Алматыда сатып алудан 10,4 млрд теңге үнемделді

5 Маусым 2020, 14:46
1220
Бөлісу:
Алматыда сатып алудан 10,4 млрд теңге үнемделді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша "Жұмыспен қамту жол картасын" жүзеге асыру аясында жалпы сомасы 100,2 млрд теңгеге 379 конкурс өткізілді, сатып алудағы үнем 10,4 млрд теңгені құрады.

Бұл туралы Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Рүстем Әлиев брифинг барысында айтты.

Брифинг барысында ол, отандық тауарөндірушілерге мемлекеттік сатып алу арқылы қолдау көрсету шаралары туралы баяндады.

Отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі өз қолданысын осы жылдың 31 шілдесіне дейін жалғастырады. Арнайы тәртіпті қолданудың маңызды сәттері мыналар: біріншіден, бұл сатып алу кейінге қалдыруға болмайтын және төтенше жағдаймен байланысты бірінші кезектегі тауарлар, жұмыстар мен қызметтер. Екіншіден, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, төтенше жағдай кезінде барлық тауарлар бірінші кезекте отандық тауар өндірушілер арасында сатып алынады, - деді ол.
Оның айтуынша, бұл Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп бекіткен отандық тауар өндірушілердің тізбесіне сәйкес жүргізіледі. СТ-КZ сертификаттары міндетті түрде ұсынылуы керек.

Сондай-ақ, ол бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметтер мен жұмыстар бойынша барлық төлемдері 5 күн ішінде жүзеге асырылатынын айты. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялар айыппұл санкцияларын қолданбайды.
Біздің басқарма бюджеттік бағдарлама әкімшілері өткізетін мемлекеттік сатып алуға және отандық тауар өндірушілерді қолдау заңнамасы нормаларының сақталуына тұрақты мониторинг жүргізіп отырады. Сондай-ақ, тапсырыс берушілер мен әлеуетті жеткізушілерге әдістемелік қолдау көрсетіледі, - деді Рүстем Әлиев.

Өзгелердің жаңалығы