Елорда көшелерін жарықтандыру тиімді әдіске көшеді

24 Маусым 2020, 13:18
1457
Бөлісу:
Елорда көшелерін жарықтандыру тиімді әдіске көшеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда көше шамдары (натрий шамымен) заманауи энергия үнемдейтін жарықдиодты шамдарға ауыстырылуда. Мамандардың айтуынша, олар ұзақ мерзімге жарайды және электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Бұл шамдар электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік беріп, қарапайым шамдарға қарағанда әлдеқайда жарық болады. Үнемділігі – 35-40%. Сондай-ақ, олар жолдарда, әсіресе, түнгі уақытта тиімділігі жоғары және жолдарды автокөлік жүргізушілері үшін жарық және қауіпсіз етеді. Бұл жаяу жүргіншілер үшін де ыңғайлы. Қалада 47 мың жарық нүктесі бар, биыл біз 10 мыңын ауыстыруды жоспарлап отырмыз. 3 жыл ішінде бүкіл қала бойынша осы жұмысты аяқтау жоспарланып отыр, – деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев. 

Мысалы, Сәтбаев көшесіндегі көше шамдары, Мұңайтпасов пен Тоқпанов, Шарль де Голль, Аманжолов, Иманов, Ташенов, Бараев тұйық көшелері, Бөгенбай батыр даңғылы (бір жағы, жұмыстар жалғасуда), Янушкевич, Пушкин және т.б. көшелеріндегі шамдар энергия үнемдейтін жарықдиодты шамдарға ауыстырылды. ⠀ 

Сондай-ақ, елордада аулаларды, үй аумақтары мен қоғамдық орындарды абаттандыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Биыл 150 аула мен 50 қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер) абаттандырылады.



Өзгелердің жаңалығы