Қазақстан теннисшісі Александр Бублик Галледе өткен ATP 500 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Германияда Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (ATP рейтингінде 45-орында) финалда ресейлік Даниил Медведевпен (ATP – 11) кездесіп, 6:3, 7:6(4) есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, 2023 жылы да Александр Бублик осы беделді турнирде топ жарып, ATP 500 санатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізген болатын.