Все новости за 24 маусым 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Карантин. Жаңаөзен мен Қарақия жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы мен Қарақия аудандары 13 шілдеге дейін карантинге жабылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қызылорда облысынан көне кесене табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ортағасырлық Қышқала қалашығы (ХІІІ-ХҮ ғ.ғ.) – Қызылорда облыс, Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылының маңында орналасқан.
-
Биылғы ҰБТ тапсыратындарда мүмкіндік көп болды - талапкер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Атбасар қаласы №7 қазақ орта мектебінің түлегі Нурдыбек Әділбек биылғы ҰБТ тапсырушыларға сәттілік тілеп, өз ойымен бөлісті.
-
Балқаш көлінің жағасындағы улы қалдықтың соңғы бөлігі шығарылады
Екі айдың ішінде Балқаш жағасынан 6002 улы конденсатор мен құрамында ПХД қалдығы бар үш контейнер залалсыздандыруға жіберіледі.
-
Азаматтар қайда жүрсе де онлайн тіркеле алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі бір кезеңге басқа қалаға жұмыс, оқу, емделу үшін немесе басқа да себептер бойынша келген азаматтар тұрғылықты жері бойынша "электрондық үкімет" порталында уақытша тіркеуге өтініш бере алады.
-
Қызылорда облысында екі науқас көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ️Қызылорда облысында коронавирус індетінен 2 науқас көз жұмды. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
-
Қазақстандағы коронавирус тіркелмеген аудан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі күні Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында коронавирустық инфекция жұқтырудың бірде-бір жағдайы ресми тіркелген жоқ. Дегенмен, аудан тұрғындарына босаңсуға болмайды, сондай-ақ санитарлық ережелерді ұстану қажет.
-
ҰБТ-2020: Төртінші күннің аралық қорытындысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҰБТ-ның төртінші күні 77 тестілеу пунктінде 12 581 адам қатысады деп жоспарланды. Оның 96%-ы тест тапсырды.
-
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі облыс әкімінің орынбасары атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "100 нақты қадам" – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен және әкімнің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Нұралиев Айдар Аллабергенұлы тағайындалды.
-
Қазақстанда жұмыс істегісі келетін шетелдіктер анықтаманы онлайн ала алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктіліктің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту" қызметін онлайн режимге ауыстырды.
-
Жыл басынан бері автокөлікпен 5,3 млн жолаушы тасымалданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері автомобиль көлігі саласында республика ішінде 5,3 млн жолаушы, 675,3 млн тонна жүк тасымалданды.
-
300-ге жуық адам науқасынан айықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 297 адам коронавирустан жазылып шықты. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
-
Біреуді түрмеден шығармақ болған алаяқтың өзі түрмеге түсіп қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері туысын түрмеден шығарып беремін деп тұрғынды алдаған алаяқты ұстады.
-
Елімізде 6 млн-ға жуық адам спортпен шұғылданады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Халықты бұқаралық дене шынықтыруға баулу тұрғысында елімізде спорт нысандарын салу жалғасып жатыр.
-
"Барысқа" жаңа шабуылшы қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Барыс" хоккей клубының сапына жаңадан шабуылшы қосылды, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.
-
Нұр-Сұлтан әкімдігінде 62% әйелдер қызмет етеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік аппарат қызметкерінің орташа жасы – 36,4 жастағы азаматтар, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
СҚО-да полицейлер жыл басынан 29 интернет-алаяқтықты ашты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері банк карталарының деректерін пайдаланумен жасалған бірнеше алаяқтықты ашу бойынша жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады Polisia.kz.
-
"ÓNEGE" жобасы аясында қиын жағдайға тап болған 350 адамға көмек берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті.
-
ҰБТ: Түркістандық түлек республикада ең жоғарғы балл жинады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Теспе жалпы орта мектебінің оқушысы Әбдіманап Абзал Ұлттық бірыңғай тестілеуден 138 балл жинап, үлкен жетістікке жетіп отыр. Бұл - бүгінде Республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.
-
Атырауда дене қызуын түсіретін дәрілердің тапшылығына түсініктеме берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұрғындардың дәрі-дәрмектерді аса қажет болмаса да сатып алып жатқандығы қалада дүрбелең туғызуда, деп хабарлады Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.
-
Нұр-Сұлтан халқы 23 жылда 3 есе өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жиырма жылдан астам уақыт ішінде қала көптеген әлем астанасын, соның ішінде Вашингтонды басып озып, "миллионерге" айналды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
-
"КамАгро" әрекетінен зардап шеккен фермерлерге қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі – АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі ресейлік "КамАгро" Сауда үйі" компаниясының қазақстандық 16 фермерге мал жеткізу төңірегінде туындаған мәселелерге байланысты хабарлама таратты.
-
Мамин "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес отырысы өтті.
-
Шығыс Қазақстанда жел соғып, бұршақ жауады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.
-
Мақтааралда 55 үйдің құрылысы аяқталуға жақын
Мұнда қазіргі таңда 386 үйдің құрылысы жүргізілуде
-
Иммунитетті көтеру үшін жылқының етін жеу керек – Дәленов
Иммунитетті көтеру үшін қандай талаптарды орындаған жөн? Бұл сұраққа Астана мемлекеттік медицина академиясының профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасының меңгерушісі Ерболат Дәленов жауап берді.
-
Ақтөбе полицейлері ірі көлемде есірткі затын тәркіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері ірі көлемде есірткі затын тәркіледі.
-
Салтанат Рахымбекова Қазақстан Азаматтық альянсының президентi болып сайланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның Азаматтық Альянсы Кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті.
-
2022 жылға дейін 100 спорттық нысан салынып бітеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы жолдауында үкіметке және әкімдерге кем дегенде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды тапсырған болатын.
-
Тоқаев Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына орай Мәскеуде, Қызыл алаңда өткен әскери парадқа қатысып, "Белгісіз солдат" қабіріне гүл шоғын қойды.
-
Қырғыз президенті оқшауланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды 24 kg.
-
Қазақстан мен Әзербайжан арасында автокөлікпен жүк тасымалдау артып келеді
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Әзербайжан Республикасының Көлік, байланыс және жоғары технологиялар министрі Рамин Намиг оглы Гулузаде телефон арқылы сөйлесті.
-
Айдос Үкібай Назарбаевтың денсаулығы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай коронавирус жұқтырған Елбасының жағдайын айтты.
-
"Еуропа әлемінде" атты ертегілер кітабы жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі тұңғыш рет "Еуропа әлемінде" атты ертегілер жинағын қазақ тілінде жарыққа шығарды. Кітап - Еуропаның мәдени мұрасының бірыңғай топтамасы ретінде Еуропалық Одақ елдерінің аңыздары мен басқа да дәстүрлі ертегілердің жинағы.
-
Сот Бразилия президентін маска тағуға міндеттеді
Бразилия соты ел президенті Жаир Болсонаруды қоғамдық орындарда маска тағуға міндеттеді, деп хабарлады Reuters агенттігі.
-
"Жетібай – Жаңаөзен" жолының жұмыстары маусымның соңына дейін аяқталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында автомобиль жолдары саласындағы ірі республикалық "Жетібай – Жаңаөзен" жобасын іске асыру шаралары аяқталуға жақын. Жолдың 2 учаскесінің біріндегі жұмыстар осы жылдың наурызында аяқталған болатын.
-
Өскелең ұрпақтың тәрбиесі алаңдатып отыр – ІІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өскелең ұрпақтың тәрбиесі алаңдатып отыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев онлайн өткен дөңгелек үстел барысында айтты.
-
Коронавирустан 28 тамызда толық құтыламыз – Бақыт Жұматова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуразия бірінші арнасындағы Basty Prime бағдарламасында экстрасенс, көріпкел Бақыт Жұматова коронавирус індеті қашан аяқталатынын айтты.
-
40 жыл халық сенімін ақтаған өскемендік автобус жүргізушісі
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Еңбек жолы бір ғана мекемемен байланысты Өскемен қаласының Құрметті азаматы Замза Қырықбаев 40 жыл бойы автобус жүргізушісі болып халық сенімін ақтаған ақсақал.
-
Тоқаев "Белгісіз солдат" қабіріне гүл шоғын қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеуде Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына орай әскери парад өтіп жатыр. Бұл шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысуда.
-
Балаева дағдарыс орталықтарының жұмысын сынға алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева онлайн өткен дөңгелек үстел барысында дағдарыс орталықтарының жұмысын сынға алды.
-
Мақтааралдықтардың бұрынғы жерлері өз иеліктерінде қалады
Мақтаарал ауданы Атакент кентіндегі "Мақтаарал" жалпы орта мектебінде орналасқан эвакопунктте арнайы штаб мүшелері су басқан Жеңіс ауылының тұрғындарымен кездесті
-
Шымкенттегі эпидемиологиялық ахуал бақылауда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен қаладағы инфекциялық аурулардың таралуы бойынша жиналыс өтті. Онда Шымкент қаласындағы эпидемиялогиялық ахуал туралы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рустам Албаев баяндама жасады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Жемқорлық тақырыбына марка шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пен "Қазпошта" АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған пошта маркаларын сатылымға шығару рәсімін өткізді.
-
#НеМолчиkz: Зорлық құрбандары тыныштықты бұзды
"НеМолчиkz" қоғамдық қорының президенті Дина Смайылова зорлық-зомбылық туралы заңға енгізілетін жаңашылдықтардың барлығы сарапшылар мен қоғамның ортақ қалауы екенін жеткізді.
-
Қостанай облысының әкімі COVID-19 жұқтырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің КВИ жұқтырғаны белгілі болды.
-
Заң жобасы отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайын өзгертуі керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістегі "Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасын дайындау бойынша жұмысшы тобының жетекшісі Айгүл Нуркина заң жобасының ерекшелері туралы айтып берді.
-
Нығматулин жоқта қоқысты өртейтін заң жобасы қабылданып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қатты қалдықтарды өртеу арқылы электр энергиясын алуды көздейтін заң жобасын екінші оқылымда мақұлданды.
-
"Birgemiz". Ауылдағы 80 мың мұқтаж отбасы көмек алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Birgemiz" қоры таяу уақытта біржолғы атаулы көмек көрсетудің төртінші кезеңін ұйымдастырады.
-
Зорлық-зомбылықпен күрес: тек құқықтық шаралардың болғаны аз – Балаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Зорлық-зомбылықпен күресте тек құқықтық шаралардың болғаны аз, деді ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева онлайн өткен дөңгелек үстел барысында.
-
71 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 71 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.
-
Арыс оқиғасы. 404 нысанды қалпына келтіру үшін 3 млрд 69 млн теңге өтемақы төленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.
-
Қазақстанда "Google салық" салынатын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шетелдік интернет компаниялар Қазақстанда қосылған құн салығын төлейтін болады.
-
Арыс тұрғындарына 6 млрд 261 млн теңге өтемақы берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек онлайн брифинг барысында тұрғындарға апатты жағдай кезінде 100 мың теңгеден өтемақы берілгенін айтты.
-
Кей аймақтарда жел күшейіп, бұршақ жауады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге, 25-27 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады.
-
Арыс оқиғасы. Өңірлерден 793 тонна гуманитарлық көмек келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек айтты.
-
Арыста әлі 12 500 тонна оқ-дәрі бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ҚК оқ-дәрілер бас басқармасының оқ-дәрілерді есепке алу және қамтамасыз ету басқармасының бастығы Нұралихан Асанов Арыстағы онлайн брифинг барысында Арыстағы оқ-дәрілер қашан көшірілетінін айтты.
-
Елорда көшелерін жарықтандыру тиімді әдіске көшеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда көше шамдары (натрий шамымен) заманауи энергия үнемдейтін жарықдиодты шамдарға ауыстырылуда. Мамандардың айтуынша, олар ұзақ мерзімге жарайды және электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді.
-
Иммунитеттің көтерілуі көңіл-күйге тәуелді – маман
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Иммунитеттің көтерілуі көңіл-күйге тәуелді, дейді Астана мемлекеттік медицина академиясының профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасының доценті Роза Сүлейменова.
-
Арыстағы жарылғыш заттарды шығару үшін 5 мыңнан аса рейс жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ басқармасының бастығы Асылбек Сатвалдинов онлайн брифинг барысында айтты.
-
Алматыда Димашқа арналған мурал салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда үйдің қабырғасына Димаш Құдайбергеннің муралы салынып жатыр.
-
Арыс қаласынан 380 мыңға жуық оқ-дәрі фрагменті шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Оның 300 мыңға жуығының жарылыс қаупі бар. Бұл туралы ҚР ҚК Оқ-дәрілер бас басқармасының оқ-дәрілерді есепке алу және қамтамасыз ету басқармасының бастығы Нұралихан Асанов мәлімдеді.
-
Мемлекеттік органдардың сайттары бірыңғай платформаға көшті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 министрлік, 48 комитет және 10 жергілікті атқарушы орган интернет-ресурстардың бірыңғай платформасына көшті, деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ.
-
Арыста 2 мың тоннадан астам жарылғыш заттың бөлшегі жиналды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Арыс қаласында қоймада болған оқ-дәрі жарылысынан бері бір жыл өтті. Қазір ондағы жағдай бақылауда.
-
Кәсіпкерлер Алматы ХҚКО-ларына қауіпсіздік каскаларын сыйлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Казгипронефтетранс" инжиниринг компаниясы" ЖШС "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ Алматы қаласы филиалына 1000-нан аса қауіпсіздік каскасын тапсырды.
-
Жақыныңа жанашыр бол: Иммунитетті көтеру үшін не істеу керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирус пандемиясынан қорғанып, иммунитетті көтеру жолдарын Астана мемлекеттік медицина академиясының қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі Курейш Хамчиев айтып берді.
-
Мексикадағы күшті жер сілкінісінен қаза болғандар саны артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексикадағы күшті жер сілкінісі салдарынан кемінде алты адам қаза тауып, тағы 30 адам зардап шекті. Бұл туралы 24 маусым күні "РИА Новости" Оахака штатының Азаматтық қорғау басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
-
"Самұрық-Қазына" Ұлттық қорға 50 млрд теңге жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның SPO-дан түскен 50 миллиард теңгені Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберді.
-
Жыл басынан бері Алматыда 22 мың адам жұмыспен қамтылған
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы онлайн брифинг барысында айтты.
-
Өңірлердегі жедел жәрдем көлігінің тапшылығы қашан шешіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өңірлердегі жедел жәрдем көлігінің тапшылығы қашан жабылатынын Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Жүсіпов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында айтып берді.
-
Көпқабатты тұрғын үйлердің пәтер иелері жер салығын төлемейтін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Енді көпқабатты тұрғын үйлердің пәтер иелері жер салығын төлемеуі мүмкін. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.
-
Жедел жәрдем қызметіне хабарласқандардың 70%-ы ауруханаға жатқызылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Маусым айында жедел жәрдем қызметіне хабарласқан 5 мыңға жуық шақырушының 70%-ы ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Жүсіпов айтты.
-
8 мыңнан астам қазақстандық баспана төлемдерін кейінге қалдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы 3 айдың қорытындысы бойынша 8030 қазақстандық 9,9 млрд теңге сомасына ипотека бойынша төлем мерзімін кейінге қалдырды, деп хабарлады Қазақстанның орнықтылық қоры.
-
Жедел жәрдем қызметіне түсетін қоңыраулар саны 4 есеге артқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жедел жәрдемге түсетін қоңыраулар саны 4 есеге артқан. Сол себепті 103 желісіне жүктеме көбейген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қалалық жедел медициналық жәрдем станциясың директоры Мұрат Оразбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында айтты.
-
Науқасқа қауіп төнбеген жағдайда жедел жәрдемнің келуі 60 минутқа созылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Науқастың денсаулығына не өміріне айқын қауіп болмаған жағдайда жедел көмек бригадасының келу уақыты 60 минутқа дейін өзгереді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Жүсіпов айтты.
-
Жастардың көпшілігі әкімдікте жұмыс істегісі келеді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Оқуды енді аяқтаған жастардың көпшілігі тәжірибеден өту үшін мемлекеттік қызметті таңдайды, оның ішінде әкімдікте істегенді ұнатады.
-
15 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылды – Қасымбек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтардың жұмысқа орналасуы мен өз істерін ашулары үшін "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының беретін мүмкіндіктері зор.
-
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту нәтижелері қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында еңбек өнімділігін ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін 1 адамға 2021 жылға қарай 3,7 млн теңгеге жеткізу көзделген. Сондай-ақ өңделген өнім экспортын 2021 жылы 2 400 млн АҚШ долларына дейін ұлғайту жолымен АӨК саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру көзделіп отыр. Алайда АӨК саласында осы күнге дейін қол жеткізілген жетістіктер де аз емес.
-
COVID-19. Бразилияда бір тәулікте 40 мыңға жуық жағдай тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Бразилияда коронавирусты 39 436 адам жұқтырған. Науқастардың жалпы саны 1 145 906-ға жетті, деп хабарлады РИА Новости.
-
Петропавлда әкімдік қызметкері блок-бекеттен өту анықтамасын сатқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қылмыстық істің деректері бойынша, қалалық әкімдіктің бас маманы төтенше жағдай режимі кезінде жедел штабтың мүшесі бола тұра, карантиндік блок-бекеттерден өту анықтамасын сатумен айналысқан, деп жазды Хабар24.
-
Кешегі және бүгінгі Арыс
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Арыс қаласы. Таңғы мезгіл. Күн төбеден шақырайып тұр. Ауа температурасы +35°C! Қалада көліктер әрлі-берлі дамылсыз ағылуда. Тұрғындар алаңсыз тіршіліктерін кешіп жатыр. Бұл – бүгінгі Арыс.
-
Ресейде Жеңіс парады басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің 28 қаласында, соның ішінде қаһарман қалалары мен әскери округтер, армия және армия корпустары, флоттары орналасқан қалаларда Жеңістің 75 жылдығы құрметіне парад өтіп жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат.
-
ҰБТ: Есіктен кіргізетіндерді қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет – Аятжан Ахметжан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Республикалық "QAZBILIM" орталығының директоры, химия пәнінің ұстазы Аятжан Ахметжанұлы биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің ерекшіліктеріне тоқталды.
-
Синоптиктер еліміздегі қалалардың ауа сапасы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 24 маусым күнгі еліміздегі қалалардың метеорологиялық ахуалы туралы болжамын жариялады.
-
Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 24 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады.
-
Кеше симптомы жоқ 1096 коронавирус тасымалдаушы тіркелді
Елімізде 23 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 1096 тасымалдаушы тіркелді.
-
Өткен тәулікте 534 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 534 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
АҚШ виза беруді тоқтату арқылы жұмыссыздықты жеңбек
АҚШ билігі биыл жыл соңына дейін бірқатар жұмыс визасын беруді тоқтатып, грин картаға шектеуін ұзартты, деп хабарлайды "Хабар 24".
-
Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов 11 шілдеде өтетін UFC251 турнирінде октагонға шығады.
-
Қытай мен Үндістан шекарада бейбіт болуға келісті
Қытай мен Үндістан туындаған араздықты доғарып, шекарада бейбітшілік сақтауға келісті. Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзянь мәлімдеді, деп хабарлайды "Хабар24".
-
Ғалымдар COVID-19-дың неліктен ұзаққа созылғанын түсіндірді
Ғалымдар әлемді шарпыған COVID-19 эпидемиясының неліктен ұзаққа созылып кеткенін түсіндірді.
-
200-ге жуық атыраулық "Халық алғысы" медаліне ие болды
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бір топ атыраулықты онлайн өткен Biz Birgemiz республикалық форумы аясында "Халық алғысы" медалімен марапаттады.
-
Павлодарлықтар аялдамада тұрып қазақ тілін үйрене алады
Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларында мемлекеттік тілді дамыту мақсатында қоғамдық көліктер мен аялдамаларда қазақ және орыс тілінде жазылған 15 мың сөз ілінуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
-
Қазақстанда табиғи газ өндірісі 7%-ға өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл өткен жылдың дәл осындай кезеңінде өндірілген газ көлемінен 7,2%-ға көп, деп хабарлайды energyprom.kz порталы.
-
Халықаралық рейтинг агенттігі отандық банктің деңгейін растады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық рейтинг агенттігі ForteBank-тің «B + / B» деңгейін растады, болжам тұрақты.
-
Биыл Ақтөбеде 10 мыңға жуық адамды баспанамен қамту жоспарланған
2020 жылы Ақтөбе облысында 1 млн 25 мың шаршы метр немесе 9 700 тұрғын үй салу міндеті тұр. Бұл мақсатқа қаржыландырудың барлық көздері есебінен ағымдағы жылдың 5 айына 23 млрд теңге инвестиция бағытталған.
Наверх