Сенат төрағасы АҚШ елшісімен кездесті

5 Маусым 2020, 14:59
1670
Бөлісу:
Сенат төрағасы АҚШ елшісімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозермен кездесті. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы экономикалық, әлеуметтік-мәдени және саяси қарым-қатынас мәселелері бойынша пікір
алмасты.

Сенат төрағасы ел президенті Қ.К.Тоқаевтың саяси реформаларын заңнамалық қамтамасыз етуге бағытталған Палатаның жұмысына тоқталып, Мемлекет басшысының жаңғыртылған жалпы күн тәртібін сөз етті, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев Қазақстанның демократиялық үдерістерді дамытуды жалғастыруға ниетті екеніне баса мән беріп, екі елдің Парламент өкілдері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.
Өзгелердің жаңалығы