Все новости за 25 маусым 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Театр қайраткерлері министрге хат жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Талғат Теменов бастаған бір топ театр қайраткерлері ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға хат жолдады.
-
Ертең Бейсен Құранбек атындағы "Жігер" сыйлығының лауреаттары анықталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең сағат 9.00-де, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай онлайн-марафон өтеді.
-
Армениялық көліктерді уақытша есепке қою үшін не істеу керек?
Биылғы жылдың 1 маусымынан 1 қыркүйегіне дейін тек Армениядан келген көліктерді уақытша есепке қоюға мүмкіндік бар.
-
Елордалық еңбек жасағында 1,2 мың жас жұмыс жасауда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл елордада студенттік құрылыс және "Жасыл ел" еңбек жасағына 1200 жас қабылданды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
-
Арман Әшімов UFC турнирінде жекпе-жек өткізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман Әшімов (11-3) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды.
-
Алексей Цой Елжан Біртановқа денсаулық тіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР денсаулық сақтау министрі болып жаңадан тағайындалған Алексей Цой экс-министр Елжан Біртановқа денсаулық тіледі.
-
Бейсен Құранбектің қырқына жетпей анасы да өмірден озды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында өмірден озған танымал журналист Бейсен Құранбектің анасы да қаза тапты. Бұл туралы журналист Өміржан Әбдіхалықұлы жазды.
-
Таразда беташар өткізген тұрғын жазаланады
Таразда карантин кезінде беташар өткізген отбасының әрекеті әшкере болды. Олар өңірдегі өршіп тұрған эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, Шөлдала тұрғын үй алабында жеке үйдің ауласына 50-ден астам адам жинап, той өткізген.
-
Қазақстанда 172 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде коронавирус індетімен емделіп жатқан 172 адам жазылып шықты.
-
Шөкеев: Мақтааралдағы құрылыс бәсеңдемеуі тиіс
Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына барды. Сапар барысында облыс әкімі алдымен Жаңажол ауыл округіне қарасты су тасқынынан зардап шеккен Өргебас елдімекенін қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.
-
Коронавирус індетінен тағы 4 науқас көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде коронавирус індетімен ауырып жатқан 4 кісі қайтыс болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.
-
Бішкекте әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған онлайн-конференция өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы елшілігі А.Осмонов атындағы Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасымен бірлесіп, әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған "Ұлы ойшылдың ғылыми және рухани мұрасы" тақырыбында халықаралық онлайн-конференция ұйымдастырды.
-
88 адам сенатор атанудан үмітті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының онлайн отырысы өтті.
-
Іштей тынатынмын, бірақ осы жолы бәрін айтуға бел будым - Диас Ахметшәріп
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп бүгін ғана қызметінен кеткен Елжан Біртанов туралы пікір білдірді.
-
Коронавирус. АҚШ-та бір күнде 35 мыңға жуық науқас тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 маусымда АҚШ-та 34 700 адамнан коронавирус табылды. Бұл сәуір айының соңынан бері бір күнде тіркелген ең жоғары көрсеткіш.
-
Қазақстан интернетке қолжетімділік бойынша әлемдегі көшбасшылардың бірі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді.
-
Мун Чжэ Ин Елбасыға денсаулық тіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің атына Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Иннен жеделхат келіп түсті. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.
-
Шымкенттік түлектердің тең жартысы ҰБТ тапсырып үлгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте биыл 8 885 түлек мектепті бітірген болса, соның 6 840-ы ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген.
-
Игерілмеген жер мемлекет иелігіне қайтарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау қаласының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына, соның ішінде игерілмеген жер учаскелерін мемлекетке қайтару мақсатында тұрақты түрде талдау жүргізіп келеді.Игерілмеген жер ел игілігіне қайтарылды
-
Қазақстандық компания жылына 270 мың тонна болат құбыр өндіреді
Дәл осында 2007 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен зауыттың ресми ашылу салатанаты өтті. Кәсіпорынның өндірістік объектілері орналасқан жалпы аумақ шамамен 133 га құрайды.
-
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
ҰБТ-2020: Бесінші күннің аралық қорытындысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің 12 өңірінде және республикалық маңызы бар 3 қалада орналасқан 67 ҰБТ өткізу пунктінде өтті.
-
Ақтөбеде карантин шаралары күшейтіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласында демалыс күндері карантин шаралары күшейтіледі. Бұл туралы Ақтөбе облысының Бас санитарлық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева мәлімдеді.
-
Біртанов қызметінен неге кеткенін түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ол бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
-
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Нқр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
ҚР Денсаулық сақтау министрі ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындау үшін Алексей Цойдың кандидатурасын қолдады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Адам ДНК-сы туралы фильмде робот басты рөлді сомдайды
Алматы, BAQ.KZ. Жапонияда Эрика есімді робот ғылыми-фантастикалық фильмде басты рөлді сомдайды. Бұл робот актер ретінде қатысып жатқан алғашқы фильм болмақ.
-
Адам өлтіріп, іздеуде жүрген қашқын ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының жедел уәкілдері кісі өлтіргені үшін бес жылдан астам уақыт тергеуден жасырынып жүрген қашқынды қолға түсірді, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Қарулы Күштерде әскерилердің мамандық бойынша даярлығы өтуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жазғы оқу кезеңінің басталуымен Қарулы Күштерде әскери қызметшілердің әскери дайындық бағдарламасының маңызды және негізгі кезеңдерінің бірі болып табылатын мамандық бойынша оқыту өткізілуде.
-
Отандық әуекомпания мобильді қосымшаны іске қосты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің алғашқы лоукостері – FlyArystan әуекомпаниясы жаңа мобильді қосымшаны іске қосқаны туралы қуана хабарлайды.
-
Еліміздің 6 облысында дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері бірнеше облыста дауылды ескерту жасады.
-
COVID-19. Пәкістанда жазылып шыққандардың қаны сатылып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Адамдар мұндай "ғажап құрал" жақындарын вирустан құтқарады деп сенеді.
-
Қазақстанда бір жылда 117 мыңға жуық заңды тұлға тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 шілдеде заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және коммерциялық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу функциялары ҚР Әділет министрлігінен "Азаматтарға арналған үкіметке" берілгеніне тура бір жыл толады.
-
Ресейде бір тәулікте 7 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде тәулік ішінде коронавирус инфекциясын 7113 адам жұқтырған, деп хабарлады russian.rt.
-
Биылғы жазғы демалыс бағасы қаншаға түседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық рейстер жаңғыртылды, қазақстандық туристер енді шетелге демалуға шығуға дайындалуда. Қазіргі "Қызу" турлардың орташа құны бір адамға шаққанда, 350 000 теңге құрайды.
-
Оңай болған жоқ: Назарбаеваның орнына келген Әшімбаев жұмысты қорытындылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев палатаның жалпы отырысында өткен сессиядағы жұмысын қорытындылады.
-
Елордада жедел жәрдемнің телеграм-боты іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Телеграм-бот 103 желісінің жүктемесін жеңілдетіп, азаматтардың өтініштерін қабылдайды.
-
ШОБ-ты тексеруге 3 жыл мораторий енгізілді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылы экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі 30,8%-ды құраған. Сондай-ақ, ШОБ 31,2 трлн теңгенің өнімін өндірген.
-
Коронавирус: Емделіп шыққандар саны 12 мыңнан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 166 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
-
Нью-Йорк марафоны өтпейтін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нью-Йорк марафоны пандемияға байланысты тоқтатылды. Бұл туралы шараның ұйымдастырушылары хабарлады, деп жазды korrespondent.net.
-
Жапониялық каратешілер Қазақстан құрамасына видео-сәлемдеме жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каратеден Қазақстан құрамасы Жапонияда жоспарланған жаттығу жиынына қатыспайтын болды, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Түркістан облысында жеңгетайлықпен айналысқандар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы ПД полицейлері жеңгетайлыққа, адам саудасына және басқа да құқықбұзушылықтарға қатысты қылмыстарды ашу, алдын-алу және ескерту бойынша тұрақты түрде жедел-профилактикалық іс-шара өткізіп отырады, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Балабек Нарбаев: Кез келген азамат депутат бола алады
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Праймериз туралы бүгінде көптеген пікір айтылып жатыр. Оның мәні мен маңызын, ерекшелігін біреу біліп жатса, енді біреуге бұл мәселе мүлде беймәлім. Түрлі деңгейдегі депутаттық фракцияны қалыптастыру үшін қолға алынғалы отырған бұл жаңашылдықтың еліміздің заң шығарушы органдарының тыныс-тіршілігіне тың серпіліс беретіні сөзсіз.
-
Қызылордалық кәсіпкер құбыр шығаратын өндірісті іске қосты
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылордалық кәсiпкер Иcмаил Тyнжер сантехникалық, кәріздік және басқа да құбырлар шығаратын өндiрiсті iске қосты.
-
Қазақстанда ТМД-дағы ең үлкен жоба іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жылына қуаттылығы 240 миллион инкубациялық жұмыртқа шығаратын асыл тұқымды құс шаруашылығы репродукторы инкубациялық жұмыртқа өндірісі бойынша ТМД-дағы ең үлкен жоба болмақ.
-
Грант әділ тағайындалсын – 122 балл жинаған Дияр Әбдірахман
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – Ұлттық бірыңғай тестілеудің бесінші күні. Биыл тестілеуді өткізу тәртібі қатаңдады. Әр аудитория бейнебақылау камераларымен жабдықталған, тестілеу барысын тәуелсіз сарапшылар бақылайды. Сондай-ақ ҰБТ-да тыйым салынған заттарды пайдаланған талапкерлер аудиториядан шығарылады, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
-
МӘМС бойынша ПТР тест кімдерге тегін жасалады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-ның басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов "КВИ кезінде халыққа медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етудің өзекті мәселелері" айтты онлайн конференция барысында айтты.
-
Той жасауды күтіп отырғандарға Тоқаевтың жауабы шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргідей технология заманында той тойлауды тоқтату қажет деп отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы "Ана тілі" газетіне берген сұхбатында айтқан.
-
Шымкентте денсаулық сақтау саласын дамытудың жоспары ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен денсаулық сақтау жүйесін дамыту перспективалары бойынша жиын болып өтті.
-
Жаңа мамандықтар туралы қайдан білуге болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен халыққа есеп беру кездесуінің қорытындысына арналған брифингте ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жаңа мамандықтардың атласы қай салаларды қамтитынын айтты.
-
Бейсен Кұранбек туралы кітап жарық көреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейсен Құранбек туралы кітап жарық көреді. Кітап "Біздің Бейсен" деп аталады.
-
Дәурен Тенесов: Тестілеуде көшіріп жазған адам грант ұтып алса, әділетсіз болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мен әділдікті жақтаймын. Сондықтан мемлекеттік білім беру грантын тыйым салынған заттарды пайдаланған талапкер емес, тест тапсырмаларын тек өз біліміне сеніп орындаған тестіленуші ұтып алғанын қалаймын, дейді Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы Тоқсан би орта мектебінің түлегі Дәурен Тенесов.
-
Жыл басынан бері ауыл шаруашылық өнімі 2,2%-ға артқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың мәліметінше 2020 жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2,2%-ға ұлғайып, 934,4 млрд теңгені құраған.
-
Биыл 6 мыңнан астам адам қандас мәртебесін алды – Нұрымбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осы жылдың 5 айында 6,3 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен халыққа есеп беру кездесуі кезінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады.
-
ҰБТ-2020: Төртінші күннің аралық қорытындылары
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 маусымда 77 тестілеу пунктінде 12 581 адам қатысады деп жоспарланды. Оның 96%-ы тест тапсырды.
-
Министр еңбек құқығы қаншалықты қорғалып жатқанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2020 жылы 17 мың қазақстандықтың еңбек құқығы қорғалғанын айтты.
-
Жұмыссыздық деңгейі өте жоғары болып тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жұмыссыздық деңгейі өте жоғары болып тұр. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.
-
42500 теңге. Мемлекеттік сақтандыру қорынан 322 млрд теңге кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов халыққа төтенше жағдай кезінде қандай көмек көрсетілгенін айтып берді.
-
Халықтың табысы көп емес - министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халықтың табысы көп емес, аз. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.
-
Мемлекеттік органдардың 310 сайты бірыңғай платформаға біріктіріледі
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жоба мемлекеттік органдардың сайттарын сүйемелдеу мен қолдауға арналған бюджет қаражатын 2 млрд теңгеге дейін қысқартуға мүмкіндік береді және сайттардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Яғни азаматтар үшін ыңғайлы форматта қолжетімді болады.
-
Суға шомылу ережелерін бұзғаны үшін 64 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала тұрғындары оқыс оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік ережелерін сақтауы қажет, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Аға буынға арналған Ұлттық жоспар қабылданады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық жоспарды келесі айда қабылдау жоспарланып отыр, деді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.
-
АӘК: 15 бала болу шарт емес, бар балаға береміз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.
-
Атырауда қосымша 50 орындық провизорлық стационар ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін Атырау облысы əкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың төрағалығымен медициналық мекемелер басшыларымен арада өткен жиында белгілі болды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
-
Баласы бар отбасыларды қолдау көлемі артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылы балалары бар отбасыларды қолдауға жалпы 581,5 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.
-
Әлеуметтік төлемдермен 4 млн-ға жуық адам қамтылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік төлемдермен 4 млн-ға жуық адам қамтылған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов халық алдындағы есептік кездесуінде айтты.
-
Елордада коронавирус жұқтырғандар саны соңғы аптада 8,5 есеге өсті - Сәуле Қисықова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар және пневмониясы асқынған науқастар көбейген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.
-
Арыс бір жылдан соң
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласында қоймада болған оқ-дәрі жарылысынан бері бір жыл өтті. Қазір ондағы жағдай бақылауда.
-
Күніне коронавирус және пневмония бойынша 400-ге жуық адамды жатқызамыз - елорданың бас дәрігері
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Күніне коронавирус инфекциясы және пневмониямен 350-400-ге жуық адам ауруханаға жатқызылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді.
-
Алматыдағы Сайран өзенінде адамға қауіпті микроорганизм анықталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімдігі Сайран өзенінен қауіпті микроорганизм табылғанын хабарлады.
-
Скляр неміс компанияларымен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Берлин Еуразиялық клубының 29-шы отырысында неміс бизнесі өкілдерімен ауыл шаруашылығындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанның АӨК саласына герман инвестицияларын тарту мәселелерін талқылады.
-
Президент: Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр
Мектептердің бастауыш сыныптарында қазақ тіліне басымдық берілгені дұрыс.
-
"БЖК-2025" бағдарламасына өзгеріс енгізілді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы бойынша салаларды қамту елеулі түрде кеңейтілді. Яғни "БЖК-2025" бағдарламасына шағын және микробизнеске микрокредит беру тетігі енгізілді.
-
25 маусымда Қазақстан қалаларындағы метеожағдай қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 маусымда Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет РМК.
-
Елорда соттары 3 шілдеге дейін карантинге жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы соттарының жекелеген судьялары мен қызметкерлерінен Сovid-19 вирусының анықталуына байланысты қала соттары 24 маусымнан 3 шілдеге дейін карантинге жабылды, деп хабарлайды елорда қаласы сотының баспасөз қызметі.
-
Бейсенбі, 25 маусымға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 25 маусым, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Коронавирус белгісі жоқ тағы 956 адам тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 24 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 956 тасымалдаушы тіркелді. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
-
Елімізде өткен тәулікте тағы 520 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикада өткен тәулікте 520 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
-
Алматы облысында 18 жаңа медициналық нысан халық игілігіне беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында биыл 18 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынып, халық игілігіне беріледі. Оның ішінде перзентхана, емхана, патологоанатомиялық бөлімше, дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пункт ғимараттары да бар. Бұл туралы 24kz хабарлады.
-
Өскеменде трамвай жолдарына темірбетон шпал төселеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемендегі трамвай жолдарына темірбетоннан жасалған шпалдар төселеді, деп хабарлайды Altaynews.
-
ISU жүлдесі биыл виртуалды форматта өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) биылғы жүлдесі онлайн форматта өтеді. Марапаттау рәсімі 11 шілдеге жоспарланған және тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл туралы olympic.kz жазды.
-
Шымкентте "Халық алғысы" медалі табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында коронавирустық инфекциямен күресте ерекше көзге түскен 10 адам "Халық алғысы" медаліне лайық деп танылды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
-
Тасқала ауданында "Жұмыспен қамту жол картасы" аясында 15 жоба жүзеге асырылуда – Батыс Қазақстан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған бағдарлама аясында Тасқала ауданында бірқатар білім беру, медициналық, мәдени нысандарға, әлеуметтік қызмет көрсету ғимараттарын жөндеу, көше жарықтарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Қазалыда күріш ұны қосылған нан өнімдері сатылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы Қазалы ауданында күріш ұны қосылған нан өнімдері сатылуда. Бұл туралы Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Түркістан облысында 200-ге жуық науқас пневмониядан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында пневмониядан 198 науқас жазылып шықса, 1 маусымнан бері облыс көлемінде 23 адам аталған дерттен көз жұмды. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов мәлімдеді.
-
Павлодар облысында ауруханадағы орындардың 99 пайызы толып қалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап Павлодар №1 қалалық ауруханасында қосымша 200 орын дайындалуда. Бұл туралы онлайн баспасөз жиынында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Біржан Досмаилов мәлім етті.
-
Елордада қараусыз қалған 500-ге жуық кәріз, электр желісі бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 500-ге жуық иесіз желі қаланың балансына алынды. Бұл қала тіршілігін тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Қазақстан-Ресей шекарасында қалған қырғыздардың мәселесі қаралып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Ресей қазақ-орыс шекарасында қалған қырғыз азаматтарын еліне қайтару мәселесін талқылап жатыр.
Наверх