Все новости за 22 сәуір 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Атырау облысында табиғат паркі ашылады
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысы Жылыой ауданындағы Желтау жотасы мен Шөлқара қыраты маңынан табиғи парк ашу жоспарлануда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
-
Қызылордада инклюзивті білім беру мекемелерінің жұмысына мониторинг жүргізілді
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. «Nur Otan» партиясының Қызылорда облыстық филиалы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында инклюзивті білім беруге бейімделген білім беру ұйымдарына мониторинг жүргізді.
-
Өскемен қаласындағы қоғамдық көлік электронды билеттеуге көшіріледі
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өскемен қаласындағы қоғамдық көлік бағыттары автоматтандырылған билеттеуге көшірілмек. Бұл жөнінде бүгін облыс әкімдігінің кеңейтілген аппарат отырысында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмәділов хабарлады.
-
Мұндай диалогтың маңызын уақыт өзі дәлелдейді – Елена Кашарина
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Осы жылдың 29 сәуірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII Сессиясы өтеді. Айтулы шарадан қазақстандықтардың күтер жаңалығы мол. Қазақстан халқы Ассамблеясының Қостанай облысындағы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Елена Кашаринаның пікірінше, осынау диалог алаңының маңызы артып, ауқымы кеңейе түспек.
-
Бейбітшілік орнаған елде өмір сүріп жатқанымызды мақтан тұтамыз – ҚХА мүшесі
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясының басты тақырыбы – бейбітшілік пен ынтымақ боларына сенімдімін, дейді Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының төрағасы Герихан Яндиев.
-
Жамбыл облысындағы жол апатынан зардап шеккендер Тараз ауруханасына жеткізілді
Тараз, BAQ.KZ. Жамбыл облысында орын алған ірі жол апатында жарақаттанғандар Тараз қаласына жеткізілді. Дәрігерлердің мәліметінше, зардап шеккен 5 азаматтың жағдайы бірқалыпты.
-
Алматы жастары Наурыз мейрамын атап өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Әз-Наурызды барлық сән-салатанатымен атап өтті. Биылғы мереке Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына сай орайластырып ұйымдастырылды.
-
Назарбаев Корея Республикасының Президентімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
Бірлікті көздің қарашығындай сақтап, жаңғыруға ұмтылып келеміз – Мұратәлі Қалмұратов
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Алда өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVII сессиясы қарсаңында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов осы ауқымды шараға қатысты өз пікірін білдірді.
-
Тәуелсіздік жылдарында 320 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылған – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин жетекші корей компаниялары жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобалардың көрмесін аралап көрді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
Әлеуметтік бастамаларды ілгерілету міндеті тұр – Латифша Асанов
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қалалық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Латифша Асанов сәуірдің соңына белгіленген Ассамблеяның кезекті сессиясын неліктен асыға күтетінін айтып берді.
-
Подольянова: Қазақстан халқы Ассамблеясы – елдің бренді
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халқы Ассамблеясы басқа еш мемлекетте жоқ. «Вяра» Ақтөбе облысы болгар этномәдени бірлестігінің төрайымы Анастасия Подольянова Ассамблеяны «біздің елдің ғана бренді» дейді.
-
ОСК мен Еңбек министрлігі президент сайлауында мүгедектерге жағдай жасау туралы меморандумға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасында сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасау туралы меморандумға қол қойылды.
Құжатқа қол қою рәсіміне Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев пен Еңб
-
Осы сапардан кейін әріптестігіміздің аясы кеңейе түседі – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Президенті Мун Чжэ Ин жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
Ақтөбеде дарынды жастар іріктеледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласы әкімінің жыл сайынғы "Ақтөбе Дарыны – 2019" жастар сыйлығына байқау жарияланды.
-
Жобаларда жетіспеушілік байқалады – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы екіжақты бизнес форум барысын саралай келе, екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынасында қозғаушы күшке айналатын ірі жобаның жетіспеушілігі байқалғандай әсер қалғанын айтты.
-
Назарбаев ҚХР-ның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесті.
-
Кореялық компанияның бас директоры Қазақстандағы жобалары туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кореялық "Daewoo Shipibuilding and Marine Engineering" компания басшысы әртүрлі салада әлемді мойындатқанын және сондықтан Қазақстандағы ірі жобаға қатысқанын айтты.
-
Тоқаев Байқоңыр қаласының мәртебесі жөніндегі заң жобасын ратификациялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұдан бөлек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заң жобасына қол қойды.
-
Екі жерге тіркелген азаматтар бір ғана сайлаушылар тізіміне енгізіледі – ОСК
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ОСК отырысында 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлауында сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру мәселесі қаралды.
-
Бюджеттік сала кәсіпорындары жұмысшыларының жалақысын 35% көтерді
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстандағы 32 мыңнан астам кәсіпорын айлықақысы төмен жұмысшылардың жалақыларын көтермек ниетте.
-
Кореялық инвесторларға Қазақстанның үш қаласында заманауи клиника салу ұсынысы айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында заманауи клиникаларды ашуға қатысу үшін кореялық инвесторлар тартылып жатыр.
-
Жас ұрпақтың жалындауына мүмкіндік беретін жаңашылдықтар күтеміз – Александр Урмашов
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Жақын күндері ел астанасы Нұр-Cұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтеді. Ауқымды шараға Қарағанды облысының белсенді жастары да қатысып, сессиядан жаңашылдықтар күтеді. Бұл жайында ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының аймақтық штабының жетекшісі Александр Урмашов айтты.
-
Өз сайлау учаскеңізді білесіз бе?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы сайлау учаскелерінің орналасатын жерлері белгілі болды, деп хабарлады елорданың ресми сайты.
-
Ғалым Жайлыбайдың жаңа кітабы жарық көрді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Ұлттық кітапханада көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш», Абай, Махамбет сыйлықтарының лауреаты Ғалым Жайлыбайдың «Сұлубайдың әні» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтіп жатыр.
-
Қазақстанда мыңға жуық кореялық компания тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстанға тартылған шетелдік инвестиция көлемі 10 есе өскен. Бұл туралы Қазақстан-Корея бизнес форумы барысында «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ басқа төрағасының орынбасары Рустам Исатаев айтты.
-
Президент сайлауында жарты миллион мүгедек дауыс бере алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда 680 мың мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Солардың ішінде балаларды, соттың шешімімен сайлауға қатыспайтын адамдарды есептегенде, кемінде 500 мың мүмкіндігі шектеулі азамат президент сайлауында дауыс бере алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәлімдеді.
-
Тоқаев Зеленскийді сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаның жаңа басшысы Владимир Зеленскийді сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы ҚР Президенті өз Twitter-індегі парақшасына жазды.
-
Жыл басынан бері Маңғыстау өңірінде 60 өрт оқиғасы тіркеліп отыр
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің мамандарының сөзінше, өрт оқиғаларының басым көпшілігі тұрғын үй секторында жылыту құрылғыларының дұрыс қолданылмауыу салдарынан орын алып отыр.
-
ОСК Нұрлан Қоянбаевтың кандидатурасы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шоумен Нұрлан Қоянбаевтың президенттікке кандидатурасы Орталық сайлауға келіп түспеген.
-
Қазақстан – Кореяның Корей түбегіндегі денуклеризация бойынша ең маңызды серіктестірінің бірі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Корея бизнес форумы барысында Қазақстан-Корея іскерлік кеңестің кореялық тараптан тең төрағасы Шин Сан Хо айтты.
-
Мұсабаева: ҚХА-ның кезекті сессиясы жемісті болатынына сенімдімін
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Қазастан халқы Ассамблеясы – жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің басын бір шаңырақ астына жиған бірегей институт.
-
Корея президенті Мемлекет басшыларының аллеясына ағаш отырғызды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шараға елорда әкімі Бақыт Сұлтанов қатысты, деп хабарлады астана әкімдігінің ресми сайты.
-
Маңғыстауда «Үздік мемлекеттік қызметкер» байқауына қатысушылар саны жыл санап артып келеді
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде аймақтық коммуникациялар алаңында өткен жиында айтылды.
-
Ақтауда «Жетістікке жетелейтін жеті қыр» фестивалі өтеді
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Дәстүрлі өнер фестивалі биыл ХІ рет өткізілгелі тұр.
-
Қазақстан-Корея іскерлік кеңесі екі ел арасында 12 құжатқа қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Корея бизнес форумы барысында Қазақстан-Корея іскерлік кеңестің қазақстандық тарапынан тең төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтты.
-
Жандарбек Бекшин: Баланы инфекциялық аурулардан қорғану құқығынан айырмау керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Былтыр республикада профилактикалық егулерден бас тартқан 5750 жағдай тіркелген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Дүниежүзілік иммундау апталығына арналған баспасөз-конференциясында айтылды.
-
Сайлауда дауыс беру әр қазақстандықтың азаматтық борышы – ҚХА мүшесі
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақ еліндегі әрбір этностың өзінің ішкі дамуында ұлттық тілін сақтай отырып, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін өркендетуге мүмкіндігі зор. Бұл – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың салмақты әрі көрегенді ұлттық саясатының жемісі. Алда өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVII сессиясы қарсаңында Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы ғылыми-сараптау тобының төрағасы Ардақ Қапышев осындай пікір білдірді.
-
Шекарадан 293 дана ұялы телефон алып өтпек болған азамат ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қордай өткізу пунктінде 38 жастағы Қазақстан азаматы контрабандалық жолмен елге 293 дана ұялы телефон алып кірмек болғандығы үшін ұсталды, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
-
Сотталған адамдарды беру, ғарышты игеру: Кореямен жаңа келісімдер бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ақордада Қазақстан мен Корея арасында бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды.
-
Елордада осы аптада өтетін мәдени және спорттық іс-шаралар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігінің сайты 22-28 сәуір аралығында қаланың мәдениет және спорт мекемелерінде өтетін апталық шаралар жоспарын жариялады.
-
Шри-Ланкада жарылыстан қаза тапқандар саны 290-ға жетті
Алматы, BAQ.KZ. Шри-Ланкадағы бірнеше шіркеуде болған жарылыс 290 адамның өмірін қиды, тағы 500 адам жарақат алған. Бұл туралы Associated Press хабарлады.
-
Колумбияда лай көшкінінен 19 адам мерт болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Колумбияның оңтүстік-батысында болған лай көшкінінен қаза тапқандар саны 19-ға жетті.
-
Нұр-Сұлтанда медициналық жедел жәрдем музейі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Музейде келушілер назарына жедел жәрдем қызметінің 90 жылдық тарихынан сыр шертетін құралдар мен түпнұсқа құжаттар, сондай-ақ тарихи суреттер қойылған. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
ЖСДП президент сайлауына өз үміткерін ұсынды
Алматы, BAQ.KZ. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Саяси кеңесі партияның 14-съезін 2019 жылдың 26-шы сәуірінде өткізуді қаулы етіп, 9 маусымда болатын президенттік сайлауға Ермурат Бапиды съезге үміткер ретінде ұсынды. Бұл туралы ЖСДП баспасөз қызметі хабарлады.
-
Тоқаев Корея президентіне кітап сыйлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея президенті Мун Чжэ Ин бірлескен мəлімдеме жасады.
-
Бала ауырғанда вакцинадан бас тарту туралы айтуға ауыз бармай қалады - Жандарбек Бекшин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 24-30 сәуір аралығында Қазақстанда иммундау апталығы өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде "Вакцинамен бірге қорғанайық" тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтылды.
-
Хоккейден әлем чемпионаты кезінде жанкүйерлерді арнайы автобустар жеткізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арнайы автобустарда жүру құны қоғамдық көліктегі жолақының мөлшерімен бірдей болады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты «Sportinform» СИА-ға сілтеме жасап хабарлады.
-
Тоқаев: Қазақстан-Корея тауар айналымы рекордтық көрсеткішке жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Президенті Мун Чжэ Ин бірлескен мəлімдеме жасады.
-
Бекетаев инвестициялар тартуда не маңызды екенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әділет министрі Марат Бекетаев шетелдік және отандық бизнес инвестицияларды әділ құқықтық қорғауға сенімділік болған жерге ғана салатынын айтты.
-
БЖЗҚ: 2019 жылдың алғашқы үш айында зейнетақы төлемдері 54,4 млрд теңгені құрады
Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,64 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 262,3 млрд теңгеге өсті. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Инвестициялар тартуға басым 40 ел айқындалды – СІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанға инвестициялар тарту бойынша министрліктің атқарып отырған іс-шараларын баяндады.
-
Отандық спортшы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының күмісін еншіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Катар астанасы Дохада жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының шымылдығы түрілді. Алғашқы жарыс күнінде ел Элина Михина ел қоржынына күміс медаль салды, деп жазады Olympic.kz.
-
Жамбыл облысындағы жол апаты: 3 адам жан сақтау бөлімінде жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Үкімет кулуарында Қордай маңайында болған жол-көлік апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы баяндады.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Корея президентін қарсы алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Ин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Бүгін шетелдік мейманды Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
-
Назарбаев мектебі шетелден жеңіспен оралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ баспасөз қызметі Ресей астанасында өткен халықаралық байқауда жеңімпаз атанды, деп хабарлайды аталған мекеменің баспасөз қызметі.
-
Инвестициялар тарту үшін ҚР Премьер-министрінің төрағалығымен Үйлестіру кеңесі құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында инвестициялар тарту жұмыстарын жетілдіру мәселелері қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
-
Бір жұмыс күнінде 1,7 млрд теңге несие беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары бойынша қабылданған өтінімдердің сомасы 200 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы «Баспана» ипотекалық ұйымы хабарлады. Мақұлданған қарыздар сомасы 115 млрд. теңгеге жақындады.
-
Астана экономикалық форумында инвестициялар тартудың жаңа архитектурасы таныстырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов инвестициялар тарту бойынша құрылатын жаңа архитектура қысқа мерзімде іске асырылатынын айтты.
-
"Астана" қаржы орталығы Өңірлік инвестициялық хабқа айналады - Смайылов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Астана" халықаралық қаржы орталығы инвестицияларды тарту және Қазақстанның инвестициялық имиджін ілгерілету жөніндегі жұмысты үйлестіру бойынша бірыңғай орталық – Өңірлік инвестициялық хабқа айналады. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында мәлімдеді.
-
Оңтүстік Корея президенті Алматыдағы корей театрына барды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин Қазақстандағы ресми сапары аясында кеше Алматыдағы Мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театрының шығармашылық ұжымымен кездесті.
-
Қаржы министрі инвестиция тарту саласындағы олқылықтарды атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында Қазақстанға инвестициялар тартудың қазіргі механизмдерінің тиімсіз болу себептерін атады.
-
Қазақстанға тартылатын таза инвестициялар көлемі төмендеген - Смайылов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында Қазақстанға инвестициялар тарту мәселелері туралы баяндады.
-
Шығыс Қазақстанда 65 маңызды автобус бағыттары енгізілген
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылдың соңына қарай Шығыс Қазақстан облысының 12 ауданында әлеуметтік маңызы бар 65 автобус бағыты анықталып, оларды ұйымдастыру және субсидиялау жұмыстары басталып кеткен болатын. Бүгінгі таңда тендерлер ойнатылып, аталған бағыттардың бірқатарына шығатын автобустар мен меншік иелері белгіленді.
-
Достық үйлері әр ұлттың өз мәдениетін сақтап, дамытуына үлкен мүмкіндік береді
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Халқы Ассамблеясы еліміздегі түрлі ұлт өкілдерін бір жерде тоғыстырумен қатар, әр этномәдени орталықтың заңнамалық жағынан қорғалуына кепілдік береді. Бұл жөнінде ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының Шығыс Қазақстан облысы бойынша көшбасшысы Равиль Юнусов айтты.
-
Досқараев ұлттық құраманың жеңілісі туралы: Теннисшілеріміз бар күшін салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теннистен Қазақстан құрамасының капитаны Диас Досқараев Лондонда өткен Федерация кубогындағы қазақстандық теннисшілердің жеңілісіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлады BNews.kz.
-
Сырбойылық студенттер саяси науқанға қолдау көрсетті
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Сырбойылық жастар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде кезектен тыс пезидент сайлауын өткізу туралы үндеуін қолдап, форум өткізді.
-
Қытайда қазақ тілі мен мәдениетінің 5 орталығы ашылды – елші
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Көп ұзамай Пекинде екінші «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумы ашылады. Бұл өткен жылғы «Бір белдеу, бір жол» бастамасының бесжылдығынан кейінгі, кезекті тарихы оқиғалардың бірі болмақ. Осыған орай, Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо екі ел арасындағы сауда-экономикалық, гуманитарлық және басқа саладағы ынтымақтастық пен жетістік туралы айтып берді.
-
22 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады.
Наверх