12 сәуірге арналған ауа райы болжамы

12 Сәуір 2019, 08:15
1673
Бөлісу:
12 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, республиканың басым бөлігінің кей жерінде жаңбыр жауады. Кей жерінде тұман, желдің күшеюі, найзағай сақталады, оңтүстікте бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Қарағанды облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз  кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Маңғыстау, түнде және күндіз Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал

Өзгелердің жаңалығы