Ұлттық музей "Жеңіс жаңғырығы" жобасын бастады

5 Маусым 2020, 11:45
2850
Бөлісу:
Ұлттық музей "Жеңіс жаңғырығы" жобасын бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық музейі  Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған қашықтан өткізілетін "Жеңіс жаңғырығы" жобасын іске қосты, деп хабарлады Ұлттық музейдің баспасөз қызметі. 

Жобаның нысаны - Ұлы Отан соғысы жылдары жазылған хаттар, соғысты бейнелейтін фотосуреттер. Ұлттық музейге жоба аясында 175 сақтау бірлігі, оның ішінде 11 хат, 69 фотосурет пен 95 құжат келіп түсті.

Ұлы Отан соғысы туралы естеліктің ең бейнелі түрі – сарғайған солдат хаттары. Соғыстың  отты кезеңіне шарпылған жауынгердің майданнан жазған хаттары – сұрапыл, сұм соғыстың ауыр тынысын сездіреді. 
Сарғайған сағынышқа толы хаттарда: соғыс туралы әңгіме мен өлеңдер, фотосуреттер көрініс тауып, жақынының жанына жылулық ұялататын жылы сөздер жазылды, ең бастысы-өмірге деген құлшыныс сезілді, - делінген хабарламада.
  "Жеңіс жаңғырығы" жобасы жылдың соңына дейін жалғасады. Жоба  аясында кез келген тұлға  өз жақындарының хаттары мен фотосуреттерін жолдай алады.
Өзгелердің жаңалығы