ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Абай мерейтойының халықаралық тұсаукесері өтеді - министр

5 Маусым 2020, 15:59
1547
Бөлісу:
ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Абай мерейтойының халықаралық тұсаукесері өтеді - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы қазан айында Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Абай мерейтойының халықаралық тұсаукесері өтеді. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халық алдында берген есебінде айтты.

Осы жылы халқымыздың көрнекті ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың мерейтойы..Абай философиясы біздің мәдени және ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды.Бекітілген жалпы республикалық жоспардың барлық іс-шаралары идеологиялық және ағартушылық жүктемені көтереді. Мемлекет басшысы атап өткендей, мерейтойдың күн тәртібі тұжырымдамалық тұрғыдан елде және шетелде Абай тұлғасының жаһандық ауқымын кеңінен танымал етуге арналған идеологиялық-мазмұнды және сапалы іс-шараларды өткізуге негізделетін болады, - деді Ақтоты Раймқұлова.

Министр бұл ретте биыл атап өтілетін маңызды іс-шаралар барысында ысырапшылдық пен науқаншылдыққа жол берілмейтінін еске салды. 

Абайдың мұражай үйінде, Жидебайдағы "Абай-Шәкәрім" мемориалдық кешенінде ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілуде, Абайдың "Жидебай-Бөрілі" музей қорығын толыққанды ғылыми зерттеу орталығы етіп қайта құру тұжырымдамасы әзірленді. Жалпы Шығыс Қазақстан облысындағы 18 нысанда  жұмыс жүргізілуде, - деді ол. 

Сондай-ақ, министр Абай шығармашылығын насихаттау мақсатында оның еңбектері әлемнің 8 шет тіліне аударылғанын айтты. 

Прагада Абайдың мәдени-ақпараттық орталығы ашылды. Братислава, Будапешт, Берлин қалаларында "Абай оқулары", көрмелер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында "Абай академиясы" ғылыми-зерттеу институты құрылды. Мерейтойдың негізгі шаралары қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облысында өткізу жоспраланып отыр. Биылғы қазан айында Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Абай мерейтойының халықаралық тұсаукесері өтеді, - деді министр.
Өзгелердің жаңалығы