Арыс оқиғасы. 404 нысанды қалпына келтіру үшін 3 млрд 69 млн теңге өтемақы төленді

24 Маусым 2020, 14:10
2127
Бөлісу:
Арыс оқиғасы. 404 нысанды қалпына келтіру үшін 3 млрд 69 млн теңге өтемақы төленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.

Арыс қаласы бойынша төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлік нысандарының саны 467-ні құрайды. Оның ішінде 404 нысан иесіне "Менің атамекенім" қоғамдық қоры арқылы көлемінде кәсіпкерлік нысандарын қалпына келтіру жұмыстары үшін 3 млрд 69 млн теңге өтемақы төленді. 63 кәсіпкерлік нысан иесіне қорда қаржының жетіспеуіне байланысты төлем алдағы уаытта жүргізілетін болады деп жоспарланып отыр, - деді ол.

Әкімнің мәліметінше, Арыс қаласында жалпы 66 әлеуметтік нысан (балабақша, мектеп, спорт кешендері және т.б.) зардап шеккен. Оның ішінде 4 нысан жаңадан салынды. 

62 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған әлеуметтік нысандарға "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ жауапты болып бекітіліп, құрылыс нысандарын мерзімінде тапсырды. Бүгінде Арыс қаласы дамудың жаңа даңғылына түсті. Қаланың көркеюіне президенттің өзі үлес қосып, құрылыс барысын үнемі назарда ұстап отырды, - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Арыс тұрғындарына 6 млрд 261 млн теңге өтемақы берілген болатын. Сонымен қатар, өңірлерден 793 тонна гуманитарлық көмек жіберілген. Сондай-ақ, бүгінгі таңда Арыс қаласында 12 500 тонна оқ-дәрілер сақталуда.

Өзгелердің жаңалығы