Биыл 6 мыңнан астам адам қандас мәртебесін алды – Нұрымбетов

25 Маусым 2020, 12:01
1656
Бөлісу:
Биыл 6 мыңнан астам адам қандас мәртебесін алды – Нұрымбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осы жылдың 5 айында 6,3 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен халыққа есеп беру кездесуі кезінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады.


Министр 1991 жылдан бері 1 миллионнан астам этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, олардың бәрі оралман мәртебесін алғанын, бұл еліміздегі халықтың 6%-ын құрайтынын атап өтті.
Биыл 1 маусымдағы жағдай бойынша республикамызға 3245 отбасы (6 361 этникалық қазақ) көшіп  келді, қандастар мен қоныс аударушылардан тұратын 631 отбасы қабылдау өңірлерінде (Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстары) орналасты – деді Біржан Нұрымбетов.

Сонымен қатар, ол осы жылдың 13 мамырында мемлекет басшысы көші-қон процестерін жетілдіру туралы заңға қол қойғанын мысалға келтірді. 
Онда келесі жаңа ережелер көзделген. "Қандас" түсінігінің  жаңа нұсқасы. Оған сәйкес этникалық қазақтың бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмағандығы басты өлшем болып табылады. Жергілікті атқарушы органның оралман мәртебесін алты айдан аспайтын мерзімге, бір рет жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мүмкіндігін кеңейту мақсатында ұзартады, - деді ол. 

Министр атажұртына оралған қандастардың тұрақты тұруға рұқсат алу үшін де, Қазақстан азаматтығын алу үшін де құжаттарды бір уақытта ұсыну құқығы бар екенін айтты.



Өзгелердің жаңалығы