Все новости за 20 қыркүйек 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Ұлы дала жорығы – 2025: бірінші кезеңнің жеңімпазы анықталды
Бүгін халықаралық "Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесінің бірінші кезеңі аяқталды. Түстен кейін 18 команда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылынан жорық бастап, Жангелдин ауданы Тәуіш ауылының маңынан аялдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Таза Қазақстан": Астанада жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
Астананың Сарыарқа ауданында Жамбыл көшесі, 8 мекенжайында тұрғындарға арналған жаңа демалыс орны ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Тарихи жеңіс: Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Qazsporttv-ге сілтеме жасап.
-
Найзағай, жаңбыр: 21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" 2025 жылғы 21 қыркүйекке арналған Қазақстан аумағындағы жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлемдік "World CleanUp Day" экологиялық акциясы
Бүгін бүкіл әлемде өтетін «World CleanUp Day» акциясы аясында Республика аумағында қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға және халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кең ауқымды экологиялық бастама жүзеге асырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына орай Қостанай облысында "Ұлы дала жорығы" марафоны басталды
Қостанай облысының Торғай ауылында ұлы ақын әрі «Алаш» қозғалысының қайраткері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай мерекелік іс-шаралар өтті. Оған Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Парламент депутаттары және қалың жұртшылық қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұйықтап бара жатып шошып ояну қауіпті ме?
Кейде көз іле бастағанда кенеттен қатты селк етіп, бейнебір тұңғиыққа құлап бара жатқандай күй кешесіз. Жүрек дүрсілдеп, дене дір етіп, ұйқыңыз бұзылады. Дәрігерлер бұл құбылысты түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Зеленский БҰҰ Бас Ассамблеясында Трамппен кездеседі
Украина президенті Владимир Зеленский келесі аптада Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Bloomberg-ке сілтеме жасап.
-
Гонконг тұрғындары бомба қаупінен жаппай эвакуацияланды
Гонконгтің Куорри-Бей ауданындағы құрылыс алаңынан ұзындығы 1,5 метр, салмағы шамамен 450 келілік америкалық бомба табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Associated Press-ке сілтеме жасап.
-
Мал ұрлығының алдын алу: Қарағанды облысында мобильді бекеттер қойылды
Қарағанды облысында мал ұрлығының алдын алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мүлкін қорғау мақсатында 15 қыркүйектен бастап республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда 20 мобильді бекет жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Зеленский: Украинаға бейбіт келісімнен бұрын қауіпсіздік кепілдігі қажет
Украина президенті Владимир Зеленский журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, елде соғысты "корейлік" немесе "финдік" үлгі бойынша аяқтау мәселесі талқыланбайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ УНИАН-ға сілтеме жасап.
-
Еуропада бірнеше әуежай кибершабуылдан зардап шекті
Еуропаның бірнеше ірі әуежайы жолаушыларды тіркеу мен отырғызу жүйелерін қамтамасыз ететін ортақ сервистік компанияға жасалған кибершабуыл салдарынан жұмыстағы кедергілерге тап болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлем чемпионаты: Балуан Ержет Жарлықасын ширек финалда бақ сынайды
Қазақстандық балуан Ержет Жарлықасын грек-рим күресінен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем біріншілігінің ширек финалында бақ сынайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Рекорд: Алматы облысында әлемдегі ең үлкен түйе керуені өтті
Алматы облысы Іле ауданы Құрты ауылдық округінде «Әлемдегі ең үлкен түйе керуені – 2025» атты мәдени шара өтіп, Қазақстан Гиннес рекордын жаңартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Газа секторындағы қаза тапқандар саны 65 208 адамға жетті
2023 жылғы 7 қазаннан бері Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан қаза тапқан палестиналықтар саны 65 208 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu-ға сілтеме жасап.
-
Мәнерлеп сырғанау: Диас Жиренбаев Олимпиадаға іріктеу турнирінде өнер көрсетті
Мәнерлеп сырғанаудан Қытайдың Бейжің қаласында Олимпиадаға іріктеу турнирі аясында ерлер арасындағы жекелей сайыс өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Камчаткада 5,8 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді
Камчаткада 5,8 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасап.
-
3500 теңге: АШМ сиыр етінің бағасына қатысты мәлімдеме жасады
Соңғы уақытта ішкі нарықта сиыр еті бағасының өсуі байқалып, тұтынушылар арасында алаңдаушылық тудыруда. Осыған байланысты ҚР АШМ ірі қара мал еті өндірісінің өзіндік құны мен баға қалыптастыру құрылымы жөнінде ағымдағы жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әбиба Әбужақынова Әлемдік рейтингте көш бастады
Қазақстандық спортшы Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте бірінші орынға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.
-
АҚШ-та әскери тікұшақ құлап, төрт әскери қаза тапты
АҚШ-тың солтүстік-батысында, Вашингтон штатында әскери тікұшақ апатқа ұшырап, төрт америкалық әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
-
БҰҰ конференциясында 10 ел Палестинаны мойындауға ниетті
22 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында өтетін конференцияда он мемлекет Палестина мемлекеттігін мойындайтынын жариялауға ниетті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС-қа сілтеме жасап.
-
Қостанайда Міржақып Дулатұлына алғашқы ескерткіш орнатылды
Қостанайда қазақтың ұлы ағартушысы, ақын әрі жазушысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан ТМД елдері ішінде қонақүй броньдау бойынша көш бастады
2025 жылдың жазында ТМД елдері ішінде қонақүй броньдаудың ең жоғары өсімі Қазақстанда тіркелді. ТАСС-қа сілтеме жасаған зерттеу деректеріне сәйкес, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 64%-ға артқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қостанайда экс-шенеуніктердің мүлкі қалай қайта бөлініп жатыр?
Қостанайдың бұрынғы әкімі пара алғаны үшін 13 жылға сотталған еді. Оның мейрамханасы үкім шыққанына он жылға жуық уақыт өткен соң ғана сатылды. Әрі бастапқы бағасынан шамамен 10 есе арзанға кеткен. Ал бұрынғы облыс әкіміне тиесілі резиденцияны қазір оңалту орталығына айналдыру үшін қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Толығырақ BAQ.KZ тілшісінің материалынан оқи аласыздар.
-
Міржақып Дулатұлына 140 жыл: Қошанов Президенттің құттықтауын оқыды
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған ескерткіштің ашылуына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сиыр еті неге қымбаттап жатыр?
Көпшілік сиыр еті бағасының қымбаттауын «бағаның өсуі» деп қабылдайды. Бірақ іс жүзінде бұл – әділ бағаның орнауы, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы тауларында аяғын жарақаттаған шетелдік турист құтқарылды
Алматы тауларында құтқарушылар «Пионер» шыңынан шетелдік турист әйелді эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Заңсыз активтерді қайтару: 850 млрд теңге мемлекет кірісіне түсті
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмысын оң бағалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада Backstreet Boys концерті кезінде шаттл-маршруттар іске қосылады
Астанада 21 қыркүйек күні әйгілі Backstreet Boys тобының концерті өтеді. Көрермендердің ыңғайлылығы үшін бұл күні арнайы автобустар ұйымдастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тәліптер Ауғанстанда әйелдер мен ирандық авторлардың кітаптарына тыйым салды
Ауғанстанда сөз бостандығы мен академиялық ортаға соққы болған жаңа шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
-
Демеу Жадыраев әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады
Хорватия астанасы Загребте грек-рим күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионатында 4 салмақта жүлдегерлер бақ сынасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақмола облысында әлеуметтік қызметкер қарияның зейнетақысын жымқырды
Ақмола облысы Атбасар ауданында полицейлер зейнетақы төлемдерін жымқыру ісін тергеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Қазақстан мен Малайзия халал индустриясында әріптестікті кеңейтеді
Қазақстан алғаш рет Куала-Лумпурда өткен Malaysia International Halal Showcase (MIHAS-2025) көрмесіне қатысып, ұлттық павильонда 20 отандық компанияның өнімін ұсынды. Бұл – елдің халал индустриядағы экспорттық әлеуетін және жаһандық нарыққа шығуға ұмтылысын көрсететін маңызды қадам, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы әкімі бірқатар аудан басшыларына қатаң сөгіс жариялады
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаладағы жол төсемінің шөгуі, траншеялардың шайылуы және жиектастардың негізсіз ауыстырылуына байланысты бірқатар аудан әкімдеріне қатаң сөгіс жариялап, жауапты лауазымды тұлғаларды қызметінен босатты.
-
Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 20 қыркүйекте еліміздің бірқатар қаласында қолайсыз метеожағдайлар болжануда, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Түркияда орман өртіне байланысты туристер қонақүйлерден эвакуацияланды
Түркияның Анталия провинциясына қарасты Белек курорттық қаласында 19 қыркүйекте шыққан орман өртіне байланысты туристерді қонақүйлерден эвакуациялау басталды. Бұл туралы Antalya Hakkında порталы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ пен Қытай TikTok бойынша ортақ шешімге келді
АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлескенін және TikTok-тың АҚШ-тағы болашағына қатысты мәміленің мақұлданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
-
Қазақстан мен Армения экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті
19 қыркүйекте Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық Қазақстан-армян комиссиясының 11-отырысы өтті.
-
28 қыркүйектен бастап Иранға БҰҰ санкциялары қайта енгізілуі мүмкін
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Иранға қарсы санкцияларды алып тастау жөніндегі қарарды қабылдай алмады. Құжатты Кеңестің төрағасы – Оңтүстік Корея ұсынып, ол 9 елдің қолдауын жинай алмай, қажетті дауысқа жетпеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
-
Босфорда паром жүк кемесімен соқтығысып, сегіз жолаушы жарақат алды
Стамбулдағы Босфор бұғазында жолаушылар паромы құрғақ жүк кемесімен соқтығысып, кемінде сегіз адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ CNN Turk-ке сілтеме жасап.
-
Трамп 25 қыркүйекте Ердоғанды Ақ үйде қабылдайды
АҚШ президенті Дональд Трамп Түркия көшбасшысы Режеп Тайып Ердоғанды 25 қыркүйекте Ақ үйде қабылдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісуда жасөспірімдерді заңсыз діни сабақтарға тартқандар әшкереленді
Жетісу облысында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері ҰҚКД және прокуратура өкілдерімен бірлесіп, жасөспірімдерді тіркелмеген діни ағымға тарту әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
ЕО 2027 жылдан бастап ресейлік сұйытылған газ импортына тыйым салуды ұсынды
Еуропалық комиссия Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетінің бір бөлігі ретінде алғаш рет ресейлік сұйытылған табиғи газға импорттық тыйым салуды ұсынды.
-
Сот Трамптың New York Times-қа қарсы ісін қабылдамады
АҚШ-тың Федералды судьясы Дональд Трамптың New York Times газетіне қарсы 15 миллиард доллар көлеміндегі жала жабу туралы шағымын қабылдамай тастады, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Наверх