"Музейдегі түн" акциясын 80 мың адам онлайн тамашалады - министр

5 Маусым 2020, 16:16
1504
Бөлісу:
"Музейдегі түн" акциясын 80 мың адам онлайн тамашалады - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халық алдында берген есебінде музей қызметі туралы айтып берді. 

2019 жылы Әлем музейі бойынша "Алтын адамның шеруі" атты халықаралық көрме жобасы өз жалғасын тауып, үш жыл ішінде 12 елде болып қайтты.Ұлттық музейі мен Алматы қаласындағы орталық мемлекеттік музейі онлайн турлар мен виртуалды экскурсиялар бойынша ТМД елдерінің үздік тарих және мәдениет музейлері рейтингісінде ТОП-5 қатарына енді, - деді Ақтоты Райымқұлова. 
Министр атағандай, 2019 жылдан бастап "Музейлер шеруі" республикалық акциясы іске қосылып, 125 отандық музейде келушілердің саны 150 мың адамды құрады.

"Музейдегі түн" акциясын өткізу дәстүрге айналып отыр. Осы жылы қалыптасқан жағдайға байланысты бұл акция онлайн форматта ұйымдастырылды. YouTube арналары мен әлеуметтік желілердегі аккаунттар арқылы трансляцияны 80 мың адам көрді, - деді Ақтоты Райымқұлова. 
Министр мәдениет және өнер саласында жаһандық үрдістер жұмыста кеңінен қолданылғанын айтты.
Кино саласында да заманауи жұмыс форматы енгізілді, олардың бірі – ашық сценарий талқылау. Беделді кино мамандарынан құралған эксперттік кеңес және ведомтсвоаралық комиссия жұмысын бастады. Аталған жұмыс органдарымен ашық сценарийлерді талқылаудың үш отырысы өткізіліп, қызығушылық танытқан әрбір азаматтар онлайн-форматта бақылау мүмкіндігіне ие болды.Нәтижесінде комиссия 2019 жылы ұсынылған  109 жобадан 17-сін іріктеп алса, 2020 жылы питчингке қатысқан 226 жобаның 42-сі қолданды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы