Все новости за 16 қыркүйек 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Бір пәтерді бірнеше адамға сатқан: Ақтауда компания басшысы қамауға алынды
Ақтауда "Global Construction bi" ЖШС-нің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
-
Тұман, аяз, найзағай: 17 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 17 қыркүйекте еліміздің 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.
-
Өскемен прокуроры қызметінен уақытша шеттетілді
Өскемен қаласының прокуроры Тимур Чакпантаев қызметінен уақытша шеттетілді.
-
Қазақстандық фильмдер шетелдік кинофестивальдерде үздік атанды
Қазақстандық жас режиссерлердің туындылары халықаралық деңгейде жоғары бағаланып жатыр.
-
ТЖМ тікұшағы жаңа туған нәрестені шұғыл түрде Қызылордаға жеткізді
Бүгін күндіз ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің әуе кемесі Қызылорда облысы Төретам елді мекенінен жаңа туған сәбиді Қызылорда қаласына шұғыл эвакуациялады.
-
Талдықорғанда сот орындаушысы алимент қаржысын ұрлады
Жетісуда сот орындаушысы алимент төлеуге арналған қаржыны жымқырған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Бейнеу-Сексеуіл" автожолы құрылысын қаржы ұйымдары қалай қолдайды?
Үйлестіру кеңесі "Бейнеу-Сексеуіл" автожолы құрылысының жобасын ЕҚДБ және ХҚДБ-ның қаржыландыруын мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлем чемпионаты: Боксшы қыздарымыздың жеңіс биі трендке айналуда
Боксшы қыздарымыз әлем чемпионатында жарқырап, жеңіс тұғырынан көрінді. Қуанышты сәтте түсірлген олардың жеңіс биі трендке айналуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент жас шахматшылармен кездесті
Мемлекет басшысы Шахмат үйіне барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Әлемнің сегізінші кереметі. Терракота сарбаздарының қандай құпиясы бар?
Шэньси провинциясындағы Терракота сарбаздары музейі – мыңдаған туристі қызықтырған ерекше тарихи мұра, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Сиань қаласынан.
-
ЖИ Қазақстан экономикасын қалай өзгертеді?
Экономист Айбар Олжай “15 минуттық экономика” жобасында жасанды интеллектінің экономикаға әсерін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мемлекет басшысы Digital Aqmola орталығында болды
Мемлекет басшысы Digital Aqmola орталығында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Көшеде киімсіз серуендеген қызылордалық жазаланды
Қызылорда қаласында көшеде киімсіз серуендеген адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
11,4 миллиард теңгенің жобасы: Қосшы газға қосылды
Мемлекет басшысы телекөпір арқылы Қосшы қаласын табиғи газға қосу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілетеме жасап.
-
Шудағы медициналық шу: Дәрігерлер қателігінен әйел үш күрделі операцияға түсті
Шудағы ауруханада жасалған жоспарлы операциядан кейін әйелдің жағдайы күрт нашарлап, үш күрделі ота жасалды. Ол сотқа жүгініп, медиация нәтижесінде хирург пен аурухана өтемақы төлеуге келісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент баспаналы болған отбасыларды құттықтап, шаңырақтарынан дәм татты
Қасым-Жомарт Тоқаев баспаналы болған отбасыларды құттықтап, шаңырақтарынан дәм татты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Салық тексерісі: банктегі ақшаңыз қауіпсіз бе?
Қазақстанда 15 қыркүйектен бастап банктерге азаматтардың банк шоттарына қатысты деректерді мемлекеттік кірістер органдарына беру міндеті енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сорпаға дәрет сындырған жасөспірімдердің ата-анасына айыппұл салынды
Жасөспірімдер сорпаға дәрет сындырғаннан кейін, олардың ата-аналары өтемақы төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елордалық студенттер қытай мәдениетіне саяхат жасады
Астанадағы Қытай Халық Республикасының елшілігі алғаш рет қазақстандықтарға өз есігін айқара ашты. Ашық есік күніне келгендер үшін Қытайға “саяхат” ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Шылыммен күйдіріп, азаптаған": Жасөспірімді қинаған әкімдік қызметкері қамауға алынды
Алматы облысында Масақ ауылдық округі әкім аппаратының қызметкері 16 жастағы қызға жасалған ауыр азаптаулар мен зорлық-зомбылық ісіне қатысы бар деген күдікпен уақытша қызметінен шеттетіліп, қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан діни нысандарды қорғауға ерекше мән береді – Әшімбаев
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі қарсаңында Астанада БҰҰ Өркениеттер альянсының арнайы сессиясы өтті. Жиында Қазақстан Сенатының төрағасы, Съезд Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев діни нысандарды қорғаудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қызметкер жарақат алса, кім өтемақы төлейді?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2005 жылдан бастап Қазақстанда қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру заңнамалық тұрғыда енгізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Трамп The New York Times-ті 15 млрд долларға сотқа бермек
АҚШ президенті Дональд Трамп The New York Times газетіне қарсы 15 млрд доллар көлемінде сотқа талап арыз беретінін мәлімдеді. Ол басылымды жалған ақпарат таратып, демократтарды қолдады деп айыптады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
“Тұрмыстық тұтынушылар үшін емес”: Алматы электр энергиясының қымбаттауына қатысты түсініктеме берілді
Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті қоғамдық тыңдауларда талқыланған электр энергиясы тарифінің көтерілуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Көкшетауда 2050 жылға дейін 500 мың тұрғынға арналған инфрақұрылым салынады
Президент Көкшетау қаласының 2050 жылға дейінгі Бас жоспарымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
БҰҰ өкілі діни орындардың қауіпсіздігін күшейтуге шақырды
БҰҰ Бас хатшысының өркениеттер альянсы жөніндегі жоғарғы өкілі Мигель Анхель Моратинос діни нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бүкіл адамзат үшін негізгі құндылық екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек – Мемлекет басшысы
Қазақстан Республикасының Президенті халыққа әлеуметтік көмек көрсету мәселесіне ерекше назар аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Астанада өтетін Backstreet Boys концертіне қанша турист келеді?
Елордадағы «Астана Арена» стадионында Backstrеet Boys тобы концерт өткізеді. Концертке қанша турист келетіні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Уәде бердім, оны орындайтын кез келді – Тоқаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Қостанай облысына ресми сапармен баратынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті Съезі 2028 жылы өтеді
Бүгін елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының XXIII отырысы өтіп, онда VIII Съездің қорытынды декларациясының жобасы мақұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ет – қымбат, шұжық – қолжетімді: Қазақстандықтар қалай тамақтануда?
Соңғы жылдары Қазақстанда қымбат ет түрлерін тұтыну азайып, шұжық пен сосиска сияқты өңделген өнімдерге сұраныс артып келеді. Халық бұрынғыдай ет сатып ала алмай, қолжетімді әрі ұзақ сақталатын баламаларға – шұжық, сарделька мен тауық етіне көше бастаған. Бұл тек тұтынушының күнделікті тамағына ғана емес, елдегі ет өңдеу өнеркәсібі мен сауда нарығына да әсер етіп отыр. Қазақстандықтар сиыр етінің орнына шұжық өнімдерін жиі таңдай бастады. 2025 жылдың алғашқы жеті айында Қазақстанда 44,5 мың тонна шұжық өнімдері өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,8%-ға артық, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Energyprom-ға сілтеме жасап.
-
Үш жасар баладай көлемдегі алып изумруд табылды
Алып изумрудтың салмағы 241 кг асыл тас шамамен 176,7 млрд теңгеге бағаланып отыр, аукциондағы бастапқы бағасы – 9,2 млрд теңге, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі WDAF-TV басылымына сілтеме жасап.
-
Алматы облысында жүргізуші өз көлігінде жанып кетті
Алматы облысында жеңіл автокөлік алда кетіп бара жатқан жүк көлігінің тіркемесіне соғылып, өртеніп кетті. Жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент ауыл шаруашылығына цифрлық технологияны тездетіп енгізуді тапсырды
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығына цифрлық технологияны тездетіп енгізуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Жеңілдетілген несие: Ауыл шаруашылығына 1 триллион теңге бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл ауыл шаруашылығына жеңілдетілген несие беру үшін 1 триллион теңге бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының XXIII отырысы өтті
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қарсаңында бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында Съезд Хатшылығының XXIII отырысы өтті. Онда ортақ миссияға табан тіреген түрлі дін өкілдері алдағы VIII Съезге және Форумның Ізгі ниет елшілерін сайлауға қатысты мәселелерді талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жұмыстан шығарылған үш мұғалім директордан өтемақы өндіріп, қызметтеріне қайта оралды
Жамбыл облысында Жуалы аудандық соты жергілікті мектеп пен зейнет жасына жеткен соң жұмыстан шығарылған үш мұғалім арасындағы еңбек дауын қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев: Көкшетаудың балмұздағын сатып аламыз
Президент Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен саланың жай-күйі, шаруалардың жетістіктері, сондай-ақ қордаланған мәселелері жөнінде әңгімелесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Қонақ күтіп жүріп, баласынан айрылды": Дәрігер аналарға кеңес айтты
Семей қаласында 12 жыл дәрігер-патологоанатом болып жұмыс істеп жүрген Жансая Советхан әлеуметтік желідегі парақшасында көптеген анаға сабақ болар қайғылы оқиғаны айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әжімнен қалай құтылуға болады? – Маман кеңесі
Дерматологтар күрделі көпқадамды тері күтімі трендтеріне күмәнмен қарайды. Мамандардың айтуынша, қымбат әрі сәнді құралдардан гөрі жұмсақ тазартқыш, ылғалдандырғыш және күннен қорғайтын крем – теріні сау ұстаудың ең қарапайым әрі тиімді жолы, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
БҰҰ комиссиясы Израильді геноцид жасады деп айыптады
Біріккен Ұлттар Ұйымының Тәуелсіз халықаралық тергеу комиссиясы Израильдің Газа секторында палестиналықтарға қарсы геноцид жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.
-
Мамандар қысқа ұйқының пайдасын түсіндірді
Шетелдік мамандар күндізгі қысқа үйқының пайдасын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Балаң полицияда": Өгей әке әйелінің бұрынғы күйеуінен 1,5 млн теңге талап етті
Қостанай облысында 30 жастағы ер адам әйелінің бұрынғы күйеуінен 1,5 млн теңге бопсалаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақмола облысындағы егін даласы: Биылғы науқанның табысты қадамдары
Мемлекет басшысы Ақмола облысындағы егін жинау науқанымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
"Реал" Алматыға қандай құраммен келеді?
Алматыда өтетін Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі “Қайрат” – “Реал” матчы қарсаңында мадридтік клубтың қандай құраммен Қазақстанға келетіндігі жөнінде болжамдар айтылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы маңындағы ауыл тұрғындары қоқыс полигонынан шыққан түтінге тұншығып отыр
Алматы облысы Іле ауданының тұрғындары қала жанындағы бірнеше күннен бері өртеніп жатқан қоқыс полигонынан шыққан түтінге тұншығып жатқанын айтып, жергілікті билік өкілдеріне шағымданды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада балалар мен жасөспірімдер арасындағы конкур жарысы өтті
Астанада балалар мен жасөспірімдер арасындағы конкур жарыстары мен ат шоуын қамтыған «Prestige кубогы» спорттық іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Жеңіл ақша" түрмеге жетелейді: Қазақстанда дропперлік үшін қылмыстық жаза енгізілді
2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне ресми түрде жаңа 232-1-бап енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Балаларымның жекпе-жегін қарамаймын – Сабырхандардың анасы
Ливерпуль қаласында өткен World Boxing әлем чемпионатында боксшы бауырлар Махмұд Сабырхан мен Төрехан Сабырхан чемпион атанып, жеңіс сыйлады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қартаюды тоқтататын 5 құпия әдіс табылды
Қартаймау – адамзаттың ежелгі арманы. Әр адам жастығын ұзақ сақтап, сымбатты әрі сергек болуды қалайды. Бүгінде медицина мен ғылым қартаюды тежейтін нақты тәсілдерді дәлелдеп отыр.
-
Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды
Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Сел мен көшкіннен 11 адам қаза тапты
Малайзияның Сабах штатында бірнеше жерде болған көшкін салдарынан 11 адам қаза тауып, бір тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағынан тіс емдеуге қаржы алуға тыйым салынады
Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі "Ашық НҚА" порталында жаңа бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жанармай неге тапшы: Энергетика министрлігі көрші елдегі жағдайды түсіндірді
Ресейде жанармай тапшылығы артып, жекелеген жанармай құю бекеттері бензиннің жетіспеушілігінен жұмысын тоқтатуға мәжбүр болып жатқанда, Қазақстанда жағдай тұрақты. Бұл туралы еліміздің Энергетика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Түркістанда ұлынан таяқ жеген қарияның денесі қайта қазып алынды
Түркістан облысының Шардара ауданында өз әкесін соққыға жыққан ер адамның ісіне байланысты марқұмның денесі эксгумацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алтын бағасы қымбаттап, рекорд орнатты
15 қыркүйектегі сауда барысында Comex биржасында желтоқсан айындағы фьючерстердің бағасы қымбаттады. Бұл күнгі саудада алтынның бағасы 3722,4 долларға жетті. 16 қыркүйек күнгі бағалы металл бағасы 3682 долларды құрады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Вирусқа қарсы вакцинация басталды
Конгоның Касаи провинциясында Эболаға қарсы вакцинация салынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Газадағы шабуыл, Венесуэла-АҚШ текетіресі, Трамп пен Си келісімі, Конгодағы вирус
BAQ.KZ тілшісі соңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылды.
-
Пробация бақылауындағы 2 мың сотталушы түрмеге қайта жіберілді
Құқықтық тәртіпті нығайту және қылмыстың қайталануын болдырмау мақсатында прокуратура органдары пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар арасындағы құқық бұзушылықтарды төмендетуге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Чемпиондар лигасы: "Қайрат" Реал Мадридке қарсы тарихи матчқа 18 жастағы қақпашымен шығуы мүмкін
"Қайрат" Чемпиондар лигасында Реал Мадридке қарсы тарихи ойында негізгі қақпашысынан айырылды. Енді 18 жастағы Шерхан Қалмұрза қақпаны қорғауы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ASNews.kz (BorodAbata) дерегіне сілтеме жасап.
-
Астанада тірі ата-анасын "жерлеп", ақша алмақ болған ер адам ұсталды
Астанада ата-анасының қазасы туралы жалған ақпарат таратып, ақша жинаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қарағанды облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа медициналық пункт ашылды
Қарағанды облысы Шет ауданы Еңбекшіл ауылында жаңа медициналық пункт жұмысын бастады. Әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістан облысында ер адам әйелін балғамен ұрып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады
Түркістан облысында ер адам әйелін балғамен ұрып өлтіріп, одан кейін өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде Орталық Азияда теңдесі жоқ ауқымды спорт нысаны іске қосылды
Түркістан қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында бірегей спорт нысаны – Есу арнасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада Арыс көпірі 10 күнге жабылды
Астананың екі жағалауын жалғап тұрған Арыс көпірі 10 күнге жабылатын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ
-
Ердоған Израильге қарсы қатаң санкциялар енгізуге шақырды
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Израильдің аймақтағы әрекеттері тұрақтылыққа қауіп төндіретінін айтып, ислам әлемін оған қарсы қатаң санкциялар енгізуге шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu басылымына сілтеме жасап.
-
Әлем чемпионаты: Боксшыларымыз қанша сыйақы алады?
Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан әлем чемпионаты аяқталды. Ұлттық құрама 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Оқушы өлімі: Таразда шенеуніктер сөгіс алды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың артуына байланысты жедел кеңес өткізіп, оның қорытындысы бойынша бірнеше лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда жүк көлігі газ құбырына соғылып, аударылып қалды
Алматыда кеше шамамен 16:40-та Бостандық ауданында жүк көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамп Си Цзиньпинмен сөйлеспек ниетте
АҚШ президенті Дональд Трамп 19 қыркүйекте Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.
-
"Қазгидромет" ауа райына байланысты ескерту жасады
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 15 өңір мен елордада қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырауда браконьерлерге 21 миллион теңгеден астам айыппұл салынды
Жайық–Каспий бассейнінде инспекторлар браконьерлікпен күресті күшейтті. Сегіз айдың ішінде 1541 заңбұзушылық анықталып, жүздеген хаттама толтырылып, 89 іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ "Ақ Жайық"-сілтеме жасап.
-
Каспий теңізінде 4 балдық жер сілкінісі болды
Жерасты дүмпуін әзербайжандық сейсмологтар тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
-
16 қыркүйекке арналған валюта бағамы
Ұлттық банктің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы облысында алапат өртке байланысты республикалық тасжол жабылды
"ҚазАвтоЖол" Алматы облысында алапат өртке байланысты республикалық тасжол жабылатынын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх