22 маусым күні Алматы облысында «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында құқық қорғау органдары қызметкерлері 4120 метрлік биік шыңға көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шараға Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қатысты.
Шың басына «Заң және тәртіп» жалауы тігіліп, ел ішінде заңның үстемдігін бейнелейтін символға айналды.