Мердігерлер құрылыс материалдарын отандық тауар өндірушілерден сатып алатын болады

5 Маусым 2020, 15:34
1594
Бөлісу:
Мердігерлер құрылыс материалдарын отандық тауар өндірушілерден сатып алатын болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов Отандық тауар өндірушілерге мемлекеттік сатып алу арқылы қолдау көрсету шаралары туралы өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Мемлекеттік сатып алу арқылы отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселесі қазіргі таңда ең өзекті болып отыр. Осы бағытта жыл басынан бері айтар болсақ, былтырғы жылмен салыстырғанда, мемлекеттік сатып алу конкурстарының мөлшері 420 млрд теңгеден асты. Өсім көлемі – 23%. Мемлекет басшысы мен қала әкімі Бақытжан Сағынтаев отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында бірқатар тапсырма берді. Қазіргі таңда, жергілікті жұмыспен қамту мәселесін өңірлік комиссия қарастырып жатыр. Ол комиссияға "Атамекен" ҰКП өкілдері, "Nur Otan" партиясы мүшелері және қоғамдық кеңес мүшелері енген. Мақсат - қалада жұмыс істеп жатқан нысандарды тексеріп, Алматыда бар компанияларды, егер Алматы қаласында жоқ болса, республика көлеміндегі компанияларды мемлекеттік сатып алуға тарту, - деді ол.

Нариман Әбілшайықовтың айтуынша, "Жұмыспен қамту жол картасын" жүзеге асыру аясында биыл 100,2 млрд теңгеден астам қаражат осы Алматы қаласына бөлінген. Оның 75 миллиардтан астам теңгесіне құрылыс материалдары алынатын болады.

Мердігерлерге құрылыс материалдарын отандық тауар өндірушілерден алуға талап қойып отырмыз. Сондықтан мемлекеттік сатып алу бағдарламасы қазіргі таңда маңызды мәселе санатында. Төтенше жағдай, карантин кезінде кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қала бойынша 27 мың жаңа орын ашылатын болса, отандық тауар өндірушілерге қосымша тапсырыс беріліп жатса, компаниялар қосымша адам қабылдауға дайын. Осы мәселені шешу жолында әкімдікпен бірігіп, қоян-қолтық жұмыс істеп жатырмыз, - деді палата директоры.

Өзгелердің жаңалығы