Қазақстандық гимнаст әлем чемпионатында тарихи алтын медаль жеңіп алды

22 Маусым 2025, 17:39
409
Бөлісу:
 ҰОК
Фото: ҰОК

Софияда (Болгария) көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жекелей бағдарламасы бойынша финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева үш бірдей финалға бірінші орынмен жолдама алып, екі жүлдеге ие болды.

Доппен көрсеткен өнері үшін Ерекешева 26.150 ұпай жинап, әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ ол шығыршықпен орындалатын жаттығуда 26.950 ұпай жинап, күміс медаль жеңіп алды.

Қазақстан тарихында бұл – юниорлар арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы медальдар. Бұған дейінгі ең үздік нәтиже – тек төртінші орын болатын. Ал қазір екі бірдей гимнастым финалға өтіп, жақсы нәтиже көрсетті. Бұл – үлкен жетістік, – оның жаттықтырушысы Меруерт Балгинбаева.

Айта кетейік, 22 маусымда Ақмарал Ерекешева таспамен, ал Айғаным Рысбек ұршықтармен орындалатын жаттығу финалына қатысады.

Өзгелердің жаңалығы