Алматыда маусымда газбен жүретін 200 жаңа автобус жолға шығады

12 Сәуір 2019, 19:14
1962
Бөлісу:
Алматыда маусымда газбен жүретін 200 жаңа автобус жолға шығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда көлікті реформалау аясында жылжымалы составты жаңарту және қаланың бағыт жүйесін ұлғайту жалғасуда.

Маусым айында қала көшелеріне газбен жүретін төмен еденді 200 автобус шығатын болады. Барлығы биылғы жылы 460-тан астам жаңа автобус алу жоспарланған. Сыйымдылығы үлкен жаңа автобустар кондиционерлермен, пандустармен және видеобақылау камералары жүйелерімен қамтылған. Жаңа жылжымалы состав көлікті күту уақытын және бағыттардағы кептеліс сағаттарын қысқартуға ммүмкіндік береді.

Айта кетерлігі, қазірдің өзінде «Алматыэлектротранс»  ЖШС  орнатқан камералар арқылы жүргізушілер бақылауға алынған. Барлық тәртіп бұзушылық тәртіптік кеңесте қаралады. Ең бастысы, жолақысын қолма-қол  төлемінсіз, «Оңай» жүйесін енгізу арқылы қаланың автобус парктері 80%-ға жаңарды, көлеңкелі айналымдағы қаржы шығарылды.

Егер бұрындары автопарктер бюджет қаржысы есебінен жаңарса, ал қазір тасымалдаушылар өз қаржыларын инвестициялауға ммүкіндік беретін ашық  нарықтық мехнаизмді ұтымды қолдануда. Жыл басынан бері қарай №65, №60, №14 тығыз бағыттар бойынша 125 жаңа автобустар жүре бастады 
Жалпы, Алматыда көлік реформасы аясында екі жыл ішінде ғана қаланың автобус паркі 80%- дан астамға жаңарды, еліміздегі алғашқы BRT желісі жұмыс істей бастады, каршэринг қызметі енгізілді, метроның екі стансасының құрылысы жалғасуда және LRT қолға алынды. 

Бұлардан өзге,15 сәуірден бастап қалада 120-дан астам көшені орташа жөндеу басталады, қаланың 14 ықшам ауданындағы 456 көшеге жаңа жолдар салынады. Ең бастысы, жөндеу жұмыстары қоғамдық көліктің жүру кестесі мен бағыт қозғалысына кері әсерін  тиігзбейді. Кептелісті болдырмау үшін жолды  толық жабу тек түн мезгілінде ғана жүргізіледі.
Өзгелердің жаңалығы