"Жеңіске 75 жыл" коллекциялық монеталары сатылымға шығады

5 Маусым 2020, 18:15
1533
Бөлісу:
"Жеңіске 75 жыл" коллекциялық монеталары сатылымға шығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік МН 25 мельхиор қоспасынан және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан "Жеңіске 75 жыл" коллекциялық монеталары 2020 жылғы 8 маусымнан бастап айналысқа шығарады.

Монеталарды Қазақстан Ұлттық Банкінің барлық аумақтық филиалдарында сатып алуға болады. 

"Жеңіске 75 жыл" монетасының графикалық композициясының негізінде соғыс әкелген алапатты сипаттайтын қабырғаның бөлінген жарығы аясында совет жауынгерінің стильдендірілген бейнесі бар. Алдыңғы жағында мәңгілік оттың бейнесі, оның жалынынан жер бетіндегі бейбітшілік үшін совет жауынгерлері өмірлерінің нышаны іспеттес көгершіндердің көкке самғаған бейнесі көрсетілген. Композицияның оң бөлігінде – қалампыр гүлінің стильдендірілген бейнесі. Жоғары бөлігінде – мерейтойлық даталарды бөліп тұрған және жауынгердің бейнесін ұстап тұрған бес қырлы жұлдыз бейнеленген, – делінген Ұлттық Банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Монетаның реверсіндегі жазу кириллицада орындалған, бұл сол уақыттағы оқиғалармен тарихи байланысты баса көрсетеді.

"Қара proof" дайындау сапасымен күмістен жасалған монеталар 925/1000 сынамды күмістен, массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, номиналы 500 теңгелік, дайындау таралымы 2 000 (екі мың) дана дайындалды.

Өзгелердің жаңалығы