Жыл басынан бері ауыл шаруашылық өнімі 2,2%-ға артқан

25 Маусым 2020, 12:06
1042
Бөлісу:
Жыл басынан бері ауыл шаруашылық өнімі 2,2%-ға артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың мәліметінше 2020 жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2,2%-ға ұлғайып, 934,4 млрд теңгені құраған.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыруды тапсырған еді. Онда ауыл шаруашылығы өнімі экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту және заманауи агротехнологияларды ауқымды түрде тарту қажеттігі айтылған.

Қазір елімізде Елбасы тапсырмасына сай кешенді жұмыстар атқарылып жатыр және өз нәтижесін беруде. Мәселен, биыл мал шаруашылығындағы өнім көлемі 2,3%-ға артқан. Оның ішінде сойыс салмақтағы еттің 3,5%-ға, сүттің 3,2%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ ірі қара мал саның 4,1%-ға артқан. Мәселен, қой-2,8%, жылқы-7,9%, түйе-4,4% және шошқа- 1,5%-ға өскен.

Одан бөлек биыл егіс алаңдары 237,7 мың гектарға артып,  22,5 млн гектарды құраған. Атап айтар болсақ азықтық дақылдарға арналған алаңдар 312,1 мың гектарға, майлы дақылдар алаңдары 184,7 мың гектарға, бақша дақылдарына арналған алаңдар 7,4 мың гектарға, көкөніс алаңдары 3,9 мың гектарға, картоп алаңдары 2,5 мың гектарға ұлғайыпты.

Министрдің мәліметінше, өсімдіктерді қорғау құралдарын сатып алуға биыл 37 млрд теңге көзделген, бұл 16,6 млн литр пестицид субсидиялауға мүмкіндік бермек.

Одан бөлек ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 14,3%-ға ұлғайып, 145,1 млрд теңгені құраған. Оның ішінде тамақ өнімдері өндірісі 18,8%-ға артып,  28,5 млрд теңгені құраған.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстаннан шығарылатын АӨК экспорты Қытайға 50,5%-ға, Парсы шығанағы елдеріне 3,2 есе, Орталық Азия елдеріне 7,4%-ға, ЕАЭО елдеріне 8,2%-ға ұлғайған. Яғни өткен жылы АӨК экспорты 6,4%-ға өсіп, 3,3 млрд АҚШ долларын құраған.


Өзгелердің жаңалығы