ОСК Нұрлан Қоянбаевтың кандидатурасы туралы ақпаратты жоққа шығарды

22 Сәуір 2019, 16:21
3009
Бөлісу:
ОСК Нұрлан Қоянбаевтың кандидатурасы туралы ақпаратты жоққа шығарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шоумен Нұрлан Қоянбаевтың президенттікке кандидатурасы Орталық сайлауға келіп түспеген. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров ОСК кулуарында мәлімдеді. 

"Мұндай ақпарат келіп түскен жоқ. Мұны сол азаматтың өзінен сұраңыздар. Егер кез келген азамат қандай да бір қоғамдық бірлестік атынан ұсынылатын болса, Орталық сайлау комиссиясы отырыстарында қарастыратын болады", - деп айтты ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров. 

Еске сала кетсек, осыған дейін интернетте шоумен және продюсер Нұрлан Қоянбаев президент сайлауында өз кандидатурасын ұсынуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын.

Өзгелердің жаңалығы