Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Израиль Ирандағы қару-жарақ кешеніне соққы жасады

22 Маусым 2025, 03:34
889
Бөлісу:
 REUTERS/Yossi Zeliger
Фото: REUTERS/Yossi Zeliger

Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) 21 маусымда Иранның оңтүстік-батысындағы Бендер-Аббас аймағында орналасқан ұшқышсыз ұшу аппараттарының (ҰҰА) қоймалары мен қару-жарақ кешеніне шабуыл жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы ақпарат армияның ресми Telegram арнасында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта Израиль қорғаныс армиясы Иранның Бендер-Аббас аймағындағы ҰҰА қоймалары мен қару-жарақ кешеніне соққы беріп жатыр, – делінген хабарламада.

Сол күні бұған дейін ЦАХАЛ Иран Ислам революциясы сақшылары корпусының (IRGC) әуе күштеріндегі екінші бригада командирі Аминпур Джудакидің Израиль шабуылы кезінде жойылғанын хабарлаған болатын.

Бұл операциялар Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің күшеюі аясында орын алуда.

Өзгелердің жаңалығы