Все новости за 5 маусым 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Ең төменгі күнкөріс деңгейі 13%-ға өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 13,4%-ға жоғарылап, биылғы жылдың мамыр айында орта есеппен 32,1 мың теңгені құрады, деп жазды finprom.kz.
-
Көліктен түспей-ақ COVID-ке тест тапсыруға болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оған 3-5 минут уақыт кетеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
-
Қазақстан Қытайға түйе сүтін экспорттай бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан алғаш рет Қытайға түйе сүтінің ұтақталған түрін экспортқа жіберді, деп хабарлайды Almaty.tv.
-
Алматыда ҰБТ алты жоғары оқу орнында өткізіледі
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен оның орынбасары Ержан Бабақұмаров видео-конференция-байланыс режимінде жоғары оқу орындарының ректорларымен алдағы Бірыңғай ұлттық тестілеуді өткізу мәселелері бойынша жиналыс өткізді.
-
Елорданың бас санитары: Митингке шыққандар індет жұқтыруы мүмкін
Covid-19 таралу қаупі әлі де бар. Карантин кезінде көпшілік шараларды, митингілер мен жиындарды өткізуге тыйым салынады.
-
Ауласында қарасора өсірген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавл полицейлері "Қарасора-2020" жедел-алдын алу шарасы кезінде құрамында есірткі бар өсімдікті заңсыз өсірумен айналысқан бірнеше адамды анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Орал қаласында карантин күшейеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда жаңа шектеу шаралары енгізілді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаев мәлімдеді.
-
COVID-19: Елімізде емделгендер саны 7 мыңға жуықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде тағы да 55 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
-
Атырауда қылмыстық топты құрықтады
Атырау облысында адам бопсалау және қарызды өндірумен айналысатын қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
-
Шымкенттік еріктілер қоғамдық көліктерде тегін жүреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаев айтты.
-
Қазақстанда 152 адам індеттен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде емделіп жатқан 152 адам коронавирус індетінен жазылып шықты.
-
Мемлекеттік қызметшілер арасында байқау жарияланды
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілер барлық азаматтарға үлгі болуы тиіс.
-
Мешіттерде жұма намазы оқыла бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі мешіттердің ашылғанына және кей өңірлердегі мешіттерде жұма намазы оқыла бастағандығын хабарлады.
-
Головкин - Альварес жекпе-жегі қай салмақта өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Джонатон Бэнкс мексикалық Сауль Альвареспен өтуі мүмкін үшінші жекпе-жек жайлы ойын айтты
-
Мақтааралда жаңа үйлердің шатыры жабылып жатыр
Су басқан ауылдардың жаңа мекенінде 200-ге жуық үйдің іргетасы құйылып, 80 үйдің қабырғасы көтерілді. Екі үйдің сырты сыланып, шатыры жабылуда, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Анар Бердіқұлова: Ең алдымен, қоршаған ортаға деген көзқарасымыз өзгеру керек
Қазіргі таңда кейбір адамнан иығына ілінген эко-дорбаларды жиі кездестіріп жүрміз.
-
Димаштың әндері Барселона радиосында шырқалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Барселонаның танымал "Radio Sant Boi" радиосының "la República Santboiana" бағдарламасында Димаш Құдайбергеннің әндері шырқалды7
-
Өмірзақ Шөкеев мақтааралдықтармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бүгін тағы да Мақтаарал ауданындағы су басқан ауылдарға арнайы келіп, жергілікті тұрғындармен кездесті.
-
Алматының индустриялдық аймағында 6 өнеркәсіптік саябақ ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы Алматының Индустриялдық аймағында алты шағын өнеркәсіптік саябақ іске қосылады, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
-
Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Тараз тұрғынынан екі қап марихуана тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Тараздың 42 жастағы тұрғынынан екі қапқа салынған кептірілген марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Тұрғындардың арызы бойынша жол сапасы тексерілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте "Сапалы жол – Адалдық алаңы" жобасы аясында қалада мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен салынып жатқан жолдардың сапасына бақылау жүргізілуде.
-
"Жеңіске 75 жыл" коллекциялық монеталары сатылымға шығады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік МН 25 мельхиор қоспасынан және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан "Жеңіске 75 жыл" коллекциялық монеталары 2020 жылғы 8 маусымнан бастап айналысқа шығарады.
-
Шымкентте жылыжай көлемі артуда
Жыл соңына дейін тағы 15 гектар өнеркәсіптік жылыжай айналымға қосылады деп жоспарланып отыр.
-
Алматыда көшелерді дезинфекциялаудың екінші кезеңі басталады
Алматы, BAQ.KZ. Алматының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Бекшиннің тапсырмасы бойынша адамдар көп жиналатын орындар мен қоғамдық кеңістіктерді дезинфекциялау күшейтілді.
-
Бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 5 маусымның түнінде Қарағанды облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі, деп ескертеді.
-
Пандемия кезеңінде Қазақстанға 6 мыңға жуық турист қайтарылды – Райымқұлова
ҚР азаматтарының құқығын кепілдендіру жүйесі аясында пандемия кезеңінде елге чартерлік және тұрақты рейстер арқылы 6 мыңға жуық турист, яғни 5913 ел азаматы қайтарылды,деді мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.
-
МСҚ: Qoldau-24/7 – кері байланыстың ең тиімді тәсілі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтардың көпшілігіне өтінішті электронды тәсілмен қалдырған ыңғайлы.
-
Түркістанда Халықаралық спорт және туризм университеті ашылады – министр
Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халық алдында берген есебінде мәлімдеді.
-
Елордада Covid-19-ға қарсы дезинфекция жалғасуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда саябақтарында, қоғамдық орындарда, әлеуметтік нысандар, базарлар, сауда орталықтары, аялдамалар мен автобустарда, балалар алаңдарында және басқа да адамдар көп жиналатын жерлерде дезинфекция жалғасуда.
-
Митинг ұйымдастырушылар заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады - Бекшин
Алматы, BAQ.KZ. Алматының бас санитарлық дәрігері әлеуметтік желіде халықты митингке шақырып жатқан хабарламалардың дұрыс емес екенін мәлімдеді.
-
40-қа жуық әліпби жобасы ұсынылды. Талқылау жалғасуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі Беделді ғалымдар, қалың жұртшылық пен сарапшылар тарапынан 40-қа жуық әліпби жобасы ұсынылды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халық алдында берген есебінде айтты.
-
"Музейдегі түн" акциясын 80 мың адам онлайн тамашалады - министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халық алдында берген есебінде музей қызметі туралы айтып берді.
-
Судың да сұрауы бар: Елімізде су қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар суды көп іше бастады. Жылдың бірінші тоқсаны бойынша су және алкогольсіз сусындарды тұтыну 22% өсті. Бұл туралы energyprom.kz жазды.
-
ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Абай мерейтойының халықаралық тұсаукесері өтеді - министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы қазан айында Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Абай мерейтойының халықаралық тұсаукесері өтеді. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халық алдында берген есебінде айтты.
-
Алматыда Армениядан жеткізілген 33 көлік тіркелді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев брифинг барысында айтты.
-
Сабақтан тыс спорт жаттығуларын жүргізетін педагогтарға қосымша ақы беріледі – Райымқұлова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтарына сабақтан тыс спорт жаттығуларын жүргізгені үшін базалық лауазымдық жалақының (17 697 теңге) 100% мөлшерінде қосымша ақы беріледі,деді мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халық алдында берген есебінде.
-
Мердігерлер құрылыс материалдарын отандық тауар өндірушілерден сатып алатын болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов Отандық тауар өндірушілерге мемлекеттік сатып алу арқылы қолдау көрсету шаралары туралы өткен онлайн брифинг барысында айтты.
-
Жыл басынан бері 34 мың мәдениет қызметкерінің жалақысы артты - министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл басынан бері 34 мың мәдениет қызметкерінің жалақысы артты. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халық алдында берген есебінде айтты.
-
Сенат төрағасы АҚШ елшісімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозермен кездесті.
-
Алматыда сатып алудан 10,4 млрд теңге үнемделді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша "Жұмыспен қамту жол картасын" жүзеге асыру аясында жалпы сомасы 100,2 млрд теңгеге 379 конкурс өткізілді, сатып алудағы үнем 10,4 млрд теңгені құрады.
-
Ләззат Танысбай: Қазақстандық аудитория сенімді ақпарат көзі ретінде телевизияны таңдайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық аудитория сенімді ақпарат көзі ретінде телевизияны таңдайды. Бұл туралы "Қазақстан" РТРК» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Танысбай отандық БАҚ саласын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел жиынында айтты, деп хабарлайды "Қазақстан" РТРК" баспасөз қызметі.
-
Тоқаев: Табиғатты қорғау – мемлекеттік маңызы зор іс
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні екенін атап өтті.
-
1,8 млн адамның банктегі қарызын өтеу мерзімі кейінге шегерілді
Алматы, BAQ.KZ. 1,8 миллионнан аса несие алушының қарыздарын өтеу мерзімі кейінге қалдырылды және 1,5 мыңға жуық кәсіпкерге жеңілдікпен кредит беру мақұлданды. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.
-
90 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 90 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
-
Елордада COVID-19 вирусына тексеретін алғашқы зертхана кешені іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада нақтылығы жоғары ПТР-скрининг арқылы халықты коранавирусқа тексеретін алғашқы модульдік зертхана кешені жұмысын бастады.
-
Nur Otan партиясының праймериз өткізу ережесі жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan-ның ресми сайтында партияның Саяси кеңесі бекіткен, партияішілік іріктеуді өткізу ережесі жарияланды.
-
JasylAlmaty акциясы аясында 135 мың жасыл желек отырғызылды
Алматы, BAQ.KZ. Биыл Алматыда 265 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Облысқа шекаралас орналасқан Наурызбай және Алатау аудандарына бірінші кезекте ерекше назар аударылмақ.
-
Қалдықтарды энергияға айналдыратын жоба жүзеге асырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды энергияға айналдыратын WASTE-TO-ENERGY жобасын іске асыру қарастырылуда, деп хабарлады Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының баспасөз қызметі.
-
Жазда ауылға кетеміз – қала тұрғындары. Фоторепортаж
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жаймашуақ жаздың алғашқы күндері. Елордалық тұрғындар жаздың кешкі қоңыр салқын желін пайдаланып, саябақта серуендеп жүр. Себебі күндіз қалада аптап ыстық. Биылғы жаз бұрынғыдан өзгерек дейді тұрғындар.
-
Facebook БАҚ хабарламаларын таңбалауды бастайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілер алдымен БАҚ беттерінде пайда болады, ал келесі апта ішінде жаңалықтар таспасындағы хабарламаларға қосылады, деп хабарлайды interfax.ru.
-
Қазақстандық автобизнес экологтарға ауаның сапасын өлшейтін мобильді зертхана табыстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық автобизнес қауымдастығы мен "Қазақстанның экологиялық ұйымдары" қауымдастығы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
-
Ангела Меркель бесінші рет канцлер болудан бас тартатынын мәлімдеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ангела Меркель ГФР канцлері сайлауына қатыспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
-
Алматыда жеті мың адам сыятын мешіт салынып жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев instagram-ғы парақшасында жазды.
-
Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
Шымкентте жаңа үлгідегі аялдамалар орнатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте екі түрлі үлгіде 260 жаңа аялдама орнатылмақ. Кішкентай аялдаманың құны 900 мың теңге болса, үлкені 2 миллион теңгені құрайды. Кіші аялдамаларды жолаушысы аз мекендерге қою жоспарлануда.
-
COVID -19 бақылайтын веб-қосымша іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығында "COVID -19 бақылау орталығы" веб-қосымшасы іске қосылды. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Еліміздің солтүстік аймағында күн жылынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6-8 маусымда еліміздің солтүстік аймақтарында ауа температурасы қайта көтеріледі, деп хабаралды "Қазгидромет" РМК.
-
Атыраудағы газ құю стансасында жарылыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жарылыс кезінде 4 адам зардап шекті. Бұл туралы ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ұлттық музей "Жеңіс жаңғырығы" жобасын бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық музейі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған қашықтан өткізілетін "Жеңіс жаңғырығы" жобасын іске қосты, деп хабарлады Ұлттық музейдің баспасөз қызметі.
-
Елбасыны балағаттаған қарағандылыққа үкім шықты
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тіл тигізді деген айыппен сәуір айында қамауға алынған Арман Хасеновті шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты.
-
Пандемия кезінде БАҚ-қа Үкімет қолдау көрсетеді – Балаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева отандық БАҚ саласын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел жиынында қысылтаяң шақтағы журналистердің еңбегін ерекше атап өтті.
-
Атырау облысында қылмыстық топ құрықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті жүргізілген арнайы операция нәтижесінде спорттық орта мен ықтимал деструктивті діни ағымдардың өкілдерінен тұратын адамдар тобының құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
-
Билл Гейтс адамдарды чиптеуге қатысты жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бизнесмен микрочиптер туралы әңгіме болмағанын айтты. Гейтс "осындай ақылсыз идеялар" мазалайтынын мойындады.
-
Үндістан тұрғындары ел атауын өзгерткісі келеді
Алматы, BAQ.KZ. Үндістан жоғары соты 2 маусым күні мемлекеттің атауын ресми ауыстыру жөніндегі тұрғындардың өтінішін қарау керек болған. Алайда бұл мәселені кейінгі қалдырды, деп жазды rossaprimavera.ru.
-
"Самұрық-Қазына" 4 айда сатып алудан 100 млрд теңге үнемдеген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры 2020 жылдың төрт айында ішкі сатып алуларды қысқартып, сатып алу тетіктерін жетілдірудің арқасында 100 млрд теңге үнемдеген. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Самұрық-Қазына" қорын басқару жөніндегі кеңесте қор төрағасы Ахметжан Есімов мәлім етті.
-
Бас прокуратура жаңа заңның ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев "Прокуратура туралы" заңның 31-бабына қатысты үндеуін жариялады.
-
АҚШ-та Джордж Флойдпен қоштасты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Минниаполистегі жерлеу рәсіміне жүздеген адам жиналды. БАҚ Джордж Флойдты соңғы сапарға шығарып салу рәсімін ұлттық қаһарманмен қоштасқанға теңеді,деп хабарлады ru.euronews.com.
-
Норвегияда тау көшкіні 8 үйді теңізге ағызып әкетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ең ірі сырғыманың ені 650 метрді құраса, жағалаудың бөлінген учаскесінің биіктігі 40 метрге жетті.
-
Атырау облысында құтқарушылар суға кеткен жігітті іздеп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында қайғылы оқиға орын алды. Туысқандарымен демалысқа шыққан жас жігіт арнайы жабдықталмаған жерге шомылып, суға батып кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Қоршаған ортаны қорғау – өзіңнен басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 5 маусым - Дүниежүзілік экологтар және қоршаған ортаны қорғау күні. Бұл күннің мақсаты – қоршаған ортаның айтулы проблемаларына әлемдік қауымдастықтың назарын аудару және адамзат баласының қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін ояту.
-
5 маусымда екі қалада ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 маусымда еліміздің екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай орын алуы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Балқашта 20-дан аса демалыс орны салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балқаш көлінің аумағы Қазақстанда туризмді дамыту бағдарламасына енді. Бұл таяу жылдары курорттық аймақты барлық ықтимал тәсілдермен жақсарта түседі, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.
-
"Жұмыспен қамтудың жол картасы". Аягөзде 68 жоба жүзеге асып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында 68 жоба жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды "Хабар 24".
-
5 маусымға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 маусымда елімізде құбылмалы күн райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің тек оңтүстігі мен солтүстігі әлі де жоғары атмосфералық қысым аймағында болғандықтан, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей өңірде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Елімізде өткен тәулікте 245 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикада өткен тәулікте 245 адам коронавирус індетін жұқтырған. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады. Қазақстандағы коронавирус бойынша 4 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай.
-
Елордада бірқатар көшеге жөндеу жүргізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жол жөндеу жұмысы қарқынды жүргізілуде. Биыл жалпы ұзындығы 100 км болатын 150 көше жөнделеді, оның 100 көшесі тұрғын алаптарында орналасқан, еп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
-
4 күнде Арменияның 20 көлігі есепке алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 маусымнан бастап Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын уақытша тіркеу Павлодар облысының Халыққа қызмет көрсетудің 4 орталығында (Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Ертіс ауданы) жүзеге асырылады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
ІІМ басшысы жас полицейлерге қызметтік куәліктерін табыс етті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мемлекеттік рәміздері күні Ішкі істер министрі жаңадан жұмысқа кіріскен полицейлерге қызметтік куәліктерін табыстады, деп хабарлайды ІІМ-нің баспасөз қызметінен.
-
Шымкентте көпқабатты 44 үй салынып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте "Shymkent" ӘКК" АҚ-мен жалпы ауданы 146 мың шаршы метрден астам 44 көп қабатты тұрғын үй салынуда. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
-
Павлодардағы Байдала ауылында футбол алаңы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодардағы Байдала ауылында жаңа футбол алаңы ашылды. Нысанды салуға "Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру" бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді. Бұл туралы Павлодар қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Биыл түлектерге облыс әкімінің 175 гранты бөлінеді – Маңғыстау
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл түлектерге облыс әкімінің 175 гранты бөлінеді. Тек ол грант өңірге қажетті мамандық таңдаған түлектерге тиесілі. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев мәлім етті.
-
Ақтауда бокс орталығы пайдалануға беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда бокс орталығы пайдалануға беріледі. Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте айтылды.
-
Өскеменде 54 көпбалалы отбасы баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде 54 көпбалалы отбасына жаңа пәтер кілттері табыс етілді, деп хабарлайды Altaynews.
Наверх