Биылғы жазғы демалыс бағасы қаншаға түседі

25 Маусым 2020, 16:19
2633
Бөлісу:
Биылғы жазғы демалыс бағасы қаншаға түседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық рейстер жаңғыртылды, қазақстандық туристер енді шетелге демалуға шығуға дайындалуда. Қазіргі "Қызу" турлардың орташа құны бір адамға шаққанда, 350 000 теңге құрайды. 

Одан басқа, қазақстандықтарды басқа шығындар да күтуде: туристік сақтандыру, Covid-19 тесті және медициналық құралдар сатып алу. Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясының мамандары зерттеу жүргізіп, биылғы жазда курортта демалу қазақстандықтарға қаншаға түсетінін анықтады.

 Қазақстанда демалу құны

 

2019 жылы қазақстандықтар шетелге 8,2 миллион мәрте шыққан. 5 миллионнан астам шығулар ішкі туризмге жатады. Бұл соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштері. Алайда, бұл жылы коронавирус пандемиясы салдарынан жағдаят өзгерді: көп елдерде шегараның жабылуына байланысты, туристік белсенділік қаңтар айынан бастап бәсеңдеді. Нәтижесінде, көктемде көптеген қазақстандықтар шетелге демалуға шығу жоспарларынан бас тартуға мәжбүр болды. Шегара ашылғаннан кейін де, билет сатып алуға ұмтылғандар шамалы. Көпшілігі қауіпсіздік мақсатында саяхаттан бас тартты, ал кейбір адамдар мүлде табыссыз қалды.

Бұл жағдайда, қазақстандықтардың көпшілігі ішкі туризм ашуды бастайды. Әлбетте, көптеген турфирмалар жол жүру (ұшу), тамақтану және күнелту құнын көтеруді әзірше тоқта тұрған, соның арқасында туристерге жағымды жағдайлар туғызған. Алайда, кейбір жерлерде бағаның шамалы -10% дейін өсуі байқалады.

Қазақстанның ең әйгілі туристік бағыттарында демалу орта бағамен алғанда, 14 000 теңге құрайды. Мысалы, Алакөлде демалу бір тәулікте -9 000-10 000 теңге. Зеренді мен Боробайдағы бағалар соған ұқсас. Ал сауығу кешеніндегі тәулігі, ШҚО марал шаруашылығын алғанда, қымбатқа түседі - 22 000 теңгеден 32 000 теңгеге дейін.

Шетелде демалу құны

 

2018 және 2019 жылдары ең танымал бағыттары болып Түркия, Египет, БАЭ, Тайланд, Греция, Болгария, Чехия және Қытай саналған. Бұл жылы да, қазақстандықтардың талғамы негізінде өзгермеген. Шетелде демалуды қалайтын туристердің жалпы санынан 85% Түркия, Египет, Қытай, БАЭ, Тайланд, Грузия, Мальдивы және Шри-Ланка аралын таңдаған.

    Бір адамға есептелген турдың орташа құны


Ел

Турдың орташа құны

Түнелту саны

Түркия

350 000

7

Египет

260 000

7

Таиланд

290 000

8

БАӘ

350 000

8

Грузия

250 000

8

Мальдив аралы   

400 000

6

Шри-Ланка

350 000

6

 

 

 

 

 

 

 






 

2019 жылдың қаңтар айында Қазақстанда, шетелдегі туристерді міндетті медициналық сақтандыруды енгізді. Атап айтқанда, енді туроператорлар әр туристің сақтанушысы болып келеді. Әйткенмен, сақтандыру компаниялары қосымша сақтандырудың кең ауқымды сұрыптамасын ұсынады, соның ішінде, трансфер, госпитальға жатқызу, сауықтыру және басқа қызмет көрсету түрлері.

Ерікті сақтандыру орташа бағамен 15 еуро (ағымдағы бағам бойынша 6 792 теңге) құрайтын болады. Жалпы алғанда, сақтандырудың құны-бекітілген және көптеген факторларға байланысты: турист қай елге шығады, бағдары қандай, көлігі, қанша күнге барады және т.б.

Пандемияға дейін орташа сақтандыру төлемі 30 000 еуро құраған.

Көпшіліктің сұрайтындары, коронавирустан сақтандыру туристік сақтандыруға кіргізілген бе? Өкінішке орай, сақтандыру компаниялардың көбісі жаңа пайда болған ауруды сақтандыру жағдайы қатарына кіргізуге дайын емес. Бірақ Қазақстанда Covid-19 жеке сақтандырылуға болады. Сақтандыру бүкіл әлемде 6 ай бойы қолданады. Оның ережелеріне сәйкес, ауруханаға жатқызылғанда қаржылық көмек алуға болады. Өлім жағдайында, төлемді мұрагерлері алады. Таңдаған пакетіне сәйкес, сақтандыру құны 4900 теңгеден 24500 теңгеге дейін құбылады, ал төлемдері 100 000 - 5 000 000 теңге аралығында.

Тәуекелге бел бұғандар үшін, және жазда шетелге шығатындарға арналған әуежайда және әуе кемесінің бортында қауіпсіздік ережелері әзірленген, соның ішінде, дене қызуын бақылау, шығарып салушыларға әуежайына кіруге тыйым салу, багажды дезинфекциялау, ОРВ ауруының сәл белгілері айқындалса, жолаушыны рейстен шектеу және басқа ережелері.

Өзгелердің жаңалығы