Қазақстандық әскери журналистер халықаралық фотобайқауда үздік атанды

12 Сәуір 2019, 14:10
2805
Бөлісу:
Қазақстандық әскери журналистер халықаралық фотобайқауда үздік атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен жылы шекара әскерлерінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Шекара тарихы – менің отбасымның тарихы» атты халықаралық фотосуреттер байқауы жарияланған болатын. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Байқаудың бастамашысы мен ұйымдастырушысы ТМД елдері шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі болды.

«Байқау - көркем фотосуреттер арқылы шекара күзетіндегі ұрпақтар сабақтастығын көрсету, аға ұрпақ қалыптастырып кеткен қаһармандық дәстүрлерді жалғастырушылар ретіндегі заманауи шекарашының шынайы бейнесін сомдау мақсатын көздеді. Бақтарын сынауға әркім құқылы болды және бұл байқауға қызмет етіп жүрген әскери қызметкерлер ғана емес, олардың отбасы мүшелері мен ардагерлер де атсалысты. Жақында Мәскеуден жағымды жаңалық келді. Байқаудың қорытындылары бойынша алғашқы екі орын біздің елге бұйырыпты» - дейді ұйымдастырушылар.

Қазақстандық әскери журналистер халықаралық фотобайқауда үздік атанды

1-орын сержант Сәбиев Асхат Абзалбекұлына, 2-орын сержант Анелханов Ахат Нұрланұлына беріліпті. Екеуі де мекемелік «Отан сақшысы» газетінің қызметкерлері.

«Бұл мекемелік басылым қызметкерлерінің алғашқы жүлдесі емес, шығармашылық ұжым бұрын да әртүрлі халықаралық фото және әдеби байқаулардың жүлделі орындарынан құр қалып көрген жоқ» - дейді жеңімпаздардың әріптестері.

«BOMKA» Халықаралық шекараларды басқаруға ықпалдастық Бағдарламасы өткізген фотобайқауда осы ұжымның фототілшілері тағы да бірінші және екінші орынды жеңіп алған еді. Тілшілер арасында ТМД елдері Қолбасшылар кеңесі өткізетін әдеби байқаудың лауреаттары бар.

Халықаралық шекаралық мекемелер басылымдары арасында өткізілген байқауда «Шекарашы» журналы бірінші орынды жеңіп алсы, «Отан Сақшысы» газеті жүлделі үшінші орынды иеленген болатын.

Өзгелердің жаңалығы