Нью-Йорк марафоны өтпейтін болды

25 Маусым 2020, 15:12
1228
Бөлісу:
Нью-Йорк марафоны өтпейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нью-Йорк марафоны пандемияға байланысты тоқтатылды. Бұл туралы шараның ұйымдастырушылары хабарлады, деп жазды korrespondent.net.

Марафон 1970 жылдан бері тарихта екінші рет тоқтатылып отыр. 2012 жылы шара қатты дауыл салдарынан болмай қалған еді.

Марафонның тоқтатылуы барлық қатысушының көңіл күйін түсірді, бірақ денсаулық пен қауіпсіздік тұрғысынан алғанда шараны тоқтатуға тура келді. Біз келесі жылғы кездесуді асыға күтеміз, - деді марафон жетекшісі Майкл Капирасо.

Айта кетейік, Нью-Йоркте марафон жыл сайын қарашаның бірінші жексенбісінде өтеді. Биыл ол 1 қарашада өтуі тиіс еді. 2019 жылы жаппай жүгіруде 53,6 мың қатысушы мәреге жеткен болатын.

Бұған дейін Бостон марафонының да тарихта алғаш рет тоқтатылғаны жайында хабарлаған болатынбыз. Ұйымдастырушылар іс-шараның виртуалды нұсқасына қатысуды ұсынды. Ол үшін әр қатысушы қашықтықты өздігінен жүгіріп, тиісті дәлел ұсынуы керек.

Өзгелердің жаңалығы