Все новости за 3 желтоқсан 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Алматы мен Қытайдың Чэнду қаласының арасында тікелей әуе рейсі ашылады
30 желтоқсанда Қытайдың Чэнду қаласы мен Алматы арасында тікелей әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент тарихта таеквондодан алғашқы алтын жүлдені алған Бейбарыс Қабыланды құттықтады
Мемлекет басшысы таеквондодан әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Таеквондошы Бейбарыс Қабылан жастар арасында Әлем чемпионы атанды
Қазақстандық Бейбарыс Қабылан таеквондодан Найробиде (Кения) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2026 жылдан бастап МӘМС жүйесінде сақтандырылмағандар да скринингтен өте алады
2026 жылдың қаңтарынан бастап кейбір медициналық қызметтер МӘМС пакетінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне ауысады. Осылайша, бұл қызметтер сақтандырылмаған азаматтарға да тегін көрсетіледі. BAQ.KZ бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
-
ЕАЭО азаматтары үшін пойыздарға бірыңғай билет енгізілуі мүмкін
Еуразиялық экономикалық комиссияда (ЕЭК) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден келген жолаушылар үшін рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған ұсыныстар мақұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Еуропалық одақ визаны жеңілдетуге қатысты ресми келіссөздерді бастады
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы Визалық режимді жеңілдету туралы келісім және Реадмиссия туралы келісім бойынша алғашқы ресми келіссөздер раунды өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады
Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының ойысы мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елорданың коммуналдық қызметі қысқы маусымға дайындығын таныстырды
Бүгін БАҚ өкілдеріне Астанадағы қысқы маусымға жасалған дайындықты өз көзімен көру мүмкіндігі берілді. Қары қалың түсетін, желі үнемі қатты соғатын елорданың қысы – коммуналдық сала үшін ең үлкен сынақтардың бірі. BAQ.KZ тілшісі елорданың тазалығын қамтамасыз ететін басты мекемелердің бірі – "Астана Тазалық" ЖШС ұйымдастырған баспасөз турында қаланың қысқы маусымға дайындығымен танысып қайтты.
-
Көлсайда туристер мінген көлік аударылып, бір адам қаза тапты
Алматы облысында жол апатынан бір адам жан тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қайтарылған активтер: Түркістанда 300 бала білім алатын өнер мектебі ашылды
Бүгін Ордабасы ауданында 300 оқушыға арналған музыка өнері мектебінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Шығын – 9 млн теңге»: Бурабайда 640 келі балық аулағандар сотталды
2024 жылдың қыркүйегінде үш адам Ақмола облысы Біржан сал ауданының аумағында орналасқан «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына кіретін Жөкей көлінде заңсыз 640 келі балық аулаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ертең Астанаға Еуропалық кеңестің президенті келеді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада болашақ прокурорларды даярлау бағдарламасы іске қосылды
Прокуратура «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі мемлекеттік тұжырымдама аясында Өтеген Сейітов атындағы Болашақ прокурорлар клубын іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
WorldSkills Kazakhstan–2025: Қазақстанның үздік жастары елордаға жиналды
Бүгін Астанада X Республикалық WorldSkills Kazakhstan–2025 чемпионатының ашылу рәсімі болып өтті. Сайысқа еліміздің түкпір-түкпіріндегі колледж студенттері қатысып, жұмысшы және техникалық мамандықтар бойынша өз шеберліктерін көрсетпек, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Экономист болжамы. Жаңа жылда доллар қанша болады?
Дәл бүгін ақша айырбастау пунктерінде доллар 504,7-507 теңге бағамымен сатылып және сатып алынып жатыр. Экономист Айбар Олжайдың 2026 жылы доллар бағамына қатысты болжамын білдік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Парламенттік реформа жөнінде 350-ден астам ұсыныс түсті – Қарин
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бір палаталы Парламентке қатысты алғашқы ұсыныстар сарапталып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент: Шын мұқтаждарға ғана көмек көрсетілуі тиіс
Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады. Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
2026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?
Қазақстанда ең төменгі жеткілікті шегінің (ТЖШ) өзгеруі қоғамда үлкен қызығушылық тудырып отыр. Азаматтарды әсіресе шек өссе, қанша пайызға немесе қанша теңгеге өсетіні, сондай-ақ есептеу формуласы өзгеруі мүмкін бе деген сұрақтар толғандырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы арзандады
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Мәжіліс кулуарында Қазақстандағы дәрі-дәрмек бағасына қатысты жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда 23 жастағы фельдшер қаза тапты
Алматы қаласында жол апатынан 23 жастағы фельдшер қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
МӘМС басшысы қызметінен кетті: Министр себебін айтты
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Мәжіліс кулуарында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы Айдын Құлсейітовтің отставкасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада қашан қар жауатыны белгілі болды
Қазақстан бойынша 4-6 желтоқсанда ауа райы қандай болатыны белгілі болды. Қазгидромет 3 күнге болжам жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда қоғамдық орындарда никаб кигендер жазаланады: депутат түсіндірді
Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" жаңа бірыңғай заңның екінші оқылымда қабылдануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әскердегі тәрбие жұмысы сынға алынды: Тоқаев басшыларға талап қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Азиядағы жойқын су тасқыны: 1 400-ден астам адам қаза тапты
Индонезия, Шри-Ланка, Таиланд және Малайзияда толассыз жауған жаңбыр мен көшкіндер салдарынан 1 400-ден астам адам көз жұмды. Табиғи апат аймақтағы экономикалық мүмкіндіктердің үлкен айырмашылығын да айқын көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Электросамокатқа нөмір мен сақтандыру міндеттеледі: Мәжіліс жаңа нормаларды бекітті
Мәжіліс депутаттары "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" заң жобасын және оған қатысты заң жобаларын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент ғалым, қоғам қайраткері Жабайхан Әбділдиннің отбасына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ғалым, белгілі қоғам қайраткері Жабайхан Әбділдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Тоқаев Аида Балаеваны қабылдап, әлеуметтік саясатты жетілдіруді тапсырды
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Ұлттық әскери-патриоттық орталық – ел жастарын рухтандыратын іргелі мекеме
Ұлттық әскери-патриоттық орталық 2015 жылдың 1 желтоқсанында құрылған. Бұл күн Қазақстан Қарулы Күштері тарихында айрықша дата ретінде қалды. Биыл орталықтың құрылғанына 10 жыл толды. Осы орайда журналистер арнайы баспасөз туры аясында орталық жұмысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қолдауға дайынбыз: Министрлік Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы туралы
Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткені туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тариф, инвестиция, монополия: Тоқаев авиация саласындағы былықтардың бетін ашты
Президент қордаланған мәселелерді шешуді кейінге қалдырып, тиісті құжат қабылдамай отырған салалық министрліктің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Әуе жүк тасымалы: Қазақстан 2040 жылға дейін ірі транзиттік ойыншыға айналуды көздейді
Қазақстан әуе транзитін дамытпайынша, халықаралық жүк тасымалындағы бәсекеде артта қалуы мүмкін. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік жүк авиахабтарын дамыту мәселесіне арналған кеңесте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Енді қоғамдық орында никаб кигені үшін жаза қолданылады
Мәжіліс Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Құқықбұзушылық профилактикасы туралы» жаңа заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үйдің қасбетінен құлаған кондиционер: Кінәлілер анықталып жатыр
Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепёха Мәжіліс кулуарында елордалық тұрғын үй кешендерінің біріндегі фасадтың құлауына қатысты істі түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Үкімет өңірлердегі тұрғындардың өтініштеріне жауап берді
Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары кезінде тұрғындардан түскен өтініштерді мемлекеттік органдардың қалай қарағаны туралы Үкіметтің ақпаратын тыңдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ОПЕК қоры Қазақстандағы жобаларға 400 млн доллар несие береді
Мәжіліс Қазақстан Үкіметі мен ОПЕК халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларға қатысты Рамалық келісімді ратификациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жезқазған тұрғындары ыстық судың "қоңыр" түсіне шағымданды
Жекелеген үйлердегі ыстық судың лайлануы қалалық жылу желісінің жұмысына емес, кейбір үйлерде стояктардың уақытылы ауыстырылмауына байланысты. Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жомарт кенішi қасіретті оқиғадан кейін жұмысын қайта бастады
Ақпан айында жеті адам қаза тапқан «Жомарт» кенішіндегі опырылудан кейін өңірде кешенді тексеру жүргізіліп, мұндай жағдайлардың алдын алу үшін бірқатар шара қабылданды. Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұшақ журналындағы Ұлытау облысының фотосына әкімі түсінік берді
Облыс әкімі Дастан Рыспеков Scat әуе компаниясының борттық журналындағы суретке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлытау облысында халық саны азайып келеді
Облыста бір жыл ішінде халық саны 3 мың адамға кеміген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Кішкентай қалаға инвестор тарту қиын – Ұлытау облысының әкімі
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков қоқыс шығару мәселесі облыстағы түйткілді мәселенің бірі болды дейді. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутат: Ит емес-ау, кит өлген жерден сары май тасимыз
Қазақстанда отандық өндірісті қолдау үшін жаңа тетік іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлытау облысында жылу беру маусымы қалыпты деңгейде
Биыл өңірде 47,8 шақырым жылу желілеріне толықтай жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде желілердің тозу деңгейі 60%-дан 56,1%-ға дейін азайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Жезқазған – Қызылорда" жолы қашан аяқталатыны белгілі болды
Ұлытау облысы бойынша ең басты жобалардың бірі «Жезқазған- Қызылорда» тас жолы халық ұзақ күткен жоба болды.
-
Грантпен оқығандардың қаншасы мамандығы бойынша жұмыс істеп жүр?
Мәжілістің жалпы отырысында Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Қобенов мемлекеттік грантпен оқыған түлектердің 70 пайызы жұмыспен қамтылғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жекеменшік репетиторлық орталықтарға талап күшейтіледі
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Мәжілісте елдегі жекеменшік репетиторлық орталықтар туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті
Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Биыл Ұлытауда екі мектеп, үш балабақша пайдалануға берілді
Биыл Ұлытау облысында екі мектеп, үш балабақша пайдалануға берілді. Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Орталық коммуникациялар қызметінде мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қайтарымсыз грант: Биыл 200-ге жуық ұлытаулық жас кәсіпкерге қаржы берілді
Биыл 195 ұлытаулық жас кәсіпкерге қайтарымсыз грант қаражаты берілді. Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Орталық коммуникациялар қызметінде мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Буллинг пен суицид мәселелері: Прокурорлар мен психологтар оқушылармен онлайн кездесу өткізді
Түркістанда прокурорлар мен психологтар балалардың өзекті сұрақтарына онлайн форматта жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Түркістан облысының прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Дәрі-дәрмек сатып алу: "СК-Фармация" жұмысы өзгеретін болды
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Мәжілісте дәрі-дәрмек сатып алу тәртібін қалай өзгертетінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
“Қазпоштаға көмек керек”: Саиров Мәжілісте ауылға газет тарату мәселесін көтерді
Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров ауылға газет тарату бағасы мен “Қазпошта” қызметкерлерінің материалдық жағдайына қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтау мен Қостанайда Ұлттық оңалту орталығының филиалдары ашылады
Алдағы екі жыл ішінде Қостанай мен Ақтауда Ұлттық балаларды оңалту орталығының филиалдары ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жетісу облысында полицейлер пара алған сәтте ұсталды
2 желтоқсан күні ҰҚК-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Достық полиция бөлімшесінің басшысын және Алакөл аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2027 жылдан Қазақстан бірыңғай сақтандыру моделіне көшеді
Биыл “Медициналық көмектің бірыңғай пакеті туралы” заң қабылданды. Онда 2027 жылдан бастап бірыңғай сақтандыру моделіне кезең-кезеңімен көшу қарастырылған. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Наурыз" және "Наурыз-Жұмыскер" арқылы ипотека беру 2 есе артты
"Наурыз" және "Наурыз-Жұмыскер" жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларына кредит беру көлемі 500 млрд теңгеге жеткізілді. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Түркістанда Бәйдібек ата мен Қарақуыс су қоймалары салынып жатыр
Мәжіліс отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес қандай жұмыстар атқарылып жатқанын баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтаудағы ұшақ апаты: тергеу қашан аяқталады?
Ақтау маңында апатқа ұшыраған әзербайжан ұшағына қатысты тергеудің қалай жүргізіліп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанадағы медколлежде марқұм фельдшердің құрметіне арнайы сынып ашылады
Астанада басына кондиционер құлап, қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның құрметіне Медициналық колледжде арнайы аудитория ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Трамп мәлімдемесі, Илон Маск болжамы
BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.
-
"Орнымнан тұрып, жүгіріп бардым": Денсаулық сақтау министрі ұшақтағы оқиға туралы айтты
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұшақтағы оқиғаға қатысты айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тұмау жұқтырғандар азайды – ДСМ
Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал бойынша жағдай түзеліп келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мектеп оқушысы министрлікпен меморандум жасасты
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы қаласындағы №79 гимназияның оқушысы Дана Қадырбекпен кездесіп, меморандум жасасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы белдікті жоғалтуы мүмкін – журналист
Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына қатысты дауда талдау оң нәтижесін берсе, белдікті жоғалтуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Энергетика министрлігі түсіндірме берді: Баға өспейді, бірақ түзету мүмкіндігі сақталады
Энергетика министрлігі 2026–2032 жылдарға арналған электр энергиясына шекті тарифтерді бекітуге қатысты қоғамда туындаған сұрақтарға жауап берді. Ведомство тарифтік саясатты ұзақ мерзімге бекіту -заңмен белгіленген міндет екенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Даму" қоры цифрлық теңгемен алғашқы несие берді
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Қазақстан Ұлттық банкінің қолдауымен «Өрлеу» бағдарламасы бойынша алғашқы жеңіл несиені жылына 12,6%-бен Halyk Bank арқылы берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақмола облысы астық жинау көлемі бойынша елімізде көш бастады
Ақмола облысы биылғы орақ науқанында соңғы жылдардағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізіп, астықтың жалпы жиналымы бойынша елдегі көшбасшылардың біріне айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырауда жасанды интеллект арқылы іздеуде жүрген 52 адам анықталды
Атырау облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында іске асырылып жатқан таргетай жобасы арқылы іздеуде жүрген адамдарды анықтау тиімділігі артып келеді. Жобада адамдар көп жиналатын орындарға орнатылған бейнекамералар жасанды интеллекттің көмегімен күдікті тұлғаларды анықтап, жедел басқару орталығына бірден дабыл жібереді, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
-
Бүгін еліміздің қай қалаларында ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК бүгінге, 3 желтоқсанға арналған ауа сапасы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Илон Маск АҚШ-тың келесі президенті кім болатынын болжады
SpaceX және Tesla компанияларының басшысы Илон Маск АҚШ-тың алдағы президенті қазіргі вице-президент Дж. Д. Вэнс болады деп есептейді. Бұл туралы Politico басылымы өз дереккөздеріне сүйене отырып жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Лондон әуежайында экс-футболшы зорлау ісі бойынша қамауға алынды
Англия құрамасының бұрынғы футболшысы Лондондағы Стэнстед әуежайында зорлау күдігімен ұсталды. Бұл туралы Daily Star басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Швейцария ынтымақтастықты кеңейтуді көздеп отыр
Қазақстан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Швейцарияның Берн қаласына ресми сапармен барып, швейцариялық әріптесі Иньяцио Кассимен кездесті. Келіссөздерде екі ел арасындағы саяси байланыстардың жоғары деңгейі, достық және өзара сенімге негізделген қатынастардың одан әрі нығайтуға деген ниет білдірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ДДСҰ әлемде қызылша ауруының қайта өршігенін ескертті
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жаңа есебінде әлем қызылшаның қайта өршгені айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ HealthDay басылымына сілтеме жасап.
-
Мадуро кетсе, АҚШ әскері әрекет етуге дайын – Пентагон
АҚШ әскери министрлігінің баспасөз хатшысы Кингсли Уилсон Венесуэла президенті Николас Мадуро қызметінен кетсе, ведомствоның кез келген күтпеген жағдайға дайын іс-қимыл жоспары барын хабарлады. Ол министрліктің жоспарлаумен айналысатынын және кез келген оқиғаға дайын екенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Индонезиядағы су тасқыны құрбандарының саны 700-ден асты
Индонезияның Суматра аралында муссондық жаңбыр мен сирек кездесетін тропикалық дауылдан кейін болған жаппай су тасқыны мен көшкін салдарынан қаза тапқандар саны 708-ге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ The Guardian басылымына сілтеме жасап.
-
Трамп: АҚШ Украинадағы дағдарысты қаржыландыруды тоқтатады
АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонда өткен кабинет отырысында елдің Украинадағы соғысқа қаржылық түрде қатысуын тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Ыстамбұлдан ұшып шыққан ұшақ Ақтау маңында мәжбүрлі түрде қонды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ыстамбұлдан Ақтөбеге ұшып келе жатқан Pegasus Airlines рейсі Ақтау маңындағы далаға мәжбүрлі түрде қонды. Бұл туралы BAQ.KZ Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.
-
Астанада екі көлік соқтығысып, төрт адам ауруханаға түсті
Астанада Сығанақ пен Ақмешіт көшелерінің қиылысында Geely және Toyota көліктері соқтығысып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх