Пандемия кезеңінде Қазақстанға 6 мыңға жуық турист қайтарылды – Райымқұлова

5 Маусым 2020, 17:18
1183
Бөлісу:
Пандемия кезеңінде Қазақстанға 6 мыңға жуық турист қайтарылды – Райымқұлова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. COVID-19 пандемиясы туризм индустриясына кері әсер етті. ҚР азаматтарының құқығын кепілдендіру жүйесі аясында пандемия кезеңінде елге чартерлік және тұрақты рейстер арқылы 6 мыңға жуық турист, яғни  5913 ел азаматы қайтарылды,деді мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова. 

Министр индустрия мен туризмді мемлекеттік қолдау мақсатында теңдессіз іс-шаралар қабылданғанын айтты.
Оның ішінде салықтық және несиелік босаңсу, дағдарысқа қарсы іс-шаралар пакеті бар. Заң жобасы аясында кәсіпкерлерге қатысты инвестициялық жеңілдіктер мен олардың шығындарын өтеу қарастырылып жатыр, – деді министр. 
  Сондай-ақ министр үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия карантиннен кезеңдеп шығуды ұсынып отырғанын жеткізді. 
Осыған орай өңірлерде туристік маусымның ашылу алгоритмі мен туристік нысандардың жұмысы санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтауы керек, – деді ол.
Өзгелердің жаңалығы