Шекарадан 293 дана ұялы телефон алып өтпек болған азамат ұсталды

22 Сәуір 2019, 14:40
2426
Бөлісу:
Шекарадан 293 дана ұялы телефон алып өтпек болған азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қордай өткізу пунктінде 38 жастағы Қазақстан азаматы контрабандалық жолмен елге 293 дана ұялы телефон алып кірмек болғандығы үшін ұсталды, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

«Қордай шекара отрядының «Қордай-авто» бөлімшесінде шекара наряды 1981 жылы туған қазақстан азаматын ұстады. Тексеру барысында оның жекеменшік жеңіл автокөлігінен жалпы саны 293 дана «Redmi», «Самсунг», «Леново» маркалы ұялы телефондар табылып, актімен Қордай аудандық Мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырылды», - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы