АҚШ виза беруді тоқтату арқылы жұмыссыздықты жеңбек

24 Маусым 2020, 07:23
1381
Бөлісу:
АҚШ виза беруді тоқтату арқылы жұмыссыздықты жеңбек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ билігі биыл жыл соңына дейін бірқатар жұмыс визасын беруді тоқтатып, грин картаға шектеуін ұзартты, деп хабарлайды "Хабар 24".

Президент Дональд Трамп осындай үкімге қол қойды. Вашингтонның мұндай шешім қабылдауына коронавирустың таралу қаупі мен жұмыссыздықтың артуы себеп. Үкімет бұл шара жарты миллионға жуық америкалықты жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп отыр. Алайда бірқатар ірі компания Трамп шешімін сынға алды. Олар елде бірқатар мамандық иелерінің жетіспейтіндігін алға тартады.

Айта кетейік, Ақ үй бұған дейін де АҚШ-қа уақытша жұмыс істеуге келетін шетелдік мамандарға берілетін визаны беруді қатаңдатпақ болған.


Өзгелердің жаңалығы