ҰБТ-2020: Төртінші күннің аралық қорытындылары

25 Маусым 2020, 11:50
1548
Бөлісу:
ҰБТ-2020: Төртінші күннің аралық қорытындылары

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 маусымда 77 тестілеу пунктінде 12 581 адам қатысады деп жоспарланды. Оның 96%-ы тест тапсырды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Тelegram каналында хабарланды.

Ережені 136 адам бұзған, бұл көрсеткіш үшінші лектің қорытындысымен салыстырғанда әлдеқайда төмен. 9 түлектің қызуы көтерілді, олар ҰБТ-ны басқа күні тапсыра алады.

ҰБТ-ны өткізу процесін бақылаудың нашар болуына байланысты екі аймақтағы мемлекеттік комиссия құрамынан 20 адам шығарылды. Мемлекеттік комиссиялардың жаңа мүшелері болып қоғам қайраткерлері, облыстың белсенді мұғалімдері, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері бекітілді.
Түркістан облысында орналасқан екі пунктіде (Шәуілдір ауылы, Жетісай қаласы) және Шығыс Қазақстан облысындағы екі пунктіде (Аягөз қаласы, Ақсуат ауылы) ұялы байланыс сигналдарын тежеуіштердің істен шығуына және бейне-трансляцияның өшуіне байланысты емтихандар басқа күнге ауыстырылды. Бұл пунктерде талапкерлер 27 маусым (Аягөз қ., Ақсуат а., Шәуілдір а.) және 2 шілде күндері (Жетісай қ.) тестілеуді тапсыру мүмкіндігіне ие болады және білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатыса алады, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы