ШОБ-ты тексеруге 3 жыл мораторий енгізілді

25 Маусым 2020, 15:38
1730
Бөлісу:
ШОБ-ты тексеруге 3 жыл мораторий енгізілді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылы экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі 30,8%-ды құраған. Сондай-ақ, ШОБ 31,2 трлн теңгенің өнімін өндірген.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов өткен аптадағы Үкімет отырысында елдегі кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылып жатқан шараларға тоқталды. 
Оның айтуынша, шағын және орта бизнесті қолдау үшін салықтық ынталандыру жасалған, одан бөлек несиелендіру аясы кеңейтіліп, бизнесті жүргізу шарттарын жеңілдету бойынша шаралар қабылданған.

Айта кетсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта бизнесті қолдау қажеттігін айтқан еді. Онда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастай отырып, шағын және орта бизнес үшін "салық амнистиясын" жүргізу тапсырылған. 

Салықтық ынталандыру бойынша жұмыстар жалғасын тауып жатыр. Салық режимін қолданатын шағын және микро бизнес субъектілері жыл басынан бері арнаулы үш жылға табыс салығынан босатылған.

Әлеуметтік төлемдер, мүлік салығы, еңбекақы төлеу қорына салынатын салықтар бойынша нөлдік мөлшерлеме белгіленген. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін қосылған құн салығының мөлшерлемесі 2020 жылғы 1 қазанға дейін 12%-дан 8%-ға дейін төмендетілді.

Сонымен қатар, жыл басынан бері үш жыл шағын және микрокәсіпкерлікті тексеру және профилактикалық бақылау жүргізуге мораторий енгізілді. Оған қоса осы жылдың соңына дейін бизнестің барлық санаттағы субъектісі үшін жаңа жоспарлы салықтық тексерулер жүргізілмейді.

Өзгелердің жаңалығы