"Самұрық-Қазына" Ұлттық қорға 50 млрд теңге жіберді

24 Маусым 2020, 11:50
1689
Бөлісу:
"Самұрық-Қазына" Ұлттық қорға 50 млрд теңге жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ"АҚ "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның SPO-дан түскен 50 миллиард теңгені Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 3 маусымында "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқару Кеңесінің отырысында, Ұлттық холдингтің 2020 жылдың соңына дейін Ұлттық қорға 100 миллиард теңге жіберуге дайындығы туралы мәлімделді. Кеңес төрағасы – ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы қолдап, оның дағдарыс кезіндегі ерекше маңыздылығын атап өтті.
Қор басшылығының уақытылы қабылдаған шешімдерін оң бағалаймын және қолдаймын. Олар өздерінің тиімділігін көрсетті. Дағдарыс кезінде мемлекет экономиканы қолдауға Ұлттық қордан қомақты қаражат бөлді. Алайда, бұл жағдайда "Самұрық-Қазына", керісінше, Ұлттық қорға 100 миллиард теңге жібереді, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
"Самұрық-Қазына" Қорының басшылығы елдегі экономикалық жағдайды ескере отырып, қаражаттың бірінші бөлігін Ұлттық қорға мерзімінен бұрын жіберуді ұйғарды. Қалған соманы "Самұрық-Қазына" ағымдағы жылдың соңына дейін жіберуді жоспарлап отыр.
Өзгелердің жаңалығы