Петропавлда әкімдік қызметкері блок-бекеттен өту анықтамасын сатқан

24 Маусым 2020, 09:39
1092
Бөлісу:
Петропавлда әкімдік қызметкері блок-бекеттен өту анықтамасын сатқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қылмыстық істің деректері бойынша, қалалық әкімдіктің бас маманы төтенше жағдай режимі кезінде жедел штабтың мүшесі бола тұра, карантиндік блок-бекеттерден өту анықтамасын сатумен айналысқан, деп жазды Хабар24.

Ол рұқсат қағазы үшін 50 мың теңге алып жатқан жерінде ұсталды. Күдікті кінәсін толық мойындады. Сот оған айыпұл салып, мемлекеттік қызметтен шеттетті. 
Сот кінәлінің өкінгенін ескеріп, парадан 60 есе көп, яғни 3 млн теңге айыппұл салды. Сонымен қатар ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды, - дейді қалалық соттың судьясы Михаил Гусев.


Өзгелердің жаңалығы