Колумбияда лай көшкінінен 19 адам мерт болды

22 Сәуір 2019, 13:55
2390
Бөлісу:
Колумбияда лай көшкінінен 19 адам мерт болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Колумбияның оңтүстік-батысында қатты лай көшкіні орын алған. Табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны 19-ға жетті. Бұл туралы "Хабар 24" жазды.

Бұған дейін 14 адамның мерт болғаны хабарланған.

Росас қаласында табиғат апатынан тағы 5 адам жарақат алған.

Аймақтағы тасжолдарда көлік қатынасы тежелді. Лай көшкіні 8 баспананы басып қалған.

Апат болған жерде құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Ел президенті Иван Дуке апаттан ажал құшқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Өзгелердің жаңалығы