асыл мен Дархан Жұмағалиев анықтап, тиісті көмек көрсетті. Құқық қорғау органдарының табандылығы мен кәсібилігі іздестірудің сәтті аяқталуына себеп болды.

Қиын жағдайға қарамастан, іздеу жұмыстары бір сәтке де тоқтаған жоқ. Бұл – полиция, құтқарушылар және белсенді азаматтардың ортақ еңбегі, - деп хабарлады Абай облысы ПД.

Жоғалған баланың анасымен қауышу сәті көпшіліктің көңілін толқытты. Ұзаққа созылған үміт пен алаңдаушылық ақталды.

Іздеуге атсалысқан әрбір адамға алғысымыз шексіз, - делінген полицияның ресми хабарламасында.

Жоғалған баланы іздеуге 1000-нан астам адам жұмылдырылған болатын.

Еске сала кетейік, Семейде аутизм белгілері бар 7 жасар бала жоғалып кеткен еді

Өзгелердің жаңалығы