Арыста әлі 12 500 тонна оқ-дәрі бар

24 Маусым 2020, 13:23
1888
Бөлісу:
Арыста әлі 12 500 тонна оқ-дәрі бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ҚК оқ-дәрілер бас басқармасының оқ-дәрілерді есепке алу және қамтамасыз ету басқармасының бастығы Нұралихан Асанов Арыстағы онлайн брифинг барысында Арыстағы оқ-дәрілер қашан көшірілетінін айтты.

Бүгінгі таңда Арыс қаласында 12 500 тонна оқ-дәрілер сақталуда. Бұл оқ-дәрілер республика аумағында салынып жатқан екі қойманың жұмысы біткен соң жедел тасымалданады. Оқ-дәрілерді жару жұмысы дүйсенбі мен жұма аралығында күніне екі рет жасалады, - дейді Нұралихан Асанов.
ҚР Қарулы күштері бас штабы бастығының бірінші орынбасары Руслан Шпекбаев Арыстағы тазалау жұмыстары қалай атқарылып жатқанын жеткізді.
Арыстағы апатты жағдайды қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен аптада дисантты шабуылдаушы жасақтың инженерлі-сапер тобы келді. Осы жылы негізгі үш бағыт бойынша жұмысты күшейттік. Біріншісі - қала аумағын және 20 шақырым радиустағы аумақты профилактикалық тексеру. Екіншісі - қойма ішін жарылу қаупі бар заттардан тазалау. Тазалау кезіндегі негізгі мәселе халық пен әскерилердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Үшіншіден - көрші аумақта қалған инженерлік жарылғыш заттарды залалсыздандыру, - деді ол. 
Сонымен қатар, ол жарылғыш заттар жайлы дер кезінде хабарлап, әскерилерге қолдау білдіргені үшін Арыс халқына алғыс білдірді.
Осы тұста болған апатты жағдайға сабырлық пен түсіністік танытқан Арыс қаласының тұрғындарына алғыс білдіремін. Олар жарылғыш заттар жайлы дер кезінде хабарлап, әскерилерге қолдау білдірді. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету біздің басты міндетіміз болып қала береді, - дейді Руслан Шпекбаев.

Өзгелердің жаңалығы