Все новости за 12 сәуір 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Министр: Каспий маңындағы өңір еліміз үшін стратегиялық мәнге ие
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев Ақтау қаласындағы Әуе қорғанысы күштерінің авиациялық базасына барды.
-
«Композитор» Бейжіңде байқауға қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұңғыш қазақ-қытай бірлескен киножоба – «Композитор» көркем фильмі IX Бейжің Халықаралық Кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына қатысады (The 9th Beijing International Film Festival).
-
Ғарышкерлерге арналған ас мәзірі өте дәмді - Айымбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілерімен кездесті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
«Ұлттық бәсекеге қабілеттілік - ұлттық чемпиондар 2.0» бағдарламасы қолға алынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқару комитетінің «Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары - ұлттық чемпиондар 2.0» бағдарламасының өтінім беру науқанының қорытындыларын қарау жөніндегі отырысы өтті.
-
Президент сайлауы – 2019. Алдағы саяси науқанға жауапты қарауымыз қажет
Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Қостанайда «Sanaly urpaq» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен TEDx форматында студенттер конференциясы өтті. Басқосуға қатысушылар 2019 жылы 9 маусымда болатын президент сайлауының жастар үшін қаншалықты маңызды екенін талқылап, қостанайлық жастар үндеу жариялады.
-
Қазақстанда АИТВ-инфекциясын емдеуге арналған дәрі тапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. GlaxoSmithKline Қазақстанға халықаралық ұйымдар арқылы Долутегравир препаратының аналогын қазіргіден 25 есе арзан бағамен сатып алуға рұқсат ететін лицензияны беруден бас тартты. Бұл туралы ҚР ДСМ Баспасөз қызметі хабарлады.
-
Жамбыл облысындағы 272 көпбалалы қызметкердің 217-сінде баспана жоқ
Тараз, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың басшылығымен үкіметтің жұмыс тобы Жамбыл облысында жұмысын жалғастырды.
-
Ақтаулық оқушылар өздері жасаған зымырандарын ұшырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғарышкерлер күні Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары мектеп алаңында 8 зымыранды көкке ұшырды.
-
Жайыққа хлор төгілген
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауға іссапармен келген ҚР Парламенті сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Жайықтағы жағдайға байланысты жиын өткізді. Қоғам белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
-
Денсаулық сақтау министрлігінде оперативтік орталық ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау саласының төтенше жағдайлар жөніндегі оперативтік орталығының тұсаукесері өтті.
-
Тегін дәрі-дәрмек беру қатаң бақыланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маусым айының соңына дейін пациенттерге SMS-хабарлама жолданады. Хабарлама 2019 жылы 1 қаңтардан 30 маусымға дейін тегін-дәрі дәрмек алатын тұрғындарға жіберіледі. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ хабарлады.
-
«Абылай хан резиденциясы» – Тобыл өңірінде
Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Петропавл қаласындағы «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенінің көшпелі көрмесі Қостанайға келді. Ы.Алтынсариннің мемориалды музейінде «Ордасы ұлы Абылайдың» деген атпен қойылған көрменің салтанатты ашылуына өңірдегі тарихшы ғалымдар мен қаламгерлер қатысты.
-
Алматыда маусымда газбен жүретін 200 жаңа автобус жолға шығады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда көлікті реформалау аясында жылжымалы составты жаңарту және қаланың бағыт жүйесін ұлғайту жалғасуда.
-
Қызылорда облысында табысты мұғалімдер марапатталды
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысында «Табысты мұғалім академиясы» атты педагогикалық үздік идеялар байқауы өткізілді.
-
Атырау. "Ұшты-ұшты шатыр ұшты"
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда кенеттен қатты жел тұрып, көп қатарлы үйдің шатырын ұшырып әкетті. Ұшқан шатырдың бір бөлігі жол жиегіндегі бірнеше көлікті басып қалған. Абырой болғанда көлік ішінде адам болмапты.
-
Атырау облысына жаңа прокурор тағайындалды
Атырау, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары Берік Асылов Атырау облысының жаңа прокурорын аймақтың активінде таныстырды.
-
Президент сайлауы – 2019. Ассамблея өкілдері тұрақтылықты қолдайды
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері елімізде өтетін кезектен тыс Президент сайлауына қолдау білдірді.
-
Қазақстан елшіліктерінде де фронт-кеңселер ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігі өзара іс-қимылдың тікелей тізбегін құру бойынша Қазақстанның шет елдердегі елшіліктерінен бастап елдің жергілікті атқарушы органдарына дейін белсенді жұмыс жүргізуде.
-
Президент сайлауы – 2019. Өсіп келе жатқан ұрпақтың қамын ойлайтын басшы сайлану керек
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. 9 маусымда өтетін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысты облыстық Ауған соғысы ардагерлері кеңесіндегілер де пікір білдірді.
-
Түркістанда Әл-Фараби туралы мультфильм түсірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Анимациялық фильмді түсірудегі мақсат – жас ұрпақты отансүйгіштікке баулып, адал әрі білімді болуға шақыру. Ұлы тұлғаларға, тарихқа деген құрметті ояту.
-
Рауан Кенжеханұлы: "100 жаңа оқулық" жобасы қазақ тілінің ғылыми әлеуетін кеңейтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осыдан тура екі жыл бұрын, еліміздің рухани өміріне үлкен серпіліс әкелген “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласы жарияланды. Елбасы көтерген бастамалар бен берген тапсырмалары зиялы қауымды, ғылым мен білімге жанашыр ортаны шабыттандырып, елдік маңызы аса зор өте ауқымды іске жұмылдырды.
-
Алматы қаласынан 1200-ге жуық азамат әскерге аттанады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Көктемгі әскери шақырту науқаны бойынша Алматы қаласынан 1200-ге жуық азамат әскерге аттанады. Бұл туралы Алматыдағы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінің басшысы Кристина Новикова BAQ.KZ тілшісімен тілдесу кезінде айтты.
-
Түркістанның көшпелі көрмесі Атырауға жетті
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауға алғаш рет Түркістан облысынан көшпелі көрме келді. Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Руханият-Әбу Насыр әл-Фараби» музейінің қызметкерлері ежелгі Отырар қаласының айтулы тұлғалары мен мұраларын таныстырды.
-
Қарағанды облысында көшпелі дәріxаналар жұмыс істемек
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Аймақ тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жылжымалы дәріxана бекеттері жұмысын бастамақ. Халықты сапалы медицинамен қамтудағы осы жаңашылдық жайлы Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді.
-
Атырау дәрігерлері қызылшамен күресті жіті бақылауға алған
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Жыл басынан бері облыста қызылшамен ауырған болуы мүмкін деген күдікке ілінген тұрғындардың саны 700-ге жуықтап, олардың 200-ден астамы зертханалық жолмен дәлелденіпті.
-
Назарбаевтың 25 жыл бұрынғы идеясы қандай нәтиже берді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ықпалдастық туралы жобасының нәтижесінде бір емес, бірнеше ұйым құрылып, ол одақтар мемлекеттерді экономика мен саясат тұрғысынан біріктірді.
-
Қазақ десантшылары қарулы топтың көзін жойды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қапшағай маңындағы «Жағалау» полигонында десантты шабуылдаушы жасақтарының әскери оқу-жаттығулары өтті. Арам ниетті қарулы топ Қапшағай ауданындағы СЭС-тің көпірін жарып жіберген және еліміздің қарулы күштерін Іле өзенінің оң жағалауына шығармас үшін бар күштерін сонда жұмсайды.
-
Президент сайлауы – 2019: Шетелден қанша бақылаушы келеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан бақылаушылар Кезектен тыс президент сайлауына 2019 жылдың 3 маусымы сағат 18.00-ге дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі арқылы құжаттарын тапсыра алады.
-
Тоқаев: Кейбір әкімдеріміз бен министрлеріміз бюджетке «таусылмайтын қоржын» ретінде қарайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Маңғыстау облысы жұртшылығымен кездесуінде сөйлеген сөзі Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
-
Еркін күрестен Азия чемпионатында бақ сынайтын балуандар тізімі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Сиянь қаласында23-29 сәуір аралығында Қытайдың Сиянь қаласында күрес түрлерінен кезекті Азия чемпионатының жалауы желбірейді. Құрлық додасына қатысатындар қатарында Қазақстан командасының балуандары да бар. Еркін күрестен ұлттық құрама бас бапкері Әсет Серікбаев Азия чемпионатына жас спортшыларды аттандыруды мақсат етуде. Бұл туралы Olympic.kz жазды.
-
Сайлау комиссиясы мүшелеріне 127 мың теңгеге дейін ақы төленеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина кезектен тыс президент сайлауы кезінде жұмыс істейтін сайлау комиссиялары мүшелерінің жалақысы туралы айтты.
-
Қазақ тіліндегі жарнама қателерін Фейсбук арқылы хабарлауға болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда тұрғындарын «Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс» акциясына қатысуға шақырады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Ақан Сатаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында түсіріліп жатқан фильмдерді атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Режиссер Ақан Сатаев еліміздегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында түсіріліп жатқан тарихи кинокартиналар туралы айтты.
-
Президент сайлауы – 2019. Ақ пен қараны ажырата білер әділ төре қажет
Орал, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдың 9 сәуір күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіне орай батысқазақстандық жас ғалымдар өз пікірлерін ортаға салды.
-
Қостанайда ауылдарды ауызсумен қамту бойынша 22 жоба жүзеге асырылады
Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. 2025 жылға қарай Тобыл-Торғай аймағындағы ауылдық елді мекендердің 95% сапалы ауызсумен қамтылуы тиіс. Бұл туралы Қостанай өңірінің әкімі Архимед Мұхамбетов облыс әкімдігінде өткен жиында айтты.
-
Алматыда 460-тан астам жаңа автобус жолға шығады
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда көлікті реформалау аясында жылжымалы құрамды жаңарту және қаланың бағыт жүйесін ұлғайту жалғасуда. Биылғы жылы тасымалдаушылар тағы 460-тан астам жаңа автобус алуды жоспарлауда.
-
Көкшетаулықтар «Рухани жаңғыру» аясындағы этноауылды тамашалады
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетауда «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына екі жыл толуына орай ашық аспан астында этноауыл жасақталып, көрме ұйымдастырылды.
-
Қазақстандық әскери журналистер халықаралық фотобайқауда үздік атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен жылы шекара әскерлерінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Шекара тарихы – менің отбасымның тарихы» атты халықаралық фотосуреттер байқауы жарияланған болатын. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
ОСК сайлауға сұраған 12 млрд теңгенің есебін берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы Қаржы министрлігінен кезектен тыс президент сайлауын өткізуге сұраған 12 млрд теңгені қалай жұмсайтындарын айтты. Бұл туралы ОСК мүшесі Сабила Мұстафина мәлімдеді.
-
Ташкентте Қазақстан мәдениетінің көрмесі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу құрметіне орай, ҚР Ұлттық музейі Өзбекстан Мемлекеттік өнер музейінде «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашты.
-
Тасмағамбетов сайлауға түсе ала ма? ОСК жауабы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы елшілер мен димломатиялық қызметкерлер сайлауға түсе ала ма деген сауалға жауап берді.
-
Тоқаев: Тек мұнай саласына сеніп өмір сүруге болмайды
Астана, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы жұмыс сапарының соңында Маңғыстау облысының жұртшылық өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Алдағы үш күнде ауа райы бұзылады
Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМҚ алдағы үш күнге арналған ауа райы божамын ұсынды.
-
iKomek 3 айда 500 мыңнан астам өтініш қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаңтар-наурызда бірыңғай байланыс орталығы жарты миллионнан астам өтініш қабылдады, оның 6 400-і жұмыс процесінде, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті.
-
Ресейлік «Мульт» телеарнасы елімізде мемлекеттік тілде көрсетіледі – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ресейлік «Мульт» телеарнасымен өзара келісімге қол жеткізді. Бұл туралы министрлік басшысы Дәурен Абаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
-
Джиу-джитсуден Әлем кубогына қатысқан 5 қазақстандық алтынға қол жеткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық 5 спортшы Тайланда джиу-джитсуден студенттер арасында өткен Әлем Кубогында 5 алтын жүлдеге қол жеткізді.
-
ОСК президент сайлауына кімнің түсе алмайтынын айтты
Нұр-сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне қойылатын талаптарды атады.
-
Ұлттық банкке несиелік мөлшерді төмендетуді тапсырамын – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасында жазылды.
-
Президент сайлауы: ОСК кандидат ұсына алатын жеті партияның біреуін таппай отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы 7 партия мен 5 республикалық қоғамдық бірлестік президеттікке кандидатура ұсынуы мүмкін екенін хабарлады.
-
Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды. Бұл қызметті Тараз қаласының экс-әкімі Ғалымжан Әбдірайымов атқарады, деп хабарлады Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Билбордтарды Елбасы бастаған жетістіктерді көрсетуге арнау керек – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасында жазылды.
-
Тоқаев: Дүниежүзіндегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру – біздің қасиетті парызымыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысының жұртшылық өкілдерімен кездесуі жалғасуда. Бұл туралы Ақорданың твиттер парақшасында хабарланды.
-
Кекілбаевтың мерейтойын ел болып атап өтеміз – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысының жұртшылық өкілдерімен кездесуі жалғасуда. Бұл туралы Ақорданың твиттер парақшасында хабарланды.
-
Президент Жаңаөзен қаласын дамыту бойынша тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысының жұртшылық өкілдерімен кездесуі жалғасып жатыр. Бұл туралы Ақорданың твиттер парақшасында жарияланды.
-
Қолдан жасалған арақ-шарап өнімдерінің жолы кесілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Тоқаев: Жемқорлық – батпандап кіретін, мысқалдап шығатын дерт
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысының жұртшылық өкілдерімен кездесуі басталды. Бұл туралы Ақорданың Twitter-дегі парақшасында жарияланды.
-
Қазақстандық дзюдошы өмірден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 сәуір күні 24 жастағы дзюдодан Қазақстан ұлттық командасының мүшесі Аэлита Щербакова өмірден өтті. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.
-
Терминкомда ондай сөздер бекітілмек тұрмақ, қаралған да емес
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов «Терминдердің БАҚ саласында орнығуының мәселелері» атты баяндамасында қазіргі кезде мәдениеттіліктен гөрі мазаққа көбірек ұқсайтын «терминдерге» тоқталды.
-
Шымкентте көпбалалы отбасыларға 3000 пәтер салынады
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте барлығы 2108 көпбалалы ана баспана кезегінде тұр. Оларды баспанамен қамтамасыз ету үшін 3000 пәтер салынады.
-
Қазақстан-Иран тараптары саяси консультациялар өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10-11 сәуір күндері Тегеранда Қазақстан мен Иран сыртқы саяси ведомстволары арасындағы бесжылдық ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді және Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Сейед Аббас Аракчи бастаған Қазақстан-Иран саяси консультациялары өтті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Прокуратура органдарында жаңа тағайындаулар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми сайты хабарлады.
-
Вице-министр Түркістан облысы бас дәрігерінің жұмысын жоғары бағалады
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» басқармасының төрағасы Айбатыр Жұмағұлов, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев облыстық клиникалық аурухананы аралап, ондағы жұмыс барысымен танысты.
-
Балаға жаттауды емес, ойлануды үйретеміз – Шәмшидинова
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда салынған 1672 мектептің 521 Оңтүстік өңірінде, яғни қазіргі Шымкент қаласы және Түркістан облысында ашылған. Енді тағы 190 мектеп салу жоспарланып отыр.
-
Қостанайда меценаттар сыйлығы табысталды
Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Мәдениет пен өнер, білім мен ғылым, журналистика саласында жемісті еңбегі үшін берілетін Қостанай меценаттар клубы сыйлығы кезекті мәрте салтанатты түрде тапсырылды. Аталмыш бастама Елбасы Жарлығымен бекітілген «Мәдениетті қолдау жылы» аясында 2000 жылы бастау алған.
-
Абдрахманов: «Оралман» ұғымына «қандас» балама бола алмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов, «Терминдердің БАҚ саласында орнығуының мәселелері» атты баяндамасында оралман сөзіне «қандастар» сөзі балама бола алмайтынын айтты.
-
ШҚО-да сот процестері толық электронды форматқа көшірілді
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сот жүйесін жаңғырту жөніндегі тапсырмасы Шығыс Қазақстан облысында сәтті іске асырылуда. Бұл жөнінде ШҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі Анар Қайсанова мәлімдеді.
-
Рухани жаңғыру. 2 жыл. Нені жаңғырттық?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін, 12 сәуір – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына тура 2 жыл болды.
-
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары жұма күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.
-
12 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, республиканың басым бөлігінің кей жерінде жаңбыр жауады. Кей жерінде тұман, желдің күшеюі, найзағай сақталады, оңтүстікте бұршақ жаууы ықтимал.
Наверх