Семей қаласында 2018 жылы туған Аманғали Бекболатты іздестіру үшін жедел шаралар басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 маусым күні кешкі сағат 18:15 шамасында Туристическая көшесі, 92-үйден шыққан бала үйіне оралмаған. Кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы хабар 102 арнасына келіп түсті.
Аманғалидің бойы шамамен 130 см, үстінде көк футболка, сұр түсті шомылуға арналған киім және сұр сандал болған. Балада аутизм белгілері бар, бұл оның сыртқы ортамен байланыс орнату мүмкіндігін қиындатады, - делінген хабарламада.
Іздестіру жұмыстарына полиция, Төтенше жағдайлар департаменті, кинологиялық қызмет және еріктілер жұмылдырылды. Жақын аумақтар тексеріліп, дрон арқылы жылу түсіргіш көмегімен кеңейтілген аумақтар қаралуда.
Құқық қорғау органдары қала тұрғындарынан ескерген жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.