Қостанай облысының әкімі COVID-19 жұқтырды

24 Маусым 2020, 14:54
2091
Бөлісу:
Қостанай облысының әкімі COVID-19 жұқтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің КВИ жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Архимед Мұхамбетов өзі-өзі оқшаулау режиміне көшіп, жұмысын қашықтықтан жалғастырады. 

Құрметті қостанайлықтар! Барлық сақтық шараларына қарамастан, менің COVID-19-ға тапсырған сынағым оң нәтиже көрсетті. Осыған байланысты мен оқшаулануға кетемін және қашықтан жұмысымды жалғастырамын. Облыс тұрғындарынан барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймын. Тағы да жерлестерімізді аймақ аумағында енгізілетін шектеу шараларын сақтауға зор жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Баршаңызға зор денсаулық және амандық тілеймін! Өзіңізді күтіңіз!, - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Өзгелердің жаңалығы